Жалпақ құрттардың жіктелуі
Презентация қосу
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
«Ғылым және технология» факультеті
Жалпақ құрттар
Орындаған: Жұбанова А. Ж.
Қабылдаған: Кенжебекова Д.Т.
Ақтау 2023
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жалпақ құрттардың жіктелуі
2. Ас қорыту жүйесі
3. Жүйке жүйесі
4. Жыныс жүйесі
ІІІ. Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер.
Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Дене тұрқы шұбалаңқы
келеді. Эктодерма мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты – аралық
қабат мезодерма орналасады. Зоология ғылымының паразит құрттарды
зерттейтін саласы гельминтология деп аталады.
Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі
сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша
симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына
қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден
18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың еркін
қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті
эпителий мен қапталған, ал паразитті түрлері
ядросыз қалың қабат – тегументпен жабылған.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-
бұлшиқ ет қапшиғының болуы. Ол эпителий
мен оның астында орналасқан бұлшиқ ет
талшиқтарының бірігуінен түзілген. Бұл
талшиқтар бірнеше қабат (сақина тәрізді,
ұзына бой на, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар
осы бұлшық ет талшықтарының
жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда
дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер
арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады.
Түрлері: Жалпақ құрттар 5 класқа жіктеледі:
кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар,
моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар,
цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері –
нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер
кірпікшелі құрттардың 3 отрядын:
темноцефалиданы (Themnoceрhalіda),
удонеллидтерді (Udonellіda) және
ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс Жалпақ құрттардың сан
ретінде қарастырады. алуандығы: 1 – цепень; 2 –
бауырсорғыш; 3 – сұлама
Сұламаның денесінің көлденең кесіндісі
1 – жыныс жасушалары; 2 – мезодерма; 3 – энтодерма; 4 – эктодерма; 5 – ішек
қуысы; 6 – сақиналы бұлшықеттер; 7 – қиғаш бұлшықеттер; 8 – зәршығару жүйесі;
9 – жүйкелік созынды
Асқорыту жүйесі. Жалпақ құрттардың ас қопыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы
денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды
жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан.
Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері
мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхима да қорытады.
Жүйке жүйесі мен қан айналымы Жүике жүйесі бас жүике түйінінен
басталып, денесінің құрсақ жағына жүретін жүике бағаналарынан (өзара
сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және
тыныс алу жүйелері дамымаған.
Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс
жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге
дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды. Мысалы, ақ
сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен
көбейеді. Бауырсорғыштың дернәсілдері жұмыртқадан әр түрлі пішінде шығып,
негізгі және аралық иелерде дамиды. Паразит жалпақ құрттардың жыныстық
ұрпақтары – негізгі иеде, ал дернәсілдік ұрпақтары аралық иеде мекендейді. Таспа
құрттар өкілі – сиыр таспақұртының негізгі иесі – сиыр. Оның денесінде
жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл;
екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар
кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі иесі – адам денесінде өмір
сүреді. Жалпақ құрттар – суда, топырақта, ағзалар денесінің сыртында және
ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жануарлар. Бұлардың еркін тіршілік
ететін түрлері ұсақ шаяншалар, құрттар және судағы жануарлардың
қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар,
жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық
шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге таспақұрттардың
барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Омыртқасыздар зоологиясы:оқулық\К.Дәуітбаева.-Алматы,1-кітап.-2004.-
376 бет
2. Омыртқасыздар зоологиясы:оқулық\К.Дәуітбаева.-Алматы,2-кітап.-2005.-
416 бет
3. Догель, В.А.Зоология беспозвоночных/В.А.Догель-М: Высш.шк., 1981-606с
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz