Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныпта Дүниетану сабағын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


Slide 1

1

бастауыш сынып білім негіздері

Жаңартылған мазмұндағы «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі пәні

7-дәріс

ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алматы, 2021

Slide 2

2

бастауыш сынып білім негіздері

Эльмира Уайдуллақызы

PhD доктор, аға оқытушы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық

университеті, «Бастауыш білім беру

бағдарламалары» кәсіби даярлау бөлімі

+7775 142 22 30

elmira. uaidullakyzy1988@gmail. com

Slide 3

3

бастауыш сынып білім негіздері

Негізгі мәселелер:

1. Оқу пəнінің нысаны;

2. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным;

3. Ортақ тақырыптар арқылы оқыту.

Slide 4

4

бастауыш сынып білім негіздері

Тақырыпқа ену сұрақтары:

Оқу пəнінің нысанын қалай түсінесіз? Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным қалай жүзеге асады? Ортақ тақырыптар арқылы оқыту үдерісі қалай жүргізіледі?

Slide 5

5

бастауыш сынып білім негіздері

Теориялық блок

«Дүниетану» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сəйкес «Адам жəне қоғам» білім беру саласының жоспарланған білім нəтижесіне қол жеткізуге бағытталып дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.

Дүниетану оқу пəні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пəндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат жəне қоғам, олардың өзара байланысы мен тəуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пəн.

Slide 6

6

бастауыш сынып білім негіздері

Оқу пəнінің нысаны

Оқу пəнінің нысаны - адам, табиғат жəне қоғам, оның ішінде отбасы, мəдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта жəне т. б.

«Дүниетану» пəнін оқыту:

оқушыларда өзіндік, қоғамдық жəне ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;

оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;

Қазақстанның жəне бүкіл əлемнің өткен жəне бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;

əлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін əсері туралы түсінуін тереңдетеді;

оқушылардың бойында өз халқының жəне өзге халықтардың мəдениеті, дəстүрін сыйлай білу, ұлттық жəне жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,

оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;

қоғамдық əдеп нормаларын ұстану қажеттілігін жəне əлеуметтік ортада қауіпсіздік тəртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;

.

Slide 7

7

бастауыш сынып білім негіздері

Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным

Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным - ол оқу əрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру жəне жүзеге асыру, нəтижелерге қол жеткізу жəне пайдаланудың тəсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу - ол тұлғаның өз əрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), жəне оларды өзінің əлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну жəне қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу жəне күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мəні қоғамда сəтті əрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады.

Slide 8

8

бастауыш сынып білім негіздері

Ортақ тақырыптар арқылы оқыту

«Дүниетану» оқу пəнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының «жақын аймағынан», яғни оның өз іс-əрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.

Ойын іс-əрекеттері арқылы оқыту. Оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу əдісі ретінде ойын іс-əрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Slide 9

9

бастауыш сынып білім негіздері

Тексеру блогы

Бақылау сұрақтары:

1. Оқу пəнінің нысаны ұғымын қалай түсінесіз?

2. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстанымға анықтама беріңіз.

3. Ортақ тақырыптар арқылы оқыту ұғымына сипаттама беріңіз.

Кәсіби-іскерлік блогы

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары:


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетану сабағын өткізу әдістемесі
Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, міндеттері және бағалау жүйесі
Жаңартылған білім мазмұны аясында ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгілік қағидалары
Бастауыш сыныптардағы дүниетану сабақтарының материалдық базасының мазмұны мен әдістемелік қамтамасыз етуі
Бастауыш сыныпта ағылшын тілін ерте жастан оқытудың ерекшеліктері мен әдістері
Жаңартылған білім мазмұны: спиральдік оқу, Блум таксономиясы, оқу жоспарлары және қазақ тілін оқытудың функционалдық-коммуникативтік тәсілі
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен етістікті оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетанудан дидактикалық материалдарды қолданудың әдістемелік негіздері
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында сабақ жоспарлау, бағалау және саралау
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытуға арналған фасилитациялық сессияның әдістемелік нұсқаулығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz