Әкімшілік құқықтың қайнар көздері



Әкімшілік құқық түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна

СҰРАҚТАР
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
Әкімшілік құқық түсінігі, пәні
Әкімшілік құқықтың әдістері мен жүйесі
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері

1. Әкімшілік құқық түсінігі, пәні
Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:
1) Мемлекеттік әкімішіліктің тиімді қызметіне жағдай жасау;
2) Азаматтардың, мемлекеттің, қоғамның қауіпсізідігн қамтамасыз ету;
3) Жүзеге асырылуы атқарушы билікпен байланысты азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;
4) Экономиканы дамытуға жағдай жасау;
5) Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
6) Азаматтарды және қоғамды мемлекеттік әкімшіліктің өзіндік билігінен, немқұрайдылықтан және билікті заңсыз пайдалануынан сақтауды қамтамасыз ету.

1. Әкімшілік құқық түсінігі, пәні
ҚР-ның әкімшілік құқығының пәні болып мемлекеттік әкімшіліктің қалыптасу және қызмет ету процесінде және әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын, басқа да әкімшілік әсер ету шараларын қолдану, азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарау барысында пайда болатын билік қатынастары табылады.
Әкімшілік құқық пәнін басты құрамдас бөлігі, оның негізі болып мемлекеттік әкімшіліктің азаматтар және ұйымдармен қатынастарының жүйесі табылады. Әкімшілік құқықтың басты міндеті болып азаматтардың құқықтары мен міндеттерін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету табылады.
Теорияда әкімшілік құқықтың пәнін шартты түрде екі топқа бөліп қарастырады:
1) ішкі аппараттық қатынастар - мұнда сәйкес құқықтық нормалар атқарушы билік органдарының жүйесін, оларға бағынысты мекемелерді, олардағы қызметті ұйымдастыруды және жұмыстардың нысандары мен әдістерін бекітеді;
2) әкімшілік биліктің кәсіпорындармен, мекемелермен, кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдармен, азаматтармен қарым-қатынастары.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік - биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын.

2. Әкімшілік құқықтың әдістері мен жүйесі
Реттеші функциясын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұл мақсатта басқару қоғамдық қатынастарға, яғни, оларда катысушы тұлғалардың мінез-құлқына реттеуші ықпал етудің белгілі құқықтық құралдары мен тәссілдердің жиынтығын пайдаланады. Осыған сүйене, оларды қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің ӘДІСТЕРІ дейміз.
Әкімшілік құқықта қолданылатын құқықтық реттеу әдісі құқықтық әсер етудің негізгі тәсілдерімен қатар бірқатар ерекшеліктерге ие:
а) міндеттеу - құқытық нормада қарастырылған жағдайға сәйкес белсенді түрде белгілі бір әрекетті орындауға тікелей заңды міндетті жүктеу;
ә) тыйым салу - құқықтық нормада көзделген жағдайларға сәйкес белгілі бір әрекеттерді жасамауға тікелей заңды міндетті жүктеу;
б) рұқсат беру - құқықтық нормамен көзделген белгілі бір әрекеттерді субъектінің қалауына қарай орындауға немесе орындамауға заңды түрде рұқсат ету.
Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі - бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады) ;
2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

2. Әкімшілік құқықтың әдістері мен жүйесі
Әкімшілік құқықтың жүйесі - бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми - ұйымдастырылған жиынтығы - біртұтас нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың жалпы және ерекше бөлімдері ажыратылады:
ЖАЛПЫ БӨЛІМ:
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ:
әкімшілік құқығына кіріспе,
әкімшілік-құқықтық нормалары мен қатынастары,
әкімшілік құқықтың субъектілері,
атқару билік органдары,
мемлекеттік қызмет,
басқарудың нысандары мен әдістері, т. б. Жатады,
Бұнымен бірдей, осы құқықтық саланың мәні мен орны, атқару билік органдарының статусы анықталады, Қ Р -сының заңдарын орындауды ұйымдастыру, әкімшілік процес пен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданудың шарттары, әкімшілік іс-әрекет тегі заңдылық белгіленеді.
әкімшілік құқық инстуттары мен мемлекеттік өмірдің жекелеген өрістеріндегі (мемелекеттік меншікпен, ағартумен, тағы басқалармен басқарудағы) институттарды бірлестірүші нормалар оқытылады
әкімшілік құқықтың негізгі институттары (белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын құқық нормаларының жиынтығы) оқытылады
әкімшілік құқығына кіріспе,
әкімшілік-құқықтық нормалары мен қатынастары,
әкімшілік құқықтың субъектілері,
атқару билік органдары,
мемлекеттік қызмет,
басқарудың нысандары мен әдістері, т. б. Жатады,
Бұнымен бірдей, осы құқықтық саланың мәні мен орны, атқару билік органдарының статусы анықталады, Қ Р -сының заңдарын орындауды ұйымдастыру, әкімшілік процес пен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданудың шарттары, әкімшілік іс-әрекет тегі заңдылық белгіленеді.

3. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.
Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:
1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез - құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.
2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.
Қайнар көздерінің алуан түрлі болуы осы құқық саласының ең басты ерекшелігі болып табылады. Ол әкімшілік құқық пәнінің кең болуының бірден-бір дәлелі.
Барлық құқық салаларындағыдай мұнда да негізгі және басты қайнар көз ретінде - ҚР Конституциясы табылады.
Құқықтың қайнар көздері қай орган немесе лауазымды тұлға шығарғанына және заңды күшінің деңгейіне қарай мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады. Олар мынадай тәртіпте көрініс табады:
1) Референдумда және заң шығарушы органда қабылданған актілер (Конституция, Конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар) ;
2) ҚР-ның Президенті қабылдаған актілер (жарлықтар, өкім) ;
3) ҚР-ның Үкіметі кабылдаған актілер (қаулы, өкім) ;
4) Орталық атқарушы органдар қабылдаған актілер (ереже, бұйрық, шешім, нұсқаулық, қаулы) ;
5) Жергілікті атқарушы және өкілді органдар қабылдаған актілер (ереже, бұйрық, шешім, нұсқаулық, қаулы) .

3. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
ҚР Конституциясы
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

ЕРЕКШЕ БӨЛIК
10-тарау. Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
11-тарау. Сайлау құқықтарына (республикалық референдумға қатысу құқығына) қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
13-тарау. Меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ оңалту, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
17-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
18-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр және атом энергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
19-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
20-тарау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz