Химиялық ластанудың адам денсеулығына әсері


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: қоршаған ортаның антропогендік химиялық факторлары

SHYMKENT 2023

Slide 2

ЖОСПАР

I. Кіріспе.

Денсаулық туралы түсінік.

II. Негізгі бөлім.

Химиялық ластаушылар

Қауіпті өндірістік объектілер

Химиялық ластанудың адам денсеулығына әсері

Химиялық ластанудың алдын алу әдістері

Қорытынды

Табиғат -адам баласының тіршілік тынысы.

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі

және сондай-ақ сыртқы себептермен бірге әркімнің өзінің

және әлеуметтің, мемлекеттің денсаулығына деген кемел,

ұтымды да, тиімді көзқарастарына байланысты.

Сонымен, денсаулық көп факторларға:мәсіл -

тұқым, әлеуметтік-экономикалық, табиғи орта

жағдайлары денсаулық жүйесінің даму деңгейі, әсіресе

адамның өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты

болған.

Қазіргі кезде табиғаттың қатты ластанғандығынан

адамдар әр түрлі ауруларға ұшырап жатыр.

Денсаулық туралы түсінік

Slide 4

Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы,

альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады.

ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАУШЫЛАР

Slide 5

Мынадай қауіпті заттар, механизмдер, құрал-жабдық және технологиялық өндірістік процестер:

1) жарылыс пен өрт қаупі бар орта қалыптастыра алатын заттар;

2) адам ағзасына әсер ету деңгейі бойынша қауіптіліктің I, II, III сыныптарына жататын зиянды заттар;

3) сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өз-өзінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын жарылғыш заттар;

4) 0, 07 мегаПаскальдан астам қысыммен және сұйықтықтың қайнау температурасынан жоғары температурада жұмыс істейтін жабдық;

5) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер;

6) қара, түсті және басқа да металдардың балқымалары және осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар;

ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕР

Slide 6

ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУДЫҢ АДАМ ДЕНСЕУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып

табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалауқасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер

етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшеріадамның өліміне әкеліп соқтырады.

Slide 7

экологиялық және табиғат қорғау заңдарынжетілдіру және оларды бұлжытпай орындау

табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту

көкті жұлмау

қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіру

үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету

елдегі экологиялық жағдайлар мәліметтерінің көпшілікке жетуін қамтамасыз ету

ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ӘДІСТЕРІ

Slide 8

ҚОРЫТЫНДЫ

Расында адам бақылауынан шығып кеткен техникалық прогресс адамның өзіне қауіп төндіріп отыр. Ғылыми - техникалық революцияның өрістеуі әсерінен қоршаған ортада күрделі өзгерістер болуда. Осының салдарынан ластану түрлері көбейіп, жер бетіндегі тіршілікке зиянын тигізуде. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

Slide 9

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

• Молдахметов З. М., Газалиев А. М., Фазылов

С. Д. «Экология негіздері». Қарағанды,

• Дарибаева А. О., Оразбаева Р. С. «Экология

негіздері». Астана,

• Ә. Бейсенова, А. Самақова «Экология және

табиғатты тиімді пайдалану»Алматы,


Ұқсас жұмыстар
Ластанған ауаның зиянды әсері
Экогенетикалық ауруларға себеп болатын факторлар және туындайтын аурулар
Адам организміне қоршаған ортаның әсері
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және олардың экологиялық генетикалық салдарлары
Радиациялық және химиялық қауіптілік
Топырақ экологиясы
Радиациялық қауіпсіздік
Топырақтың ауыр металдармен ластануы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Атмосфера ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz