Сапа анықтамалары


Slide 1

Білім берудегі менеджмент

Педагогика кафедрасы

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Орындаған: ДБОЖ-23-01 тобының студенті Абдрахметова А. А.

Қабылдаған: Тобағабылова Ы. А.

Slide 2

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Дәріс 1: Педагогикалық менеджменттің білім беру жүйесіндегі элементтерінің негізгі сипаттамасы және мәні.

Дәріс жоспары:

1. Менеджмент туралы жалпы түсінік

2. Білім берудегі менеджмент - ғылым ретінде.

3. Білім үдерісіндегі мониторинг.

Slide 3

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Менеджмент туралы жалпы түсінік

Ағылшынша «management» - өндірісті басқару;

Гректің «манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді, яғни қол не күш арқылы басқару

Анықтамалары:

Менеджмент ынтымақтаса қызмет атқаратын адамдар тобы өздерінің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жетуге бағыттайтын үдеріс ретінде;

Менеджмент қарым-қатынас тәсілі, сонымен қатар, әкімшілік қарым-қатынас дағдылары ретінде;

Менеджмент айрықша басқару түрі ретінде;

Менеджмент - қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.

Slide 4

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Менеджмент туралы жалпы түсінік

Менеджмент мынадай факторлардың жиынтығын білдіреді:

Жоспарлау және мақсаттарды қою;

ұйымдастыру, үйлестіру;

уәждеу және ынталандыру;

бақылау

шешім қабылдау

ақпарат және коммуникациялар

Менеджер (ағылшынша manager - басқарушы) - жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман.

Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.

Slide 5

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Менеджмент туралы жалпы түсінік

Басқару - адамдардың өзара келісілген іс-әрекеттеріне негізделген белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін атқарылатын қымет

Басқарудың негізгі принциптері:

Жүйелілік принципі

Ғылымилық принципі

Әлеуметке негізделген принцип

Адамгершілік принципі

Икемділік принципі

Оңтайлылық (оптимальность) принципі

Менеджмент

Ұйым

Басқару

Басқарушы қызметінің бағыты

құқықтық

басқа да арнайы

қаржылық

техникалық

кадрлық

Slide 6

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

2 Білім берудегі менеджмент - ғылым ретінде.

Ғылыми менеджменттің негізін салушы болып белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 - 1915) есептеледі.

Экономикалық ғылым аясында дүниеге келген (Ф. Тейлор, Г. Черч, А. Файоль, Г. Эмерсон, Г. Форд, Х. П. Циммерман) менеджмент жедел дамып, сан алуан аспектілері бар пәнаралық теорияға айналды.

Бұл ғылыми-практикалық бағыт психологияда белсенді қарастырылуда (Э. Мэйо, Д. Рена, Г. С. Никифоров, Ю. Н. Сливкин және т. б. ) .

және педагогикалық (Т. М. Баймолдаев, В. Д. Белиловский, К. П. Вазина, Ю. А. Конаржевский, Н. В. Кухарев, Н. А. Лебедева, Ю. Н. Петров, А. А. Семченко және т. б. ) зерттелуде.

1911 ж. «Ғылыми басқару қағидалары»

Slide 7

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Педагогикалық менеджмент

Педагогикалық менеджмент - білім беру процесін басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін, принциптердің, әдістердің, ұйымдастырушылық нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені (Петрова Л. И. )

В. П. Симонов «Педагогический менеджмент: «50 ноухау в управлении педагогическими системами») деген оқулығында педагогикалық менеджментті оқу-тәрбиелеу және оқу танымдық үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды.

Slide 8

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

3. Білім үдерісіндегі мониторинг

1) Білім сапасы ұғымы .

Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы - квалиметрияның пайда болуына əкелді, оның басында Н. А. Селезнева, А. И. Субетто, Ю. Г. Татур сияқты ғалымдар тұрды.

Гегель, «сапа, бірінші кезекте, болмыспен бірдей белгілілік. . . Бір нəрсе өз сапасының арқасында бар болады жəне сапасын жоғалтқанда, өзі де жоқ болады» деп көрсеткен. . .

Сапаның маңыздылығын осы проблеманы қарастырған көптеген авторлар да мойындайды. Олардың қатарына Ю. П. Адлер, В. И. Байденко, Г. З. Байжасарова, М. Ж. Жадрина, А. А. Жайтапова, И. А. Зимняя, Ш. М. Каланова, В және т. б.

Slide 9

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Сапа анықтамалары:

Білім сапасы - заманауи кезеңде экономика талаптарына сəйкес маманның кəсіби қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын кəсіби сана сипаттамаларының кешені .

Білім сапасы - мақсат пен нəтиженің арақатынасы, мақсаттар (нəтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне жəне оқушының əлеуетті даму аймағында болжанғанына қарай мақсаттарға жету шарасы.

Білім сапасы - қоғамда білім үдерісінің жағдайын жəне нəтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның азаматтық, тұрмыстық жəне кəсіби сапаларын) сəйкес келуін анықтайтын əлеуметтік санат .

Slide 10

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясына сəйкес мынаны көздейді:

- білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің талаптарына жəне білім беру стандарттарына сəйкес келуі (мемлекет, бизнес, тұлға) ;

- мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің жəне басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары қанағаттануы;

- білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз жұмысымен қанағаттануы;

- қоғамға оң ықпал ету, жалпы мəдениетін жəне оның мүшелерінің біліктілігін арттыруы

Slide 11

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Мектеп білім беру сапасымен не істей алады?»

Мектеп бітіруші білім беру үдерісінен «шығарда» алатын дайындық сапасын (қасиеттерін) дұрыс болжауды, жобалауды, моделдеуді үйрену керек, яғни болашақтағы талап етілетін білім сапасын анықтауды.

Білім сапасының талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, қолдау, одан керек емес ауытқуларды уақытында жөндеу.

Білім сапасын сыртқы тапсырыс берушілердің өсіп жатқан талаптарына сəйкес арттыру. Білім сапасының артуы тек білім дамуы (яғни, инновациялық үдеріс арқылы) арқылы мүмкін.

Білімнің нақты сапасын, оның талап етілетінге, стандарттарға сəйкес келуін анықтау жəне бағалау.

Slide 12

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

2) Білім стандарты ұғымы

Сапаның талап етілетін ұғымы жəне оның сипаттамалары нормативтік құжаттарда көрсетілген.

Стандарттар осындай құжаттардың бір түрі болып табылады. Стандарттардың барлық саладағы негізгі қызметі - қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгіленген сападағы жəне қасиеттердегі адамдардың өнім өндіруге бағытталған қарым-қатынастары мен қызметін ұйымдастыру жəне реттеу.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 56-бабында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында «1. Қазақстан Республикасында əрбір білім деңгейі бойынша:

білімнің мазмұнына;

білім алушылар мен тəрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.

Slide 13

«

Білім беру кеңістігінде стандарт келесі қызметтер атқарады:

- азаматтардың толыққанды білім алуға деген құқықтарын қамтамасыз ету;

- мемлекеттің білім беру кеңістігінің біртұтастығын сақтау. Стандарт ол білім беру жүйесі мен оқыту мекемелері типтерінің алуан түрлігінде білім жүйесін тұрақтау механизмі болып табылады;

- білім беруді адамгершілікке баулу;

- білім беру сапасын арттыру;

- межелік-бағалық;

- білім беруді басқару.

Slide 14

«

Стандарт бізге не береді?

1. Стандарттар нені оқытпау керек, балаға нені білу керектігіне назар аударады, яғни оқытудың (сабақ берудің) мазмұны білімді өзі меңгерген мазмұнына айналады.

2. Баланың өз меңгеруі тек оның дербес оқуы барысында ғана мүмкін болатындықтан, стандарт білімге деген талаптардың өзін қызметтік бағдарда құрастырады, яғни білім беруге тұлғалық-қызметтік сипат береді.

3. Оқыту барысында қол жеткізетін нəтижелерге назар аудара отырып, стандарт мектепке, мұғалімге, оқушыға оларға жету жолында өз жолын, құралы мен тəсілдерін таңдауға мүмкіндік қалдырады.

4. Ақырында, білім нəтижелерін шынайы өлшейтін жүйе енгізеді (біреудің субъективтік шешімінен тəуелсіз), яғни стандарт бала үшін де, мұғалім үшін де жəне мектеп үшін де, əртүрлі инспекторлар мен білім үдерісін бақылаушылардың жөнсіздіктерінен қорғау механизмі ретінде қызмет етеді»

Slide 15

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Білім үдерісіндегі мониторинг.

Мониторинг - білім беру мақсаттарының, міндеттерінің жəне оларды шешудің құралдарын оңтайлы таңдау мақсаттарында педагогикалық үдерістердің жағдайына, дамуына үздіксіз ғылыми негізделген, диагностикалық-болжанған қадағалау үдерісі

Slide 16

А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай жəне ішкі бағалау əдістері арқылы өткізіледі.

Білім беру сапасын сырттай бағалау білім беру ұйымдарын лицензиялаудың, мемлекеттік аттестаттаудың, білім беру ұйымдарын аккредиттеудің рəсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі жəне түрдегі білім беру ұйымдарын саралау мен техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рəсімдерін қамтиды.


Ұқсас жұмыстар
Жоғары білім беру жүйесіндегі психология
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесі НАНДЫ, НАН-ТОҚАШ, МАКАРОН ӨНІМДЕРІН, АШЫТҚЫНЫ СЕРТИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Мектеп құжаттары
Биліктің легитимділігі
Еркін материялдық нүктенің динамикасы
БИЛІК ТУРАЛЫ
Философия - барлық нәрсе туралы білім
Басқарудағы іскерлік қарым қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
БИЛІКТІҢ СУБЪЕКТІСІ БИЛІКТІҢ ОБЪЕКТІСІ
Араб мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz