Өркениетті зерттеуші ғалымдар




Презентация қосу
Өркениетті зерттеуші
ғалымдар
Асан Мустафа|ЕтЖАЖ-131|Бейбітгүл Құспантайқызы
Өркениет
• Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің
жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп
өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден
айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың
түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық
мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим
империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет
ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының
мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

1. мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер
(И.Гердер, Э.Тайлор);

2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы,
руханилықтың антиподы (Ж.Ж.
Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі,
қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-
мәдени саты (Л.Морган);

5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің
оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

6. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның
материалдық жағы.
• Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды
сипаттау үшін қолданылды.
ӨРКЕНИЕТ ПЕН
МӘДЕНИЕТ
СИНОНИМ
РЕТІНДЕ
мәдениет пен Өркениет бір, олар
синонимдер
Өркениет – мәдениеттің ақыры,
оның “кәрілік” шағы,
руханилықтың антиподы
Өркениет – мәдениеттің прогресі,
болашаққа бой сермеуі, қоғамның
парасаттылық деңгейі
Өркениет – тағылық пен
варварлықтан кейінгі тарихи-
мәдени саты
Өркениет – этностар мен
мемлекеттерге тән мәдениеттің
оқшау түрі
Өркениет – мәдениеттің
техникалық даму деңгейі, оның
материалдық жағы.
В.Ростоу, Д.Белл, О.Тоффлер
өздерінің тарихи-кезеңдік
ӨРКЕНИЕТ зерттеулерінде технократиялық
тәсілді қолданады, соның негізінде
ТОЛҚЫНДА келесі өркениеттер ажыратылады:
РҒА 1. Аграрлық (индустрияға дейінгі),
БӨЛІНУІ 2. Өнеркәсіптік (өндірістік) 3.
Ақпараттық (постиндустриалды)
Елбасымыз

Қазақтың Н.Ә.Назарбаев "Ұлы
даланың жеті қыры"
мақаласы біраз тың
ойды қозғап бергені

өркениетк
рас. "Рухани жаңғыру"
бағдарламасының
жалғасы іспеттес
аталмыш мақаланың

е қосқан
"Ұлт тарихындағы
кеңістік пен уақыт",
"Тарихи сананы
жаңғырту" атты

үлесі
бөлімдерін оқығанда біз
де өз тарапымыздан
біраз дүниені айту
керектігін аңғардық.
Қазақ әлемдік
өркениетке қандай
үлес қосты?

Қазақ жері - материалдық мәдениеттің қалыптасу ошағы, ежелгілердің
техникалық жаңалықтарының куәсі болған мекені. Атқа міну мәдениеті алғаш
Ұлы даладан таралғаны белгілі. Тарихтағы деректерге ешкім жиендік жасай
алмайтыны хақ. Жылқының тұңғыш рет қазақ даласында қолға үйретілгенін
жүргізілген қазба жұмыстарынан, зерттеушілердің дәлелдерінен де көреміз.
Археолог ғалым Виктор Зайберттің пікірінше: «Б.з.д. VI мың жылдықта қазіргі
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары аумағында
үлкен тарихи оқиғалар орын алған. «Дәл осы өңірлерде далалық өркениеттің
бастауы – ат – көліктік коммуникация дәуірі қалыптасқан». Шотландиялықтар
килтті, яғни еркектер белдемшесін климатқа байланысты әрі қолайлы болған соң
дәстүрлі түрде кигенін тарихтан білеміз. Ал шалбардың алғашқы нұсқасы немесе
салт аттылардың асты - үсті бөлек орналасқан киімдері - көшпенділердің идеясы.
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері, жұмсақ өкшелі саптама етіктер, ер
тұрман, үзеңгі, қылыш, сауыт – бәрі – бәрі көшпенділердің мұрасы.
Түркілер өркениеті: Оғыз
қаған кім?
Елімізде енжар дамып келе жатқан салалардың бірі тарих ғылымының теория-
методологиясы мен философиясы десек, әсте қателеспейміз. Оның айқын дәлелі –
соңғы ширек ғасырда осы сала бойынша әлемдік ғылыми жаңалығы бар бірде-бір
сүйекті, ірі ғылыми еңбек жарық көрмепті. Керісінше, тарихи оқиғаларды
жеткізумен шектелетін қаптаған кандидаттық һәм докторлық диссертациялар
қорғалып, ғылымға кездейсоқ келген қаншама “жиенбайлар” мен “жолбикелер”
профессор атағын алды. Әсіресе, тарихи қолжазбалар мен археологиялық қазба
жұмыстарының нәтижесін кешенді түрде тұжырымдап, түркі мәдениеті мен
өркениеті турасында жаңа көзқарас, соны пікір айтқан ғылым иелерін, өкінішке
қарай, өз ортамыздан көре алмай отырмыз. Әлбетте, өткен тарихымыздың белгілі
бір кезеңдерін жан-жақты зерделеп, өзіндік пайым жасаған парықты азаматтар
мүлде жоқ емес, сирек болса да бар. Бірақ төл тарихымыздың шындығын паш
ететін кешенді жаңа философиялық байламдар жасалған жоқ. Айталық,
“түркілерде өркениет болған ба, болмаған ба?” деген мәселе ғылымда әлі күнге
дейін басы ашық күйде қалып отыр. Біз бүгін талайдан бері түйіні тарқатылмай
жүрген осы мәселеге қатысты өз ой-тұжырымымызды ортаға салмақпыз.

Ұқсас жұмыстар
ТОТЕМИЗМ ДІННІҢ АЛҒАШҚЫ ФОРМАСЫ
Ежелгі карталар
Ежелгі адамдардың географиялық карталары
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
Аэроғарыштық әдіс
Көшпелілік мәдениет түрі
Географиялық зерттеулердің әдістері
Сұрақтан жауапқа көшу
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Пәндер