Мақсат - дуальды жүйенің әдістерін үйрену


Slide 1

Дуальды жүйенің мынадай жақсы жақтары бар.

Біріншіден, оқыту өндірістің нақты сұранысына сай жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады. Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол кәсіпорында қалуға ұмтылады. Үшіншіден, бітірушілерге деген сұраныс пен оларды жұмысқа орналастырудың деңгейі жоғарылайды. Бұл - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер етеді. Осылайша, бизнес, адам мен мемлекет мүддесін біріктіріп, үш жақты әріптестік орнатамыз.

Slide 2

Мамандар даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Бұл жүйе дамыған елдерде өз нәтижесін беріп отыр.

Дуальды жүйені оқу процесіне енгізу мақсатында елімізде әлемнің жетекші кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық дамытылып жатыр. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстанның оқытушылары Германия, Сингапур, Канада елдерінің кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында тәжірибеден өтіп келді. Мақсат - дуальды жүйенің әдістерін үйрену.

Мұндағы кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары дуальды жүйе бойынша жұмыс жасайды. Оқытудың бұл әдісі - сапалы мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі.

Slide 3

Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Slide 4

Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.

Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады

Slide 5

Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.

Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі. [

Slide 6

Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т. б. ) арқылы өзіндік кәсіби қызметке. А. А. Вербицкиймен жасалынады.

Slide 7

Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз етіледі.

Slide 8

Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.

Slide 9

Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады. [

Slide 10

Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютер телекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т. б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Slide 11

Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б. Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А. И. Берг, В. П. Беспалько, А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т. А. Ильина құрастырған.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Дуалды оқыту
Дуалды оқыту жүйесінің білім саласындағы өзектілігі
Сараптамалық жүйелердің жіктеуі
Япония балабқшасының оқыту жүйесі
МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТТАРЫ
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ
ЖОО - дағы оқытудың әдістері мен формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz