Еңбекші Қазақ газеті бетінде өлең




Презентация қосу
ПӘН АТАУЫ:
«Әлеуметтік-саясаттану білім
модулі (әлеуметтану, саясаттану,
мәдениеттану, психология) »

Дәріс
ХХ ғасырдағы қазақ
мәдениеті
Жоспар :
1. ХХ ғасырда қазақ мәдениеті.
2. Қазақ мәдениетінде идея –
жанның мәңгілігі.
3. Демографиялық геноцид.
4. Этномәдени экспансия.
Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» −қала,
қалалық деген сөзінен енген. Мәдениет ұғымы тарихи
қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. XIX ғасырда
мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың
бірі ─ ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор
(1832−1917) болды. Ол “мәдениет жөніндегі
ғылым−реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай
отырып, жалпылама анықтама берді: “Мәдениет
пен өркениет этнографиялық
кең, әрі мағынада−білімнен,
наным-сенімдерден ,өнерден, адамгершіліктен, заңдардан,
салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде
адамның игерген дағдылары мен қабілеттерінен
түрлі
құралады”.
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны
ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс
соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман
болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын
болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас
жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін
тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда
парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен алуы жалпы
өріс
адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық
түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының
жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Қазақ мәдениеті XX
ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік
техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына
да жете бастады.
Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып,
оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт
азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған
революциялық және реформалық қозғалыстар да
әсерін тигізді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты
Қазақстандағы мәдениет қайтадан жаңғыру орыс
экспансиясына қарсы шығудан басталды.
Әрбір ұлттық мәдениет бос емес,
кеңістікте
адамдандырылған қоршағанортада әрекететеді.
Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші
емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады.
XX ғасырдың басында С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.
Майлин, М. Әуезов өздерінің алғашқы шығармаларын
жариялады. Кейін бұлар кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ
әдебиетінің негізін қалаушыларға айналды.

Қазақ халқы музыкалық мәдениеті: сазгерлер
Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нүрпеисова, Тәттімбет,
Қазанғап, Ықыластың өлмес күйлері жарық көрді.
Қазақ баспасөзінің дамуы күшейді. Мысалы,
1911 жылы бірінші қазақ журналы “Айқап” жарық
көрді,өмір сүрген төрт жыл ішінде оның 88 нөмірі
шықты.
1913-1918 жылдары “Қазақ” газеті шығып тұрды.
Қазақ авторларының шығару ұлғайды.
(Петербургте,
кітаптарын Ташкентте
Қазанда,
Құнанбаевтың, ЫбырайОрынборда,
Алтынсариннің,
Абай Ахмет
Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір
Диваевтың және т.б. Ақын-жазушылардың шығармалары
басылып шықты).
1912 жылы Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды
басуға мамандырылған “Жәрдем” баспаханасы құрылды.
Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың
сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты.
1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар
жинағы ресми баспадан шықты.
Демократиялық бағытта дами бастаған
С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Т.Ізтілеуов, М.Көпеев
және т.б. Мұрасы шығыс әдебиетінен ерекше орын
алды. С.Торайғыровтың “Шәкірт ойы”, “Алты аяқ”,
“Бір адамға”, “Адасқан өмір” шығармаларында қазақ
ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады.
Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”, С.Көбеевтің “Қамар
сұлуы” халық арасына кең тарады. А.Байтұрсыновтың
“Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Жиған-терген”
өлеңдері қазақ халқын саяси оятуға арналған.
XX ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі
жақтыжан-дамыған сала─музыкалық мәдениет.
музыкасын дамытуға үлес қосқандар: ҚазақКенен Әзірбаев,
Балуан Шолақ, Дина Нүрпейісова, Ыбырай Сандыбаев,
Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали
Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев, т.б.
Естайдың “Майдақоңыры”, Динаның “Көңіл ашары”
мен “Әскерге алу” күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың
“Гәкку” әні сүйіспеншіліктің өзіндік әнұранына айналды.
Мұхиттың нағыз “Реквием”
“Зәуреші”
саналды.(А.Жұбановтың сипаттамасы) Аба мен
Мұсаның әндері еуропалық . музыкалықй мәдениет
элементтеріне бай екендігімен ерекшеленеді.
XX ғасырдың бас кезінде өлке халқының
көпшілігі оқи негізгіжаза
да, да алмады.Сондықтан
революциядан соң бірден ересектерді оқыту үшін
сектептермен курстар ашыла бастады.Әулие –Ата
қалалық жқмысшы және солдат депутаттары кеңесі
жылы қарашада сауат ашу мектебін ашу туралы мәселе
қарап, бұл мақсатқа қажетті ақша қаржысын бөлу туралы
шешім қабылдады. Жылдың бас кезінде Верныйда,
Семейде, Ақмолада және т.б. жерлерде сауатсыздар
үшін мектептер
ашылды. XX ғасырдың басында бастауыш мектептер
жан басына шаққанда
мөлшері:
бойынша Торғай облысы─ 6,9 тиын, Ақмола─2,5
бөлінген қаража
тиын, Жетісу1,9 тиын, Сырдария─1,8 тиын. т
Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы
егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай
мәдениетінің негізін қалады.Қазақ халқының
мәдениетіне көрші халықтардың, әсіресе, Еділ маңы,
Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениеті едәуір
ықпал етті.Сондай ақ мұсылмандық мәдениет те
айтарлықтай із қалдырды.XV-XX ғасырдың басында
Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары
мәдениетінің таңдаулы дәстүрлеріне
негізделген бірыңғай мәдениет іс әрекетте болды.
Музыка және балет
өнері
Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар
ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка
өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен
әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында
қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-
Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит
Мералиев, Балуан- Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова,
Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен
ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және
еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды
концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің
жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ
ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық
форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар –
Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың
«Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің
«Қамар сұлу» және басқа опералар.
Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада
музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары
(рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби
дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық
ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы
қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің
ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі
және джаз оркестрлері.
ХХ ғасыр мәдениетінің
өкілдері
Үкілі Ыбырай 1896-1930ж Көкшетау облысы әндері: «Гакку»,
Сандыбай «Жиырма
ұлы бес»,»Көкше» т.б
Дина Кенже қызы 1861-1955ж Батыс Қаз обл. Жаңа Күйлері: «Бұлбұл» Халық артисі
Нұрпейісова қала ауд «Байжұма» «Жеңіс» т.б
Естай Беркімбай ұлы 1868-1943ж Павлодар әндері: «Құсни-
обл. Қорлан»,
Екібастұз ауд «Хорлан»
«Майда Қоңыр» т.б
Балуан 1864-1919ж Ақмола обл әндері: «Ғалия» Атақты палуан,
Шолақ(Нұрмұхамбе .Еңбекшілдер ауд «Көкшетау» далалық цирк өнерінің
т Баймырза ұлы) «Желдірме» т.б негізін салушы.
Қали Байжанов 1877-1966ж Павлодар обл. Қазақ халық әншісі
Баянауыл ауд
Кенен әзірбаев 1884-1976ж Жамбыл обл. Қордай «Ой Жайлау» «Көк 150 ге жуық әні бар
ауд шолақ»»
«Бозторғай» т.б
әндер
Мәриям Жагор қызы 1887-1950ж Ақмола обл. «Дудар-ай» Қазақ жігіті Дүйсенге
Қорғалжын арнап жазылған
ауд
Әміре Қашаубаев 1888-1934ж Шығыс Қаз. Абай ауд 1921ж Парижде бүкіл
д.ж фестивалінде 2-
орын алған әнші,
ұлттық театр өнерінің
негізін қалаушы

Майра Уәли қызы 1896-1929ж Павлодар «Майра» «Бақша» Кәзір Майра атында
ХХ ғ. қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық,
демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес
пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет
Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан
кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге
үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп
құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр
басында әдебиетке келген ақын- жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен
оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-
эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес
қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан
өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы»
поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр
саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты
дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит
Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов,
Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз
Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан
жетiлдiрдi.
ХХ ғ. қазақ әдебиеті
Сәбит шағын сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе,
Бернияз заман шындығын лирикалық өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл
мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық,
ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты
роман жазды.
«Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік
теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды.
Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу
күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi.
Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк
iзденiстерi, бағыт- бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза
қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар
тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң
әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп
Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып
көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет»
дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын
дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi
Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары
Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған
халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын
толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.
Өнер және білім. Ахмет
Байтұрсынов
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап
жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы
еңбек сіңірді.
зор Әдебиет саласындағы
алғашқы зерттеу деп оның «Қазақ»
газетінің 1913
і жылғы үш санында шыққан
«Қазақтың бас ақыны» деген көлемді
мақаласын болады. Онда
атауға
халқының қазақ Абайдың аса
рухани өмірінде
ірі тұлға екені, өмірбаяны,
шығармаларының мазмұн тереңдігі,
ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс
әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы
пікірлер айтылған, ақын мұрасының
эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған.
Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында»
алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны
1923 ж. Москвада шығарды.
Ахмет
Қазақ ауыз әдебиетінде молынанБайтұрсынов
сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж.
«23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы
мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда
көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар
жайлы жан- жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті
мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық
әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер
туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда
көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар
шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары»,
«бунақ буындары»,
«ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның
тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі —
мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын,
шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп
келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты
тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге
болады.
Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық,
қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет
зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар
әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.
Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз
өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына
іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын,
Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т,
б. ақын- жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
Мұхтар
Әуезов
1918 жылы М.Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында
өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық
атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда»
үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты
Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі
бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж.
Аймауытовпен бірге) атсалысады.
921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің
төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і
ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін
атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ»
газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді.
Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл
Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол
жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы
аспирантурада оқиды.
Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық
пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси
сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық
жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа
созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас
бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым
күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде
М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ
әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-
Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас
тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден
босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.
Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер
мекемелері
Бүгінгі таңда республикамызда 147 мұражайлар мен әр саладағы мұражай-қорықтары
істеуде. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының жолбасшысы болатын 3495
кітапхана қызмет көрсетеді.
Республикамыздың астанасы – Астана қаласында Қазақстан Республикасының
Президенттік мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ондағы жиынтықта тарихи мұражай,
қоғамдық кітапхана, концерттік зал бар. Қазақстан Республикасының алтын және бағалы
заттар Мемлекеттік мұражайы, Қазіргі заман өнерінің мұражайы, Астана қаласының
атақты жазушы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы. Алматы облысы Жамбыл
ауданындағы Тамғалы шатқалындағы бірегей петроглиф және археологиялық жиынтықты
қорғау мақсатында Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы
«Тамғалы» құрылды.
2004 жылдың шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасының
Ұлттық
академиялық кітапханасының құрылысы аяқталды.
Қазіргі таңда кітапхана толықтырмалармен айналысуда, өз қорын жинақтауға және
кітапхананың web-сайтын жасауға кірісті. Айтып өту қажет, республикамыздағы
кітапханалық жұмыстар соңғы технологиялық инновациялардың әсерімен жүзеге асуда.
Кітапханалар әлемдік ақпараттық жүйені қамтуда, электронды қолданушыларды
мағлұматтық базаға енгізуде.
Кітапханалар жазба ақпараттарымен қоса, аудио-видео кассеталарды және СD шағын-
дискілерін, электронды және web-мағлұматтарын тыңдауға мүмкіндік бар. Бірлескен
жүйелер ұйымдары құрылуда. Оған мысал Қазақстандық бірлескен каталогиялық
Орталықтың жұмыстары, оның мүшелері еліміздегі 14 кітапхана, ол ресей-қазақстандық
«Шекарадағы кездесулер» жобасы, оның мақсаты жалпы мағлұматтар базасын құру,
біркелкі қолдану интерфейсті барлық топтамаларға кіруге мүмкіндігі бар электронды
құжаттарды құрау.
Ақпараттық білімді, мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын ары қарай дамытудың
мақсатында Қазақстанның археологиялық және этнографиялық Мемлекеттік мұражайын,
Абылайхан атындағы тарихи-этнографиялық жиынтықты құру жұмыстары жүргізілуде,
сонымен қатар Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ «Ыссық», Шығыс-Қазақстан облысы
Қатон-Қарағай ауданындағы ауданындағы «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайы
Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер
мекемелері
Жаңа ескерткіш ғимараттарды жөнге келтіру мақсатымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылдың 1
наурызындағы қаулысына сәйкес республика аймағындағы монументтер мен ескерткіштеріне Мемлекеттік
комиссия құрылды.

ҚР алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайы, ҚР Президенттік мәдени орталық қорларының
«Алтын жауынгер, сақ қорғандарының қазыналары» көрмесі Мемлекеттік «Мәскеу Кремль» тарихи-мәдени
мұражай-қорығында үлкен табыспен өтті. Ал, «Әлеммен мойындалған Қазақстан» атты кітап көрмесі, Ресей
мемлекеттік кітапханасында көрермендерді таң қалдырды.

Қазақстанның суретшісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Абылхан Қастеевтің туылғанының 100 жылдығына
арналып, мүшелтойлық көрмесі ашылды. Мүшелтой шараларының барысында ғылыми- тәжрибелік
конференциялар өткізіліп, шығармаларының иллюстрациялы альбомы жарық көріп, естелік тиындары
жасалынды. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайда «Бейнелеу өнерінің: мәселелері мен болашағы»
тақырыбында «Дөңгелек үстелдер» өткізілді. Оған көрнекті шығармашылық одағының мәдениет қайраткерлері
қатысты. Дөңгелек үстел барысында мәдениетті қорғау және дамуы жөніндегі мәселелер де қозғалды.

2005 жылдың 25 наурызында Жапонияның Аичи қаласында «Экспо-2005» Халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстанның басты мұражай қорларындағы республикамыздың мәдени әралуандығын елестететін
құндылықтарымыз ол жердің халқын бей-жай қалдырмай көрермендерді таң қалдырды. Көрмеге күніне 5
мыңнан астам адам келеді.

2005 жылы 29 наурызында Пекин қаласында тұңғыш рет Қазақстанды-Қытайлық Подкомитетінің мәдени-
гуманитарлық қатынас тақырыбында отырыс өтті. Күн тәртібінде Қытай Мемлекеттік кітапханасында
«Қазақстан мәдениетінің орталығын» құру мәселесі қаралды. Оның мақсаты Қазақстан мәдениетін өрістету,
мәдени құндылықтармен айырбас жасау және қатынасты нығайту. Кейіннен тараптар
Қатайдағы
«Қазақстанның мәдени орталығын» құруды кеңеседі.

Болашақ жоспарда ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде бейнелеу өнері және қолданбалы-декоративті көрмесін
ұйымдастыру бар. АҚШ мұражайларында «Орталық Азиядағы әңгімелесу және мәдени әр алуандылық»,
«Алтыннан және шөптен: Қазақстанның көшпелілері» көрмелерін өткізу. Көрмеде Ыссық,
Берел қорғандарында археологиялық қазбалар кезінде табылған бірегей зергерлік бұйымдар қойылады.
Әлихан Бөкейханов - Алаш Орда үкіметінің
төрағасы
20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар
мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым,
екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл
ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс
мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады.
Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық
күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең
алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың
ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары
мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге
қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп,
бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей
түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек
ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген
Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді.
Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына
арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында
жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам
қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының
және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның
мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Бейімбет Майлин
(1896 - 1937)

Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. ,
Таран ауд., - 1937 ж.) -
жазушы, қазақ әдебиетінің негізін
салушылардың бірі.
Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай
Өлеңдері
дәріс алады.«Айқап» журналында«Уазифа»
1913 ж. Троицкідегі басқа да басылымдарда
мектебінде, шыға
оны бітірген
бастайды.
соң УфадағыОсы жылдарда
«Ғалия» ол оқиды.
медресесінде қазақ, татар, башқұрт, орыс
әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі.
Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын
С.Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің
шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың
саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ»
газеті бетінде өлең!әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін»
қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады.
«Раушан!коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж.
«Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген
жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.
Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған.
«Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында»
сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының
аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен
қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп,
бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.
Ғабиден Мұстафин.
(1902-1985)
Ғабиден (29.11.1902, Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Жауыр тауы-
20.1.1984 - Алматы) жазушы, Қазақстан ҒА корр. Мүшесі (1958),
Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері. Ауыл
молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі з-тының
табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-
қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес
жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында
Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды
тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды есіне ала отырып,
ішіндегі заңсыздықтар туралыел мақалалар жазуды үйренді.
Жазушылыққа деген ұмьылысы да осы кезеңдерде басталды.
1925-1964 ж. Қарағанды шахтасында темір жонушы (токарь),
«Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің
жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл ту» газетінің,
«Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қызметкері,
редакторы, ҚР Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы (1953-
1956, 1962-1964) қызметтерін атқарды.
Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927), «Жыл
құсы»
альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы «Ер Шойын» (1929) деген
атпен шықты. 1940 ж. Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған
«Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен
шығарм. Жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс
жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден»,
«Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын
туындылырды өмірге әкелді. («Жиырма бес» (1953). Соғыстан кейін ол
кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал болған
Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Ол
«Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» (1963) ж.
романдарын жазды.
МІРЖАҚЫП
ДУЛАТОВ
(1885-1935)
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық
бағыттағы оқыған азаматтарының бipi – қайраткері Міржақып
Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған
күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол
халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де
халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында
туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері
болды. Сол себепті де М.Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы
кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек
Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына
қайтып оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды.
1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай
облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында
дүниеге келеді. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді.
Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі.
Бұдан кейінгі уақытта біpi – ұстаз, бipi – ізбасары ретінде жұптарын
жазбайды. 1905 жылы Міржақып А.Байтұрсыновпен бipre
Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы
патша өкіметіне қазақ халқының жазушыларының қатарында болады.
Міржақып Дулатов – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан
қаламгер. Алғашқы кітабы – "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург
қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы
Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары
басылып шығады.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің
көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық
жұлдыздарының бірі, текті ақыны Туған жері бұрынғы Ақмола
губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Ауыл мұғалімінен хат
танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге
оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды.
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру
дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға
оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып
істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың
назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан
Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның
көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш
жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер
семинариясына
түседі.
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін
жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды
болмысымен келеді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен
Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір
белесіне құлаш ұрған шағы еді.
Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті
редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның
Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын,
үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889-1931)
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей
өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы,
драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек
Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан
жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске
шығуына мол еңбек сіңірді.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының
Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1907 жылы молдалықты тастап,
Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы
Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын
жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер
семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына
қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.
Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған
шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер,
"Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен
"Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға",
"Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз"
пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар
мен аудармалары бар.
Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол
аударған А.С.Пушкиннің, Н.В.Гогольдің, А.Дюманың,
Дж.Лондонның, Г.Мопассанның, В.Шекспирдің, К.Берковичтің,
С.Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ
аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем
әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша
аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.
Сұлтанмахмұт
Торайғыров (1893-
1920)
XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік
оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық
үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт
Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей
жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті
де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен
жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады.
Алдына биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады. Ілгері
ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола
облысының Қызылту ауданында туады. Екі жасында анасы өліп,
әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл
өңірінде өтеді. Кедейлігінен "Шоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ
көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам
болады. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт
қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек
қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген
әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың
айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б.
туралы толғанады.
Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде
Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған
азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш
қозғалысына белсене ат салысады.
1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт
кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы
меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27
жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады.
Сәкен
Сейфуллин
(1894-1938)
Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті
жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет
және қоғам қайраткері.
Туып өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы
Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы.
Саяси репрессияның құрбаны болған.
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914
жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің
шығармашылық ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымын бедерлі
айғақтайтын туындылары - «Кел жігіттер», «Жас қазақ
марсельезасы», «Жұмыскерлерге», « Жолдастар» сияқты саяси
лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос»,
«Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер
қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер»
повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған.
«Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының
рухын танытатын елеулі шығармалар.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге
келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз
ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына жойдасыз еңбек сіңірді. Бұл жолда
Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік
партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті,
сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік
партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп көктеуіне
пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады.
Шәкәрім Құдайбердиев
(1858-1931)
Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-
тарихшы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1958 жылы 11 шілдеде
Семей уездінің Шыңғыс волостындағы Кең-бұлақта Құнанбай
басқарған Тобықты руында дүниеге келген. Әкесі Құдайберді
Абайдың үлкен ағасы. Шәкәрімнің анасы – Төлебике Қаракесек
руынан Алдабергеннің қызы. Шәкәрімнің шығармалары оның өмір
жолы және творчестволық қызметі туралы мәліметтер мен
нақтыларды сақтайды.
ХХ ғасырдың басы Шәкәрімнің творчестволық қызметінің атағы
шыққан уақыт. 1906 жылы ол Меккеге, Мысырға, Стамбулға барып,
сатып алған кітаптарын Семейге пошта арқылы жібере жүріп,
кітапханаларда жұмыс істеген. Оның өмірінің соңғы кездері 1905-
1907 жж. революциямен, столыпин әсерімен, бірінші дүниежүзілік
соғыспен, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен,
февраль және октябрь революциясымен, азаматтық соғыспен, кеңес
үкіметінің орнауымен, коллективизациямен тұстас келеді.
Құдайбердіұлының тірі кезінде оның «Қазақтар айнасы» кітабы,
«Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып
шықты. 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан»
журналдарында, «Қазақ» газетінде бөлек өлеңдері, мақалалары мен
эсселері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында
Хафизден аударған аудармалар мен Физулидің «Лейлі мен Мәжнүн»
поэмасының аудармасын басып шығарды. 1936 жылы Алматыда
«Әдебиет майданы» журналына Пушкиннің «Дубровский» мен
«Метель» поэтикалық аудармалары жарияланды.
Мұхаметжан Тынышбаев
(1879-1937)
Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) —
қазақтың көрнекті саяси
және қоғам қайрат­кері, алаш қоз­
ғалысының негізін
салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, қазақ­
тан шыққан тұңғыш
теміржол қатынас­тарының инженері.
1889-1900 жылдары Верный ерлер
гимназиясында оқып, оны
үздік бітіріп шығады.. Гимназияны
бітіргенде педагогикалық
кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе,
математикада үздік
жетістікке жеткеніберген
губернаторына үшін Алтын медальмен
түсініктеме нұсқасында оны кеңінен
марапатталады.
толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әре­кеттеріне
қысқаша жасар
Жиырма шолу Мұхаметжанның
жасауы — тобықтай Жетісу түйіндеп айтылған зор
ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін
әскери губернаторының
Мұхаметжан өзініңболып
кеңсесіне тілмаш темірорналасуына
жол инженері жолмамандығы бойынша
Орта Азияда, Жетісу
ашады. Бірақ оқуға облысында біраз жыл қызмет етеді.
1918 жылы
ынталы бүкілтүркістандық
жас жоғары ІV-ші мұсылмандар съезіне
білім алуға ұмтылып,
қатысып, онда жарияланған
император Александр І Түркістан («Қоқан») автономиясының
атындағы Петербург теміржол транспортыжылдан бастап Тұрар
премьер-министрі болып сайланады.1926
институтына түсуге
Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға
қатысады.
тілек білдіреді. 1916 жылғы
Сталиндік зобалаңда ол 1930көтеріліс
жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес
туралы Түркістан генерал-
жылға сотталып Воронежге жбес жылға жер аударылады.Онда
ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында
қайта тұтқындалады да, 1938 жылы Ташкент түрмесін­де атылады
Алашорда мүшелері
Демографиялық геноцид. Белгілі демограф
Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша,
тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге
біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда 4,5
миллион адамынан айрылған, яғни бүкіл
халқының үштен екісін жоғалтқан. «Проценттік
қатынаста, — дейді М. Тәтімов, — Қазақстан
қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы
фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы
зұлматтан да асып түсті». (Демографиялық
кескін — Қазақ, 66—67- бет).
Этномәдени экспанция. Патшалық Ресей империясы бастаған
миграциялық Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид
нәтижесінде
саясатты қаңырап бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды.
XIX ғасырдың ортасында өз жерінде 92%-ін құраған жергілікті ұлт
өкілдері 1959 жылғы санақ бойынша 29%-ке дейін төмендеді. Мұның
өзі жылғы қырғынның, азамат соғысының, Ф.
1916 жүргізген «Кіші Октябрь» саясатының, 30-жылдардағы
Голощекин тың және тыңайған жерлерді игеруге сырттан жүз мыңдаған
аштықтың,
бөгделердің келуінің салдары екені белгілі. Этномәдени экспанция:
«феодализмнен социализмге бірден секіру» үшін аймақты
индустрияландыру қажет, ал бұрынғы көшпелілер техникаға жетік емес,
сондықтан орталық аудандардан кәсібилерді шақыру керек дегенді
желеу еткен. Мигранттардың көптеп көшіп келуі қазақтардың дәстүрлі
мәдениетін шайқалтып, оның өрісін тарылтты. Әрине, этномәдени
экспанцияның жағымды жақтары да болды (білімділік деңгейінің
көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог т.б.). Алайда таразының
екі басы тең емес еді.
Қорытынды
ХХ ғасырдыңбасында Қазақстанның мәдениеті өтпелі
қоғамның күрделі құрылымын бейнеледі.
ХХ ғасырдың басында Ә.Бөкейханов: “Қазақ даласында
Самақан, Бұқара, Стамбул, Қазандағы және басқа да
мұсылман орталықтарындағы жоғарғы мұсылман
мектептерін бітірген Науан хазірет сияқты ғұламалар
көптеп кездеседі. Қазақтардың қанша пайызы сауатты
екендігін айту қиын, өйткені оқыту құпия түрде
жүргізіледі және статистикалық әдебиетте мәліметтер
берілмейді”,-деп атап көрсеткен.
Бақылау сұрақтары:
1. ХХ ғасырда қазақ мәдениетінің
дамуы.
2. Қазақ мәдениетінде идея –
жанның мәңгілігін түсіндіріңіз.
3. Демографиялық геноцид
туралы түсіндіріңіз.
4. Этномәдени экспансия.

Ұқсас жұмыстар
Тұманбай Молдағалиев
Ақжол газетінде
КІЛТ СӨЗДЕР:
Сәбит Мұқановтың шығармалары
Қазақ ақыны
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялылары
Сәуірдің сегізі Мағжан Жұмабаев. Қарағым 1893-1938гг
Айқап журналының қазақ тарихындағы орны
Мағжан Жұмабай
АЛҒАШҚЫ БАСЫЛЫМДАР
Пәндер