Жүйке талшықтарының физиологиясы



«Бұлшық ет және жүйке физиологиясы»
Презентация
Орындаған: Аманқұл Е.
Тобы: АП-13-8к3
Қабылдаған: Балтаходжаев Т.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Қозғыш ұлпалардың жалпы физиологиясы
2. 2. Ұлпалардың биоэлектрлік құбылысы
2. 3. Потенциал түрлері
2. 4. Қозуды өткізу
2. 5. Введенскийдің парабиоз туралы ілімі
2. 6. Ет талшықтарының құрылымы
2. 7. Ет талшықтарының физиологиялық қасиеттері
2. 8. Жүйке талшықтарының құрылысы, физиологиясы
2. 9. Синапстар, түрлері, физиологиялық қасиеттері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат, тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.
Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым. Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну, оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты. Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы) - Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А. Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ. ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М. Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті.

Қозғыш ұлпалардың жалпы физиологиясы
Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде - физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу, болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді,
Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т. с. с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.
Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физика-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биохимиялық реакция.
Тежелу - тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен сипатталатын ерекше биологиялық күй. Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тиылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы, лабилъділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.

Тірі құрылым қасиеттері
Кез келген тірі құрылымға тітіркенгіштік, қозғыштық, функционалды жылжымалық (лабильділік) қасиеттері тән.
Тітіркенгіштік деп тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіндік сипаты жоқ жалпылама реакциялармен - зат және энергия алмасу үрдісінің өзгеруімен - беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға шектелген сипат тән болады, олар тірі құрылымның белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа учаскелеріне таралмайды. Тітіркенгіштік: - жануарлар жасушаларына да, өсімдіктер жасушаларына да ортақ қасиет. Оның әсерімен жасушалары мен ұлпалардың өсу және көбею үрдістері атқарылады, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына баяу морфологиялық бейімделуі жүреді.
Қозғыштык, деп тірі құрылымдардың - ет және нерв ұлпаларының тітіркендіруге таралатын әрекет потенциалымен - тітіркеніспен (импульспен), арнаулы өзіндік реакциялармен жауап беруін айтады. Қозғыштық тек жануарлар ұлпасына ғана тән қасиет. Бұл қасиет ерекше белсенді күй - қозу үрдісінің туындауына себепші болады.
Қозу үрдісі шектеулі немесе таралмайтын және таралатын бо-лып бөлінеді. Шектелген қозу түрін Н. Е. Введенский ашқан. Қозудың бұл түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болған жағдайда туындайды. Мүндай кезде ұлпаның қозған учаскесінде әлсіз теріс электр заряды пайда болады да, ол жан-жағына декрементті түрде (өше) жайылады. Сондықтан, бұл потенциал ұлпа бойымен таралмай, бірнеше милиметрден соң өшіп қалады. Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары болған жағдайда әрекет тогы пайда болып, қозу толқыны декрементсіз (өшпей) ұлпа бойымен жеке тітіркеніс түрінде таралады.

Ұлпалардың биоэлектрлік құбылысы
Биоэлектрлік құбылыс. Тірі жасушалардың барлығының биоэлектрлік белсенділігі болады, яғни тірі жасушалардың сыртқы жарғақшасында электр заряды бар. Бұл цитоплазмадағы және қоршаған ортадағы оң және теріс иондардың біркелкі таралмауынан іске асады. Соның нәтижесінде кез келген тірі жасуша тыныштық жағдайда сырттай - оң, ішкі жағында (цитоплазмада) теріс зарядталады. Бұл заряд тыныштық әлеуеті немесе жарғақшалық әлеует деп аталады және 60-70 милливольт (мВ) шамада болады.
Сендер бұған дейін тітіркенгіштік, нақтырақ айтқанда қозғыштық ұғымын кездестірдіңдер. Қозғыштық дегеніміз - бұл тірі жүйенің тітіркендіргіш әрекетті қабылдап, оған қозу (өз жағдайын өзгерту) арқылы жауап қайтаруы. Қозу дегеніміз - тітіркенуге орайлы әрекет жасауы - тыныштық жағдайдан іс-әрекет жағдайына өтуі. Ағзамыздағы жасушалардың барлығы бірдей өз жарғақшаларындағы заряд-тардың өзгеруіне еткен әсерге жауап қайтара бермейді. Жарғақшаларында заряд өзгерісі пайда болған жасушалар қозгыш жасушалар деп аталады. Жүйке, бұлшықет жөне безді эпителий қозғыш ұлпаларға жата-ды. Бұл жасушаларда қоздырғыш өсер еткен кезде жарғақша заряды өзгереді. Оның үстіңгі бетінде 90-120 мВ электр тогы пайда болады. Ол әрекет әлеуеті деп аталады. Бұлшықеттердегі жөне эпителий жасушаларындағы «қозу толқыны» таралып, көршілес үлескілердегі жарғақшаларға беріледі. Жүйке жасушалары қозуды бір жасушадан екіншісіне тоғысу (синапс) арқылы бере алады.

Потенциал түрлері
Потенциометрия - теңгерілген электродты потенциал мен электрохимиялық реакцияға қатысушы қоспалардың термодинамикалық активтілігі арасындағы тәуелділікті анықтауға негізделген электрохимиялық зерттеудің тәсілі.
Потенциометрлік әдіс қайтымды немесе қайтымсыз гальваникалық элеменггердегі электродта пайда болатын электр потенциалдарының айырымын өлшеуге негізделген. Мұны ерітіндідегі заттың мөлшері мен физикалық-химиялық сипаттамасын анықтау үшін қолданады.
Бұл әдісте қолданылатын гальваникалық элемент индикаторлық, салыстырмалық деп аталатын екі электродтан тұрады. Бұларды тасымалсыз элемент болатындай бір ерітіндіге немесе аралары сұйық қосқыш арқылы жалғасқан тасымалды тізбек құратын әр түрлі ерітіндіге енгізуте болады. Индикаторлық электродтың потенциалы ерітіндідегі анықталатын иондардың активтігіне, яғни концентрациясына тәуелді. Ал оның мәнін өзге иондарға тәуелсіз тұрақты потенциалы бар салыстырмалы, яғни қалыпты электрод көмегімен анықтайды. Талдауда қолданатын потенциометрлік әдістің басты артықшылығы - оның аса дәлдігі, сенімділігі, сезімталдығы, оңай қайталампаздығы, сұйытылған, боялған әрі лайлы ерітінділерге қолдану мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл әдіспен алдын ала жеке бөліп алмай-ақ, екі не одан да көп заттан тұратын құрамдас бөліктерді де анықтай береді. Бұл оның талдау мүмкіндігінің шеңберін кеңейте түседі. Мұндағы титрлеуді сулы, сусыз не аралас ортада да жүргізуге болады, яғни суда бөлініп, жеке титрлене бермейтін бірнеше құрамдас бөліктері бар қоспалардың құрамын анықтайды. Мұнымен қатар суда ерімейтін немесе суда ыдырайтын біраз өнімдерді де талдауға болады. Бұл әдістің тағы да бір артықшылығы сигналдарды, сенсорларды пайдаланып, титрлеу ісін автоматты жүргізуге, тіпті едәуір қашықтықтан (не көрші бөлмеден де) басқаруға болады.

Жүйке бойымен қозудың екі жақты өту
Жүйке-бұлшықет препаратын даярлайды. Сан бұлшықеттерін ашып, шонданай жүйкесін табады. Шыны ілмекпен шонданай жүйкесін абайлап, жамбастан ажыратады, шамамен 1 см арақашықтықта. Жүйкені ажыратқан соң жамбас сүйегін және бұлшықетін қайшымен кесіп тастайды. Сондықтан тізе мен балтыр ьір-бірімен тек қана шонданай жүйкемен байланысып тұрады. Дайын шыны тақтайға қойып, жүйкені электростимулятормен жалғасқан электродтар үстіне салады. Жүйкені тітіркендіріп, сан мен сирақ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылайды.

Введенскийдің парабиоз туралы ілімі
Парабиоз (гр. para - маңында, төңірегінде, bios - өмір) - 1) екі немесе бірнеше организмнің қан, лимфа тамырларындағы, организмдегі сұйық заттарды жасанды іркілдету арқылы оларда жалпы қан айналымын қалыптастыру тәсілі;
2) Тірі организмнің тітіркендіргіш әсеріне (тітіркенудің күші мен ұзақтығына қарай) қайтаратын сатылы жауаптың әлсіреуі. Парабиоз кезінде организмнің негізгі қасиеттері - қозғыштық, өткізгіштік жалпы қозу процесі қайтымды өзгеріске ұшырайды. Парабиоз ұғымы мен теориясын Н. Е. Введенский (1901 ж. ) ашты. Парабиоз туралы ілім организмдегі қозу, тежелу процестерінің генетикалық бірлігін, қозғыштық пен өткізу арасындағы байланысты анықтады.

Ет талшықтарының құрылымы
Бұлшықет талшығы (myofibra; грек, mys - бұлшық ет және fibra - талшық) - бұлшықеттің паренхимасын құрайтын көпядролы бейжасушалық құрылым - симпласт. Бұлшықет талшығы - сыртынан қабықшамен (сарколеммамен) қапталған. Оның саркоплазмасының (цитоплазма) шеткі жағында, сарколеммаға жақын орналасқан ұзынша келген көптеген ядролар болады. Бұлшықет талшығы саркоплазмасында адам мен барлық жануарлар жасушаларына тән органеллалармен қатар, жиырылу қызметін атқаратын арнайы органеллалар - миофибриллалар (протеин миожіпшелері) болады. Олар бұлшықет талшығы цитоплазмасының орта түсында орналасады. Миофибриллалар кезегімен орналасқан актин (жіңішке протеин жігішесі) және миозин (жуан протеин жіпшесі) миофиламенттерінен құралған. Актин миофиламенттері кезегімен орналасқан ақшыл түсті (изотропты), миозин күңгірт түсті (анизотропты) дискілер түзетіндіктен, бұлшықет талшығында көлденең жолақтар байқалады. Бұлшықет талшығының ұзын дығы қаңқа бұлшық еттерінің ұзын дығына сәйкес: бірнеше мм-ден ондаган см-ге дейін, ал оның диаметрі 10 мкм-ден 80 мкм-ге дейін жетуі мүмкін. Бұлшықет талшықтары эмбриондық даму кезінде ортаңғы ұрықтық жапырақша - мезодерманың миотомы миобласттарынан дамиды.

Бұлшық ет талшығы

Ет талшықтарының физиологиялық қасиеттері
Ет талшықтарына қозғыш ұлпалар қасиеттерінің барлығы тән. Дегенмен, қаңқа еггерінің қозғыштығы нерв талшықтарымен салыстырғанда төмен келеді. Оньң себебі ет талшықтарында тыныштық потенциалы нерв талшықтарымен салыстырғанда едәуір жоғары (тиісішпе -90 мВ және 70 мВ) . Демек, әрекет потенциалы туындау үшін ет талшықтары нервпен салыстырғанда көп деңгейге үйексіздену керек.
Ет талшықтары қозу толқынын даралап, қатар жатқан талшыққа өткізбей және тітіркенген жерден қос (қарама-қарсы) бағытқа таратады. Қозудың таралу жылдамдығы ақ ет талшықтарында секундына 12-15 м, қызыл ет талшықтарында - 3-4 м.
Эволюциялық даму барысында ет талшықтарының өзіне ғана тән қасиеттер де пайда болған. Қаңқа еттері серпімді құрылым. Бұл оның құрамында белсенді және енжар жиырылғыш құрамалардың (компоненттердің) болуына байланысты қалыптасқан қасиет. Осы құрамалар қызметіне байланысты ет талшықтарында созылғыштық, оралымдық, икемділік қасиеттері де пайда болған.
Созылгыштық; деп әр түрлі әсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруын айтады. Қызыл ет талшықтары ақ талшықтармен салыстырғанда созылғыш келеді. Талшықтары қатарласа (параллель) орналасқан еттер таранды (талщықтары көлбей орналасқан) еттермен салыстырғанда көбірек созылады.
ДененІң кеңістіктегі кейпін сақтауды қамтамасыз ететін қызыл ет талшықтарының икемділігі ақ талшықтардан жоғары болады. Ет талшықтары тонус жағдайында болады. Тонус деп бұлшық ет талшықтарының қуатгы аз шығындай отырып, тұрақты ширығу жағдайында, кернеулі күйде болуын айтады. Бұлшық еттің енжар (пассивті) тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді (активті) тонусын баяу нейрофункционалдық бірлестіктің үйлесімсіз (асинхронды) әрекеті қамтамасыз етеді.
Ет талшықтарының негізгі қасиеттерінің бірі - жиырылғыштық. Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендіргіш әсерімен өзінің ұзындығы мен ширығу деңгейін өзгертетін қасиетін айтады.


Жүйке талшықтарының құрылымы
Жүйке талшығы (гр. neurofibra neuron - жүйке және fibra - талшық) - жүйкелік глия (нейроглия) жасушаларыме(олигодендроглия жасушаларымен) қапталған нейроциттің біліктік (ось) цилиндрлі (нейроцит өсіндісі) .
Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз (үлпексіз) және миелинді (үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.
Миелинсіз жүйке талшығы - вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше біліктік цилиндр болады. Олар сыртынан леммоциттермен ғана қапталған.
Миелинді жүйке талшығы негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі біліктік цилиндр сыртынан екі қабықпен қапталады. ішкі қалың миелінді қабығын сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке талшықтары: қызметіне байланысты сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын сезім мүшелерінен жүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын - афферентті (орталыққа тепкіш), ал жүйке толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге, бездерге) өткізетін жүйке талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды.

Жүйке талшықтарының физиологиясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz