Қабырғалар мен қаңңа бөлшектері




Презентация қосу
•Дәріс тақырыбы:Қабырғалар мен
АҒАрх қаңқа бөлшектері

Қарастырылатын мәселелер:
• Қабырғалардың жіктелуі, оларга қойылатын талаптар.
• Қабырғалардың сәулетті-құрылымдық бөлшектері,
деформациялық жіктер.
• Кірпіш қабырғалар, олардың түрлері, байластыру
Дәріс- жуйелері.
5 • Кіші блоктардан және табиғи тастардан жасалған
қабырғалар
Қабырғалар мен қаңңа бөлшектері
Қабыргалардың жіктелуі, оларга қойылатын талаптар
Қабырғалар ғимараттың негізгі бөлшектері болып табылады. Олар тек тік қоршау
бөлшектері ғана емес, сонымен бірге арқалық және төбе жабындарын көтеретін
көтергіш бөлшектері болып саналады.
Қабырғалар әр түрлі қасиеттері бойынша төмендегідей жіктеледі:
1. Материалы бойыниіа:
а) ағаштан; б) кірпіштен; в) кіші бетон блоктардан; г) темірбетоннан.
2. Жуктемелерді қабылдау қасиеті бойынша:
а) көтергіштер; б) өз салмағын ғана көтеретіндер; в) ілмелілер (аспалылар).
3. Жоспарда орналасуы бойынша:
а) сыртқы (бойлық және көлденең); б) іш кі (бойлық және көлденең).
4. Құрылымыс бойынша: а) бір қабатты; б) екі қабатты; в) үш қабатты; г) көп
қабатты.
5. Тұрғызу әдісі бойьшша:
а) құймалы; б) өрілмелі; в) құрастырмалы.
Ғимараттың арналуына байланысты қабырғалар төмендегі талаптарды
қанағаттандыруы тиіс: мықты және орнықты болуы; ұзақ мерзімділігі; ғимараттың
отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес келуі; бөлмелерде тиісті температуралық-ылғалдық
қалыпты сақтауды қамтамасыз етуі; жеткілікті дыбыс оқшаулағыштық қасиеттерінің
болуы; жасалуында технологиялықтығы және индустриалдығы; экономикалық;
сәулеттік-көркемділігі.
Қабырғалардың сәулетті-құрылымдық бөлшектері, деформациялық жіктер
Қабырға беттері тік және көлденең бөліктерге бөлінеді және олар қабырғаның негізгі
бөлшектері болып табылады.
Цоколь деп қабырғаның іргетас үстінде орналасңан төменгі бөлігі аталады.
а) б) в) г)

3.33-сурет. Цокольдің әр түрлі пішіндері
Цокольдің жоғарғы шегін кордон деп атайды. Ол барлық жағдайда қатал түрде жазық
.
болуы тиіс. Мұның маңызды сәулеттік шешімі бар, өйткені адамға ғимарат бір
біртұтас тастың үстінде тұрғандай сезімді елестетеді. Цоколь көп жағдайларда
механикалық әсерлерге және атмосфералық жауын-шашын әсерлеріне душар болады,
сондықтан оларды мықты, төзімді материалдардан жасайды (кірпіш, бетон блоктары,
табиғи тастардан жасалған немесе жасанды тақталар).
Ернеулер деп ғимараттың қоршау құрылымдарына түскен суларды ағызып жіберу
үшін арналған жазық кескінделген қабырғаның шығыңқы бөлігін атайды.
Қабырғаның жоғарғы үстінде орналасқан ернеуді негізі дейді.
3.34-сурет. Ернеу құрылымдары: 1 - итарқа жалғасы; 2 - тақтай итарқа; 3 -
сымтемір; 4 - негізгі ернеу; 5 - анкер
Негізгі ернеу ғимараттың салынып біткенін білдіреді. Негізгі ернеулердің кескіндері
мен құрылымдары ғимараттың сәулеттік-құрылымдық шешімдеріне және
өлшемдеріне байланысты болады. Көптеген құрылыстарда құрастырмалы темірбетон
ернеулері қолданылады. Олар қабырға өріміне болат анкерлер арқылы бекітіледі.
Негізгі ернеу кірпіштен жасалатын болса, онда оның қабырғадан шығыңқы енін 30
см-ге дейін жасайды да, бірнеше кірпіш қатарын 5-6 см шығарып істейді. Қосымша
ернеулер арқалық жабын деңгейінде, ал кей кездерде терезе астында да жасалуы
мүмкін. Терезе астындағы қысқа ернеулер белдеулер, ал терезе мен есік үстіндегілері
маңдайша кенере деп аталады.

3.35-сурет. 1 - маңдайша кенере; 2 - белдеу
Егер қабырға негізі ернеуден шамалы биік болатын болса, онда қабырғаның мұндай
бөлігін парапет деп атайды. Парапет биіктігі 0,5-1,0 м арасында етіп жасалады, ғимарат
шатырын бүкіл периметрі бойынша екі не үш жағынан қоршайды. Парапетті тұрғызу
шатыр үстіндегі түтін мұржаларын, ауа алмастыру шахталарын, басқа да тұрғызбаларды
жауып тұру үшін қолданылады және ғимараттың сыртқы көрінісін тартымды етеді.
Екі құламалы шатырдың, ернеумен көмкерілген, үшбұрышты қабырғасын фронтон деп
атайды, ал ернеусіз бөлігін щипец дейді.

.

3.36-сурет. 1 - парапет
Қабырға цуыстары шкафтарды, жылу тетіктерін, т.б. орнату үшін жасалады.
Қабырғалардың орнықтылығын және мықтылығын қамтамасыз ету үшін қабырғаларда
тар тік келген шығыңқы бөлшектері жасалады. Тік төртбұрышты пішіндісі пилястра,
ал жарты дөңгеліктісі жарты бағана деп аталады.

3.37-сурет
Қабырғаларды өргенде терезе және есік блоктарын орнату үшін тесіктер
қалдырылады, олар ойықтар деп аталады.
Ойықтарды төбесінен жабатын және қабырғаның ойықтан жоғарғы бөлігін үстап
түратын құрылымды маңдайшалар деп атайды.
Ойықтар арасындағы ңабырға бөліктерін аралық қабырғалар деп атайды. Аралың
қабырғалар аралық (ойықтар арасындағы) және бұрыштық (ойық пен ғимарат бұрышы
арасындағы) болып бөлінеді.

3.38-сурет. Құрастырмалы темірбетонды
маңдайшалар:
М-1-білеушелі;М-2–білеушелі;М-3-арқа
Көтергіиі маңдайшалар (в) өз салмағы мен олардың үстінде жатқан қабырға
бөлігінен, сонымен қатар арқалық жабын бөлшектерінен және басқа бөлшектерден
түскен жүктемелерді көтереді.
Көтермейтін маңдайшалар (а, б) өз салмағы мен олардың үстінде жатқан қабырға
бөлігінен әсер еткен жүктемелерді ғана көтереді.
Маңдайшалар материалдары бойынша темірбетонды, армокірпішті, аркалы болып
бөлінеді.
Фермалардан, аркалардан көлденең әсер еткен жүктемелерді көтеру үшін
қабырғалар сыртында контрфорстар орнатылады.

3.39-сурет. Деформациялық жіктер
Іргетастардың қалыпсыз шөгуінің немесе қабырға материалдарының
температура өзгерістеріне байланысты деформация алуынан ғимарат
қабырғаларында жарықшалар пайда болуынан сақтандыру үшін деформациялық
жіктер орнатылады.
Олар шөгінді және температуралық болып екіге бөлінеді. Егер ғимарат әр
қабатты бөліктерден тұратын болса немесе негіз болып саналатын
топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттері әр түрлі болатын болса,
онда шөгінді жіктер орнатылады. Бұл жағдайда жік қабырғаны да, іргетасты да
бөледі. Температуралық жіктер қабырғаны іргетас бетіне дейін ғана әрі ол
жіктердің арасы салынатын ауданға және қабырға материалына байланысты 50
мен 200 м аралығында қабылданады.
3.40-сурет. а - шогінді жігі; б - температуралық жік
Қабырғалардағы деформациялық жіктердің орындалу пішіндері:

3.41-сурет. 1 - метаял таспалары; 2 — жылу оқіиаулагыш
Қабырға бөліктері деформациялық жікте кертік және ойық (а) түрде орындалады,
олардың арасына екі қабат қарақағаз және жікті қарамайланған кендір талшықтарымен
жылу оқшауландырылады. Кей кездерде металл таспалардан арнайы компенсаторлар
орнатып, олардың арасына жылу оқшаулағыш салынады (б).

Кірпіш қабырғалар, олардың турлері, байластыру жүйелері
Кірпіш қабырға материалдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып саналады.
Бұл материалдың сәулеттік көркемділік қасиеттері мен сапасын қолдануға үлкен
мүмкіншіліктер жасалуда.
Кірпіш қабырғалар керамикалық және силикаттық кірпіштерден орындалады.
Кірпіш түрлері:
3.42-сурет. Кірпіш қабырғасындағы кірпіштердің орналасуы: а ) стандартты кірпіш; б)
жазық қатар; в) үшкір қатар; 1 - үшкір қыры; 2 — жалпақ беті; 3 - жазық қыры
Кірпіштің 65 х 250 немесе 88x250 мм өлшемді беті жазық қыры деп аталады.
Көрінісі бойынша осы қырларымен орналасқан кірпіш қатары жазық деп аталады.
Кірпіштің 65 х 120 немесе 88 х 120 мм өлшемді беті үшкір қыры деп аталады.
Қабырға көрінісі бойынша осы қырлары мен орналасқан кірпіш қатары үшкір деп
аталады.
Кірпіш қабырғасының жазық жігінің қалыңдығы 12 мм, ал тік жігінің қалыңдығы
10 мм етіп қабылданады.
Біртұтас кірпіш қабырғалар жіктерді есепке алғанда төмендегідей қалыңдықта
болады:
120, 250, 380, 510, 640, 770 мм өлшемдері 1/2;... 1, 11 / 2 , 2 ,21/2 , 3 кірпішке сәйкес
келеді.
Әр түрлі тастардан жасалып, ара жіктері құрылыс ерітінділерімен толтырылған
жасандылар өрімдер деп аталады.
Өрімдердің кірпіш арасындағы тік жіктері бір-біріне сәйкес келмеуі тиіс.
Өрімдердің бұлай орналасуы жіктерді байластыру жүйесі деп аталады. Бұл қасиет
тастардың бірігіп жұмыс жасап, салмақ жүктемелерінің бірқалыпты әсер етуін
қамтамасыз етеді.
Қабырғаларды тастан өруге әкті немесе күрделі ерітінділер қолданылады.
Кірпіш қабырғалар өздерінің құрылымдық шешімдері бойынша тұтас немесе
жеңілдетілген болып бөлінеді.
Қазіргі құрылыста көптеген жүйелердің ішінде кең қолданатыны екеу: екі қатарлы
және алты қатарлы. Екі қатарлыда үшкір қатар жазық қатармен алмасып отырады. Бұл
жүйе бойынша көлденең жігі кірпіштің 1 /4, ал бойлық жігі 1/2 бөлігімен жабылады.
Алты қатарлы өрімде (б) бес жазық қатар бір үшкір қатармен алмасып отырады. Әр
жазық қатарда көлденең тік жіктер кірпіштің 1/2 бөлігімен жабылады. Қалыңдығы 88
мм болатын кірпіштен өргенде төрт жазық қатар бір үшкір қатармен алмастырылып
(байластырылып) отырады. Көпқатарлы өрім жүйесі екі қатарлыға қарағанда
қарапайым, сондықтан тас қалаушының жұмыс өнімділігі едәуір биік.
3.43-сурет. Біртұтас кірпіш өрімінің жүйесі: 1 - жазың қатарлар; 2 - үшкір қатарлар

Егер қабырға беттері сыланбайтын болса, онда кірпіштер арасындағы тік және
жазық жіктері қабырғадан ауа өтуін азайту үшін, қабырғаға жақсы әсемдік түр беру
үшін цементті-құм ерітіндісімен толық толтырып, әр түрлі «пішінде кеседі». Жік бетін
арнайы аспаппен кескенде төмендегідей пішіндер пайда болады:
3.44-сурет. Кірпіш жіктерін өңдеу: а - тік және қиғаш кесілген; б - дөңес және ойық
кесілген; в - жік толтырылмаған
Егер қабырға беттері сыланатын болса, онда бет жіктері 10-15 мм тереңдікке
толтырылмай жасалады. Ол сылақ ерітіндісінің қабырғамен жақсы ұстасуы үшін
істеледі.
Біртұтас кірпіш өрімінің негізгі кемшілігі - оның үлкен тығыздығы, сонымен бірге
үлкен жылу өткізгіштігі, сондықтан орта климатологиялық аудандарда кірпіш
қабырғасының қалыңдығы 21/2 кірпіш етіп қабылданады. Мұндай жағдайларда аз
тығыздыққа ие қуысты кірпіштерден өрілген қабырғалар пайдалы болады. Олардың
кіші жылу өткізгіштігіне байланысты, қабырға қалыңдығын 1/2 кірпішке азайтуға
мүмкіндік береді. Бұл үшін 32 немесе 78 тесікті кірпіш қолданылады. Материалдың
тығыздығын азайтуға бірден-бір көмек беретін пешке салынатын шихтаның ішіне
жанғыш қоспалар (ағаш үгіндісі) қосу, өйткені олар жанып кеткеннен кейін олардың
орнында қуыстар қалады.
Кірпішті үнемдеу үшін жеңілдетілген кірпіш қабырғаларын қолданған тиімді.
Олардың ішінде кірпіш тиімді жылу оқшаулағыш материалдармен алмастырылған.
Жеңілдетілген кірпіш қабырғалары екі топқа бөлінеді.
Бірінші топтағы қабырғаларға:
1. Кірпішті-бетонды.
а) б) в)

3.45-сурет. Жеңілдетілген кірпіш қабырғалардың құрылымы: 1 - жеңіл бетон; 2 - жылу
ұстамды қосымша
Жылу ұстамды қосымшаларды қолдану әлдеқайда тиімді, өйткені мұндай
құрылымдарда ылғал құрамы процесі азаяды да, еңбек өнімділігі көтеріледі. Кейде
жылу ұстамды қосымшалар орнына қождар немесе керамзит қолданылады.
2. Құдықты қабыргалар.

3.46-сурет. 1 - ішкі көлденең жұқа қабырға; 2 - сыртқы бойльіқ жұқа қабырға; 3 - жылу
оқшаулағыш (жұқа бетон)
3. Ауа қабатты. қабыргалар да жұқа екі қабырғадан тұрады, ал қалыңдығы 1/2
кірпіш, сыртқы қабырға ішкімен үшкір қатарлары арқылы байланысады. Қабырғалар
арасында қалыңдығы 50 мм ауа кеңістігі қалдырылады. Оның жылу ұстамдылық
қабілеті қалыңдығы 1/2 кірпіш өрімімен пара-пар. Сонымен, мұндай құрылымдық
шешім ретінде кірпіш пен ерітінді 20-25% үнемделеді.
Екінші топтағы қабырғалар - 2-үшкір қатарлар.
Бұл топқа көтергіш (кірпіш қабырға) және жылу оқшаулағыш (гипсті, гипс қожды,
көбік бетонды және басқа панельдер) бөліктерінен тұратын жылу оқшаулағышты
кірпіш қабырғалары жатады. Жылу оқшаулағыш панельдерін кірпіш қабырғадан 20-
40 мм қашықтықта орналастырады. Олардың арасында орналасқан ауа кеңістігі
қабырғаның жылу ұстамдық қабілетін арттырады. Панельдер кірпіш қабырғаға
дәріленген ағаш тығындамаларға шегелер арқылы бекітіледі. Бұл құрылымдар ішкі
сылақ жұмыстарын жасамауға мүмкіншілік береді. Панельдер тиісті дайындықтардан
кейін сырланады, тұсқағазбен желімделеді немесе жеңіл материалдармен қапталады.
Кіші блоктардан және табиги тастардан жасалган қабыргалар
Кірпішпен бірге қабырға материалы ретінде керамикалық және жеңіл бетон майда
блоктары кең қолданыс тапқан.
Керамикалық қуысты блоктар кірпішке қарағанда аз жылу өткізгіштік қасиетке ие,
сондықтан қабырға қалыңдығын азайтуға мүмкіндік береді. Ең көп тарағандары - 7-ден 18-
ге дейінгі тік саңылаулы тесіктері бар керамикалық блоктар. Олардың өлшемдері - 250х
120х 138 мм. Олар аз жөне көп қабатты ғимараттарды салуға жарамды.
Бүтін блок

Сурет
Бұл блоктардан қабырға екі қатарлы жүйе бойынша өріледі, өйткені қуыс бағыты
жылу ағынына тік болатын болса, қабырға жылу ұстамды болып келеді. Сонымен
қатар, көп қатарлы жүйенің қолданылмайтын себебі, қабырға биіктігі бойынша дұрыс
өрілмегенде, блок қуыстары бірінің үстіне бірі түседі де, қабырғада үлкен кернеу
пайда болуы мүмкін, мұндай құбылыс қабырғаның мықтылығын кемітеді.
Жеңіл бетонды блоктардан жасалған қабырғалар кірпіштіге қарағанда тығыздығы
мен жылу өткізгіштігі төмен. Бұл қасиеттері қабырға қалыңдығын азайтуға мүмкіндік
береді. Қабырғаны өру үшін өлшемдері 390 х 190х 188 мм ірі үш қуысты блоктар
қолданылады.

3.48-сурет. а- үшкір қатарға; б- жазық қатарға
Блоктың биіктігіне байланысты қабырға үш қатарлы жүйемен өріледі.

3.49-сурет. 1 - жазық қатар; 2 - үшкір қатар

Саңылаулы қуысты тастардан жасаған қабырғалар
Мұндай қабырғалар үшғуысты блоктардан жасалған қабырғаларға қарағанда үнемділік көрсеткіштері
жақсы, жылу ұстамдылық қасиеттері биік, өйткені тар саңылаулы қуыстарда ауа айналысы болмайды.
Мұндай блоктардан қабырға бір қатарлы жүйемен өріледі. Тік жіктерді байластыру бойлық жарты блогы
арқылы орындалады.
3.50-сурет. 1-бүтін блок; 2- бойлық жарты
Табиғи тастпан жасалған қабырғалар
Мұндай қабырғалар тау жыныстары бар жерлерде өріледі. Саңылаулы құрылымдағы тастардың
тығыздығы төмен, механикалық өңдеуге өте ыңғайлы және жеңіл. Тау тастарынан 390 х 190 х 180 мм
өлшемді блоктар кесіліп жасалады. Қабырға өрімі екі немесе үш қатарлы жүйемен өріледі. Мұндай
тастардан жасалған қабырғалардың беттері әдемі, сылақты қажет етпейді. Тегіс емес пішінді
шойтастардан қосымша ғимараттардың және шаруашылық құрылыстарының қабырғалары өріледі.
Жер сілкінетін аудандардағы қабырғалардың құрылымдық шешімдері
Жер сілкінісіне душар болатын аудандарды сейсмикалық деп атайды. Ғимараттың сейсмикалық
әсерлерге қарсы тұру қабілеті сейсмотөзімділігі деп аталады. Сейсмикалық аудандарда салынатын
ғимараттардың тиісті сейсмотөзімділігіне жету үшін жер сілкінісі кезінде құрылымдарға әсер ететін
әдеттегі күштерден басқа жазық толқынды жүктемелердің әсерлерін есепке алу керек. Бұл жүктемелер
әр бағытта әсер етулері мүмкін. Ғимараттың сейсмотөзімділігін қамтамасыз ету қала құрылыстық,
көлемді-жоспарлық және құрылымдық шараларды орындаумен қамтамасыз етіледі.
Көлемді-құрылымдық және құрылымдық шешімдері симметрия және салмақты теңестіріп бөлу
жағдайларын қамтамасыз етулері керек.
Ғимарат іргетастарын бір деңгейде орналастыру қажет. Көтергіш тас қабырғалар астына таспалы
іргетастарды қолдану керек. Ғимараттың орнықтылығы мен кеңістіктегі қаттылығы оның
қабырғаларының жоспарда орналасуымен және оларды сейсмикаға қарсы белдеулермен қатайту арқылы
қамтамасыз етіледі. Бұл белдеулер бүкіл сыртқы және ішкі қабырғалар үстінде (әр арқалық жабын
деңгейінде) орналастырылады.
3.51-сурет. 1-6 мм қамыт; 2 - сейсмикаға қарсы темірбетонды белдеу;
3 - Ø10-12АІІ арматуралар; 4 - жабын тақтасы

Мұндай белдеулер құймалы немесе ғұрастырмалы темірбетоннан жасалады. Құймалы
белдеулер үзіліссіз арматураланады, ал құрастырмалы белдеулерде жеке бөлшектері бір-
бірімен қатты байластырылады, яғни арматуралар пісіріліп, ара жіктері бетонмен
толтырылып нығыздалады.
Сейсмикаға қарсы белдеулердің ені қабырға еніне тең болады. Қабырға қалыңдығы
500 мм-ден артық болғанда, белдеу ені қабырға қалындығынан 120мм тең болуы
мүмкін. Тас ғимараттарда құрылымдың бөлшектердің материалдары мен шешімдері
бірдей болуы тиіс, ал аралық қабырғалар мен ойықтардың ен өлшемдері, өздеріне
сәйкес, бірдей болуы керек. Тас қабырғалы ғимараттың қабат биіктіктері жер
сілкінісінің 7,8 және 9 балл қарқындылығына байланысты 6,5 және 4 мм болуы тиіс.
Қабат биіктігінің қабырға қалыңдығына қатынасы 1:12-ден аспауы керек.
Сейсмикалық жүктемелерге қабырғалардың қарсылығын күшейту мақсатында аралық
қабырғалар ішінде темірбетон тіреуіштері жасалады. Олардың ұштары құймалы
белдеулермен байланысады.

3.52-сурет. Сыртқы қабырғаның жоспарының көрінісі: 1 - аралық қабырға ішіндегі
темірбетон тіреуіштері; 2 - аралық қабырға; 3 - арматуралар
Бақылау сұрақтары
1. Қабырғалардегеніміз не, олар не үшін керек?
2. Қабырғалар қандай қасиеттері бойынша жіктеледі?
3. Қабырғаларға қойылатын талаптарды атаңыз.
4. Цоколь және ернеу дегеніміз не, олар не үшін қажет?
5. Негізгі ернеудің кескіні мен құрылымы неге байланысты?
6. Парапет пен фронтон дегендер не, олар не үшін қажет?
7. Пилястра дегеніміз не, олар не үшін қажет?
8. Маңдайша дегеніміз не, жұмыс жасау қабілеті бойынша қандай түрлерге бөлінеді?
9. Шөгінді және температуралық жіктердің айырмашылықтары неде, олар қандай жағдайларда
орнатылады?
10. Кәдімгі сазбалшықты күйдірілген кірпіштің өлшемдері мен элементтерін атаңыз.
11. Қабырғаларды өру жүйелері дегеніміз не, олар қалай аталады?
12. Кірпіш қабырғалардың кірпіш өлшемімен жөне миллиметрмен алғандағы қалыңдықтарын
атаңыз.
13. Кірпіш қабырғаларын өруге қандай ерітінділер қолданылады?
14. Екі қатарлы жүйе мен алты қатарлы жүйе арқылы өрілген қабырғаларды салыстырып,
арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді атаңыз.
15. Қандай жеңілдетілген қабырғаларды білесіз?
16. Бір қатарлы жүйемен қандай қабырғалар өріледі?

Ұқсас жұмыстар
Рахиттің визуальды диагностикасы
МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚ КӨМЕЙ
УНИВЕРСИТЕТІ САБАҚ
Өндірістік ғимараттардың қабырғалары
Кеуде торының пішінін анықтау
Тұқымның құрамы.Тұқымдардың алуантүрлілігі мен себу агротехникасы
Қабырға Төс сүйегі
Көмей қызметі
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ СЕПЕРАТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫС АТҚАРУ ТИІМДІЛІГІ
Шошқада көкірек омыртқалардың саны
Пәндер