Шошқа аскаридозын, жылқы параскаридозын диагностикалау


Slide 1

Кафедра: Биологиялық қауіпсіздік

Тақырыбы: Шошқа аскаридозын, жылқы параскаридозын диагностикалау. Дарлинг әдісі. Оксиуроздарды (жылқы оксиурозы мен қоян пассалурозын) диагностикалау

Оқытушы: Тұрғанбаева Г. Е.

Slide 2

Шошқа аскаридозы

Бұл Ascaris suum нематодасының жетілмеген және ересек сатылары қоздыратын, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің зақымдауымен, іш өтуімен, пневмония белгілерімен, аллергиялық реакциялармен сипатталатын, жіті түрінде өтетін гельминтоз ауруы.

Slide 3

Жіктелуі:

Топтамасы:

Тобы:

Тек тармағы:

Тұқымдасы:

Туысы:

Түрі:

Nemathelminthes

Nematoda

Ascaridata

Ascaridae

Ascaris

A. suum

Slide 4

Құрылысы:

Ірі нематода, ұзындығы 10-30 см-ге дейін. Түсі ақшыл. Ауыз тесігі үш ерінмен көмкерілген. Еркек сатыларында екі тең спикуласы бар, құйрық жағы дөңгеленген. Ұрғашыларының бәтегі құрт денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан.

Slide 5

Мекен-жайы:

Ересек сатылары шошқалардың, жабайы шошқалардың, аюлардың ащы ішегінде мекендейді. Ал, жетілмеген сатылары, балаң құрттары олардың бауырында, өкпесінде жүзіп жүреді.

Slide 6

Даму айналымы

Аскаридаталардың дамуы тікелей, яғни аралық иесінің қатысуынсыз өтеді. Геогельминт.

Slide 7

Имаго - шошқалардың ащы ішегінде

Жұмыртқалар - сыртқы ортаға нәжіспен түседі 2-3 аптадан кейін.

Залалдандырғыш жұмыртқа - шошқаның ас қорыту жүйесіне азықпен бірге түседі.

Қарнында, ішегінде балаң құрт қабақтан босап, қан тамырларына енеді, қан айналыммен бауырға, одан жүрекке, ең соңында өкпеге түседі.

Өкпеде капилярды тесіп, өкпе альвеолына, бронхтарға, кеңірдекке ауысады. Мал жөтелгенде майда ұрықтар ауызға түседі. Сосын өңеш арқылы қарынға одан ащы ішекке түседі де, 1, 5-2 ай ішінде ересек сатысына айналады.

Даму айналысы 6-8 айда бітеді, аскаридалар ащы ішекте 7-10 айдай тіршілік етеді.

Slide 8

Эпизоотологиялық деректер.

Аскаридоз - өте кең тараған ауру. Көбінесе 5-6 айлыққа дейінгі жас торайлар арасында жиі ұшырасады. Торайлар есейген сайын олардың аскаридамен экстенсивті залалдануы төмендей береді. Ал, ересек шошқа онымен сирек ж/е бірен-саран ғана ауырады. Гельминтоз сау торайларға бұрын аскарида құртымен залалданған сақа доңыздардан жұғады, әсіресе торайлар енесінің ластанған емшегін емгенде. Құрттың жұмыртқалары малдың, адамның аяғына жабысып немесе шыбындар арқылы таралады. Шаң-тозаңмен суға, арыққа түсуі мүмкін. Сонымен қатар жауын құрттарда сақталып, өсіп-жетіледі. Құрт жұмыртқалары сыртқы орта жағдайына өте төзімді келеді. Олар топырақта 2-2, 5 жылға дейін өлмейді. Аскаридоз эпизоотологиясына шошқаның күтімі, қоралардың жем жейтін астауы, басқа да ыдыс -құралдарының таза болуының көп мәні бар.

Slide 9

аурудың клиникалық белгілері тоғышардың жетілмеген және ересек түрлерінің денеге тигізетін зардаптарының әсерлеріне байланысты. Клиникалық белгілері 2 фазаға бөлінеді:

Сырт белгілері:

Бірінші фазасы:

балаң құрттардың малдың денесін аралап жүретініне байланысты. Даму кезеңдерінде балаң құрттар ащы ішек, сөл бездері, бауыр, кеңірдек, жүрек, өкпелерін аралап шығады. Осының салдарынан торайларда аллергия (түршігу) бронхопневмония (ауа тамырлар, өкпенің қабынуы), жөтел пайда болады. Торайдың денесі қызып, демалысы қиындап, азыққа зауқы төмендейді. Бронхопневмонияның белгілері байқалады. Мұндай жағдай 1-2 аптаға созылады. Торайлар арасында көбінесе бұл кезеңде көбірек өлім шығады. Егер мал өлмесе, аурудың екінші фазасы басталады.

Slide 10

Екінші фазасы

Ас қорыту жүйесінің өзгерістері байқалады. Жас торайлар құсады, олардың іші өтеді, сілекейі ағып, жабығады, жиі демігеді. Көбінесе жатып алады немесе ішегін көптеген нематодалар жалмаса түйнеу белгісі білінеді, торайлар кенеттен шыңғырып құлап түсіп, 1-2 минуттай жатып қалады. Аяқтары дірілдеп, қалтырап тұрады. Торайлар нашар жетіледі, қатты азады.

Аскаридоз ауруының ерекше белгілерінің бірі - оған шалдыққан шошқаларда аллергия салдарынан терісінде қызарған, қанталаған, кейде күлбіреп, 5-6 күннен соң қабыршақтанған жараға айналатын патологиялық өзгерістер пайда болады.

Slide 11

Диагноз қою

1. Лабораториялық зерттеулер: шошқаның нәжісін овоскопиялық әдістерін пайдаланып зерттейді:

1. Фюллеборн әдісі;

2. Вишняускас әдісі;

3. Калантарян әдісі;

4. Щербовичтің әдісі (қаныққан күкірт қышқылды магнезия әдісі) ;

Дарлинг әдісі.

Slide 12

Жұмыртқасы - сопақша келген, орташа (0, 05- 0, 08 мм ұзындығы), күрең не сарғыш түсті, жетілмеген, ішінде бір ғана ұрық клеткасы (трофобласт) бар. 4 қабатты қабығы бар: сыртқы қабаты - ақ заттардан (белок) қалыптасады, екінші және үшінші қабаты - жылтыр болады, төртіншісі, ең іштегісі - липоидты қабат деп аталады. Сыртқы қабаты өте қалың және кедір-бұдыр болады.

Slide 13

2. Иммунологиялық немесе аллергиялық әдіс

Тірі кезінде шошқа аскаридозын 2 айға дейінгі торайлардан анықтау өте қиын. Оның себебі - торайлар аскаридозға шалдыққаннан кейін 1-1, 5 ай ішінде олардың нәжісінен құрт жұмыртқасы табылмайды. Өйткені бұл мерзімде құрттардың жыныс мүшелері толық дамып үлгермейді және олар әлі мал денесінде жүзіп жүреді, ішекке әлі жетпейді. Міне, осы жағдайға байланысты аскаридоздың алғашқы кезеңін аллергиялық әдіспен ғана анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін аскарида денесінен жасалған антигеннің 1% -дық ерітіндісін шошқа құлағының тері қабатына енгізеді. Егер 5-10 минуттың ішінде антиген енгізілген жерінде қошқыл-қызыл дақ пайда болса, онда торайлар аскаридозға шалдыққаны айқын анықталады. Сол дақ бір сағаттай уақыт айқын сақталып, кейіннен бірте-бірте жойылып кетеді. Аллергиялық дақтың түсіне, көлеміне және сақталу мерзіміне қарай шошқалардың аскаридозбен залалдану деңгейін анықтайды.

Slide 14

1. Пиперазин тұздары (адипинат, фосфат, сульфат) - күніне 2 рет 0, 3 г/кг мөлшерінде жемге қосып топтау әдісімен береді.

2. Кремнефторлы натрий - жекелей немесе топтау әдісімен жемге қосып береді.

3. Фторлы натрийды 0, 1 г/кг мөлшерінде торайларды алдын ала 12 сағат ашықтырып барып береді.

4. Сантонин - 0, 05 г/кг мөлшерінде, каломель қосып (0, 03 г/кг есебінде) шошқаларды 12 сағат ашықтырғаннан кейін жемге қосып жекелей береді. Суды еркін ішкізеді.

5. Нилверм - 0, 007 г/кг мөлшерінде н/е алдын ала сақтандыру мақсатымен 5 күн қатарынан премикс түрінде береді. Премикс ішінде 1% нилверм бар, оны бір тонна жемге 10 кг-нан қосып береді.

6. Хлорофос - 5%-дық ерітіндісін жемге қосып екі рет, арасында 5 күн тастап береді. Бұл дәріні тек қана семіртуге қойған шошқаларға беруге болады.

7. Панакур (фенбендазол) - 0, 015 г/кг мөлшерінде күніне екі рет.

8. Ринтал - гранулят 10 %-дық - 0, 05 г/кг мөлшерінде жеммен екі күн қатарынан береді.

Емі: аскаридозға қарсы қолданылатын дәрілер:

Slide 15

Алдын ала сақтандыру шаралары:

1. Сақтандыру дегельминтизация. Онысын мегежіндерге екі рет өткізеді: алдымен торайлаудан бір ай бұрын, екіншісін - күзде, қысқы қораға ауыстырарда.

Торайларды мынадай жүйе бойынша дегельминтизациялайды: көкек айынан желтоқсанға дейін үш рет: 35-40 күндігінде; 50-60 және 80 күндігінде.

Желтоқсаннан көкекке дейін екі рет: 50-55 күндігінде және 90 күндігінде.

2. зерттеу өткізеді.

Slide 16

3. Шошқа бағылатын қора жайлардың, күн шуақ жайдың, серуендеу алаңшаларының едендері қатты төсенішпен жабдықталуы керек.

4. Мүмкіншілік болған жағдайда шошқа бағылатын учаскелерді жазда әр он күн сайын, ерте көктемде, күзде 15-30 күнде ауыстырып отыру керек.

5. Шошқа нәжістерін күн сайын жиыстырып, көң сақтайтын жерде биотермиялық әдіспен залалсыздандыру керек.

6. Қора-жайды екі рет: көктем және күзде дезинвазиялаудан өткізеді, сілтілердің ыстық ерітіндісін немесе 10-20 %-дық ыстық ксилонафт эмульсиясын қолданады.

Slide 17

Ет қоректілер токсокарозы

Бұл аскаридалардың жетілмеген сатысы, яғни балаң құрттары және ересек сатылар қоздыратын, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің зақымдануымен, бронхопневмония және ас қорыту жүйесінің бұзылуымен, улану, жүйке жүйесінің бұзылуы белгілерімен сипатталатын гельминтоз ауруы. Бұл ауру адамға өте қауіпті, өйткені иттердің аскаридаларының балаң құрттары адамның бауыры, тыныс алу жүйесі, жүрек арқылы жүзіп, оларда бронхопневмония, аллергия белгілерін туғызады. Бұл ауру итер, терісі бағалы ет қоректілер арасында өте кең тараған ауру.

Slide 18

Жіктелуі

Тек тармағы: Ascaridata

Тұқымдасы: Anisakidae

Туысы: Toxocara

Түрлері: T. canis, T. mystax

T. canis - ақшыл, сары түсті нематода, ұзындығы 5-18 см. Ұрғашылар еркек сатыларынан ұзындау болады. Ауыз тесігі үш ерінмен көмкерілген және бас бөлігі кең қанаттармен қамтамасыз етілген. Ұрғашыларында аналық тесігі денесінің алдыңғы жағында ашылады. Еркегінің құйрық жағы өте қатты иреленген, қайырылған, қосымша денешесі мен екі қысқа, тең спикулалары бар.

Жұмыртқасы - шар тәрізді, домалақ, майда, сыртқы қабықшасы тор тәрізді, араның ұясына ұқсас болып келеді.

Мекен-жайы: ересек сатылары ішекте, балаң құрттары өкпе мен бауырда және қалың еттерде орналасады.

Slide 19

Даму айналымы

T. canis - тікелей жолмен дамиды және иесінің денесінде кезіп жүреді.


Ұқсас жұмыстар
ШОШҚА АСКАРИДОЗЫ
Эхинококкоз ауруын диагностикалау шаралары
Лептоспирозды диагностикалау
Еттің қай мал түріне жататынын
Шошқа тілмесі
Оқушыларды түгелдеу
Жеке індеттану
Ет өнімдері
Былғары шикізатының негізгі түрлері
Тері топографиясы құрылысы және оның химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz