Қазақстандағы діни экстремизм және терроризм
Презентация қосу
Қазақстандағы діни
экстремизм және терроризм
Кенжетай Әлішер
Экстремизм термині
Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі)
шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану,
қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде
анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс
беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде
эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа
бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен
негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп
бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды
«консерваторлар» деп белгілеуге болады.
«Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми
академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау
орғандарының қызметкерлері.
Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол
қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты.
Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік
жағдайы бар. Ол кез-келген қоғам мен мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде
экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер
мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті
тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі;
мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың
деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін
шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы;
биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды
қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін
жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б.
Діни экстремизм үшін «Харам
мен халал» (арам мен
адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға
да қала» деген қағидалар
болмайды. Олардың басты қаруы
қатігездік пен шапқыншылық.
Сонымен қатар діни антқа байлап
қойған адамдардың экстремистік
қатардан шыға қоюы өте қиын.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық
бірлестіктер туралы» Заң жобасына сәйкес,
экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық
бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген
құрылымдарды құруға тиым салынса,
«Экстремизмге қарсы күрес туралы» Заңымен
Қазақстан Республикасының аумағында
экстремистік бағыттағы ұйымдардың, бөлімдердің
ашылуына және олардың қызметіне тиым салынған.
Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз
уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат
құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін
ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес.
Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек
хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану»
сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда
экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге
болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары
керек.
2022 жылғы Қазақстандағы наразылық
шаралары немесе Қанды қаңтар, Қаңтар
оқиғасы, Қаңтар трагедиясы — сұйытылған
газдың кенеттен қымбаттауына байланысты
Қазақстанда басталған наразылық
шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл
оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық
тарихындағы ең қарқынды әрі қатал
қақтығысқа айналд
10 қаңтарда ҰҚК тәртіпсіздіктер кезінде
басып алынған барлық әкімшілік
нысандардың қайтарылғанын, елдегі
жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. 11
қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысып,
қамауға алынған адамдардың саны 10 мыңға
жуықтады. Тонаушылық пен бұзақылықтың
салдарынан кәсіпкерлерге келтірілген
шығынның мөлшері 100 миллиард теңгеден
асты.
Өздерінізді және
жақындарынызды
сақтаныңдар...
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz