МҰРЫН ҚУЫСЫ


Slide 1

Тыныс алу жүйесі

Шералиева Тахмина

Бахытова Айнара

Хусайнова Зарина

Болат Нұрдаулет

Кульпейсова Айгул

Slide 2 Slide 3

Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Slide 4

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылымдық қалыптасуының жалпы принциптері.

Сыртқы тыныс алу жалпы функциясын жүзеге асыру кезінде қосатын үлесіне қарай 2 топқа бөлінеді: Тыныс жолдарына және респираторлық бөлімге.

Slide 5

Тыныс жолдарының қуысы

Ауада бөгде денелермен микроорганизмдердің болуына байланысты сыртқы орта болып табылады. Тыныс жолдары мұшелерінің қабырғасының құрылысы осы жағдайға сәйкес келеді. Ұзына бойы ол бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен және оның астында орналасқан борпылдық талшықты дәнекер тіннен тұратын меншікті табақшамен төселген. Кілегейлі қабықтың эпителийінің құрылымдық қалыптасуы- жасушаларының үздіксіз қабаты және жасушалық құрамы -оның барьерлік қорғаныш функциясын қамтамасыз етеді. Кілегейлі қабақтың борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұратын меншікті табақшасы, әсіресе мұрын жолдарында қан тамырлары мен өте жақсы жабдықталған.

Slide 6

Респираторлық бөлімі

Респираторлық бөлімі -респираторлық бронхиолдардан басталып, алвеолдық жолдарды алвеолдық қапшықтарды қамтиды. Оларда алвеолдар қуысын толтырған ауа мен капилярларда ағып жатқан қанның арасында өзіндік ғаз алмасу жүзеге асады.

Slide 7

Тыныс алу жолдары негізі 2 ге бөлінеді:

1) Жоғарғы тыныс жолдары- ( мұрын қуысы, мұрын жанындағы қойнаулар, евстахий түтігі, мұрынжұтқыншақ) жұтылған ауаны өткізуді, кондициялауды, оның газдық құрамы, температуралқ жіне механикалық тітіргенгіштерді рецепциялауды жүзеге асырады.

2) Төменгі тыныс жолдарына көмей, кеңірдек және дихотомиялық тармақталған бронхтар жүйесі -бронх ағашы жатады. Мұнда жұтылған ауаны кондициалау аяқталады, ауа легінің жылдамдығы мен көлемі реттеледі және иммундық жұйенің жергілікті құрылымдарының қатысуы мен организимді бөгде заттардан, денеден қорғау жүзеге асады.

Slide 8

Тыныс ағзаларының эмбриондық даму көзі

Тыныс ағзалары мына көздерден дамиды: 1) алдыңғы ішектің вентральды қабырғасының энтодермасынан -көмейдің, кеңірдектің, бронхтар мен өкпелердің эпителийі қалыптасады. 2) Энтодераны қоршаған мезинхимадан - тыныс мүшелерінің дәнекер тінді стромасы, тегіс бұлшықет және шеміршек тіндері пайда болады және

3) Спланхнотомнан плевраның мезотелийі қалыптасады.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Slide 12

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері порн болады. Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді: ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар. түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;

Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:

жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;

төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.

Slide 13

Мұрын қуысы қызметі

Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.

Slide 14

Мұрын қуысы

Әр бір мұрын қуысы кіреберістен және өзіндік мұрын қуысынан тұрады. Мұрын қуысының кіреберісі мұрын қанатының астында орналасқан . Кіре берістің қабырғасының сыртқы мұрын терісінің жалғасы болып табылады көп қабатты жалпақ мүйізделетін эпителиймен қапталған тері төсейді. Оның дәнекер тінді дермасын да қалшықты шаштардың түбірлері және май бездері орналасады.

Slide 15

Эпителий қабаты- бір қабатты және көп қабатты призма пішінді кірпікшелі эпителий ден құралған. Ол бес түрлі болады: 1) кірпікшелі 2) бокал тәрізді 3) микробүрлі 4) Базальды 5) Лангенранс антигенді жасушалар.

Slide 16

Кірпікшелі жасушалар- мұрын қуысы эпителийінің басым бөлігін құрайды. Апикальды полюсында ұзындығы 5-7 мкм, саны 250 ге дейін болатын қимылдағыш кірпікшелер бар.

Бокал тәрізді жасушалар- кілегейді (муцин) өндіретін бір жасушалы эндоэпителиальды бездер . Олар кірпікшелі жасушалардың арасында шашыраңқы орналасқан. Жасушаның ядросы базальды бөлігінде оның үстінде кілегейге толы секреторлы көпіршіктерді Экзоцитоз механизмімен бөлетін гольджти комплексі орналасады.

Кірпікшелі және бокал тәрізді жасушалар бірлесіп жұтылған ауаны жаң тозаңның түйіршіктерінен және микроағзалардан тазартатын мукоцилиарлы аппарат құрайды.

Slide 17

Микробүрлі жасушалардың апикальды полюсында қысқа микробүрлері бар, органелллалары орташа дамыған. Шамасы, олар кілегейдің құрамдастарын сіңіруге қабілетті.

Базальды жасушалар -табаны кең және апикальды полюсы енсіз болатын ұсақ дифферинцияланбаған жасушалар. Ядросы ірі органеллалар дамыған.

Мұрын қуысының кілегейлі қабығының меншікті табақшасы, құрамында Т- және В- лимфоциттері көп борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құрылған.

Меншікті табақшасы жұқа, бездердің шамалы ғана ұштық бөлімдері бар, астындағы сүйек қабығымен бітіскен.

Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22

Көмей қызметі

Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Slide 23 Slide 24 Slide 25 Slide 26

Кілегейлі қабығы 2 қабаттан:эпителийлі және меншікті табақшасына құрылған. Эпителийі негізінен бір қабатты көп қатарлы призмалық кірпікшелі мұрын өуысының кілегей қабығындағыдай жасушалардан тұрады. Меншікті табақшасында әр түрлі бағытты өтіп жатқан эластикалық талшықтар көп, лимфоидті түйіншіктердің жиынтығы ақуызды- кілегейлі бездердің ұштық бөлімі бар.

Slide 27

Көмейдің фиброзды - шеміршекті қабығы екі бөліктен: а) шеміршекті -гиалинді және эластикалық шеміршек тіндерінен құрылған және б) оларды біріктіретін фибриозды бөлігінен -тығыз талшық дәнекер ьіннен құрылған байламдардан тұрыды.

Адвентициялық қабық- құрамында көп деген коллаген талшықтары бар борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құрылған.

Slide 28 Slide 29 Slide 30

Кеңірдек және бронхылар қызметі

Бронхиола мен альвеола

Кеңірдек және бронхы ағашы


Ұқсас жұмыстар
Көз ұясының қабырғалары
Аңдардың тыныс алу жүйесі
Мұрын жанындағы қойнаулар
Кеңірдек бифуркциясы
Созылмалы гаймориттің симптомдары
Тыныс алу аппаратының және зәр бөлу мүшелерінің жүйесі
Тыныс алу - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі
Өкпе ішіндегі қан айналымы
Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы. ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері
ТЫНЫС АЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz