1980 жылы Жерұйық жыр кітабы үшін Қазақ КСР




Презентация қосу
Қадыр
Ғинаятұлы
Мырзалиев
Қадыр Мырза Әли
Өмірбаяны

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, 1935 жылы 5 қаңтарда Орал
облысының Жымпиты кентінде туған. Ақын, Қазақстанның
халық жазушысы (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология
факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан
ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.
«Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын
бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың
орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында
қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының
редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия
секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы»
жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы
берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның
халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын
алды.
Кітаптары

• «Жаңғалақтар» (1960);
• «Кішкене қожанасырлар» (1961);
• «Данышпан» (1961);
• «Ноян-қоян» (1962);
• «Алуан палуан» (1963);
• «Сабақ» (1964).
Жыр жинақтары
• «Ой орманы» (1965 • «Мәңгі майдан» (
); 1993);
• «Дала дидары» ( • «Биік баспалдақ» (
1966); 1993);
• «Ақ отау» (1968); • «Үкілі үзінділер» (
1996);
• «Домбыра» (1971);
• «Алаштың
• «Көш» (1973); арманы» (2001);
• «Жерұйық» (1976); • «Жазмыш» (2001);
• «Алақан» (1977); • «Еңіреп өткен
• «Қорамсақ» (1980, ерлер-ай» (2001);
1981); • «Иірім» (2004);
• «Қызыл кітап» ( • «Шырғалаң» (2004);
1983);
• «Алмас жерде
• «Күміс қоңырау» ( қалмас» (2004).
1970 — 1985);
Марапаттары мен ордендері
• «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан
Ленин комсомолының сыйлығы (1966).
• «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлығы (1980).
• Әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі
үшін Моңғолияның халықаралық
«АВЬЯАС» сыйлығы (1993)
• Қазақстанның халық жазушысы (1995).
• Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы (2001).
• Достық ордені
• Парасат ордені
Шығармашылық
жолы

Оның тұңғыш туындысы 1954
жылы республикалық «Пионер» балала
р журналында жарияланды. Содан бергі
уақыт ішінде оның жетпістен астам
поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-
сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері
мектеп оқулықтарына енді.Ал әнге
арнап жазылған өлеңдерінің саны екі
жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең
тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап
болып басылып шықты. Талантты
ақын қаламынан халық фольклорының
атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе
жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр
қақпан» атты өткір сатиралы комедия
мен Махамбеттің ең соңғы азапты
күндеріне арналған «Жаралы
жолбарыс» атты және «Әмір Темір»
кесек драмалық шығармалары да
жарық көрді. Тұңғыш жинағы
«Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
Орыс тілінде жазылған
шығармалары
• Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный
сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна
домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы
басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975),
қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы»
(1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды.
Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы
бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне
аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында
басылып шықты.
• Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
• 2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять»
атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.
Асан Мустафа|ЕТжАЖ-131

Назарларыңызға рахмет!)

Ұқсас жұмыстар
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев
Еңбекжолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы
2000 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ақын, жазушылар
Оқуға құштар мектеп
Қадыр Мырза Әлі - күміс қоңыраулы балалар ақыны
Фариза Оңғарсынова туралы
Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер
Олжас Сүлейменов
Қазақ солдаты
Желтоқсан оқиғасы туралы ақпарат
Пәндер