ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ЖЕТЕКТЕР
Презентация қосу
ПНЕВМАТИКАЛЫҚ
ЖЕТЕКТЕР
Орындаған:Туррғынбай Д.Е.
ПНЕВМОЖЕТЕК ГИДРОЖЕТЕК ТӘРІЗДІ ӨЗ ТҰРҒЫСЫНДА
ҚОЗҒАЙТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШ ПЕН КҮШТІҢ (МАШИНАНЫҢ
НЕМЕСЕ МЕХАНИЗМНІҢ) АРАСЫНДАҒЫ «ПНЕВМАТИКАЛЫҚ
ЕНДІРМЕ» ТӘРІЗДІ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ БЕРІЛІС
(РЕДУКТОР, ТАСПАЛЫ БЕРІЛІС, ИІНТИЕКТІ-БҰЛҒАҚ
МЕХАНИЗІМІ Т.Б) ФУНКЦИЯЛАРЫН ОРЫНДАЙДЫ.
РЕДУКЦИЯЛЫҚ ҚАҚПАҚША
Пневможетектің негізгі қызметтік тағайындалуы,
механикалық беріліс сияқты – жетек қозғалтқыштың
механикалық сипаттамаларын жүктеме талаптарына
сәйкес түрлендіру (кіріс буынның қозғалыс түрін, оның
параметрлерін, реттеуін, артық жүктемеден қорғауды).
Жалпы пневможетекте энергияны беру мына түрде
жүреді:
1. Жетекші қозғалтқыштың айналу моментін жұмыстық
(ауаға) газға энергия жеткізетін компрессор білігіне
береді.
2. Жұмыстық газ (ауа) арнайы дайындықтан кейін
пневможелі бойынша реттейтін аппарат арқылы
пневматикалық қозғалтқышқа түседі, мұнда
пневматикалық энергия механикалыққа түрленеді.
3. Осыдан кейін, жұмысшы газ қоршаған ортаға
шығарылады. Гидрожетектен ерекшелігі – мұнда
жұмыстық сұйық гидрожелі бойынша не бакқа қайта
оралады, немесе тікелей сорғыға барады.
ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ЖЕТЕК СЫҒЫЛҒАН АУАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ҚОНДЫРҒЫДАН, ПОРШЕНДІ НЕМЕСЕ
РОТАЦИЯЛЫҚ КОМПРЕССОРДАН,
АУА ЖҮРЕТІН ЖҮЙЕДЕН ЖӘНЕ СЫҒЫЛҒАН АУАНЫҢ
ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЗҒАЛЫСҚА КЕЛТІРІЛЕТІН ПНЕВМАТИКАЛЫҚ
ҚОЗҒАЛТҚЫШТАН ТҰРАДЫ . КОМПРЕССОР ҚОЗҒАЛЫСТЫ
ЭНЕРГОҚОЗҒАЛТҚЫШТАН НЕМЕСЕ ІШТЕН ЖАНАТЫН
ҚОЗҒАЛТҚЫШТАН АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРЫЛАДЫ.
ІЛГЕРІЛЕМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ПНЕВМОЖЕТЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫС
ҚҰРАЛЫНА ӘСЕР ЕТУ СИПАТЫ БОЙЫНША:
ЕКІПОЗИЦИЯЛЫЛАР – ЖҰМЫС ҚҰРАЛЫ ЕКІ ШЕТКІ ОРЫН-
ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АРАЛЫҒЫНДА ҚОЗҒАЛАДЫ;
КОМПОЗИЦИЯЛЫЛАР – ЖҰМЫС ҚҰРАЛЫ ӘРТҮРЛІ, ОРЫН-
ЖАҒДАЙЛАРДА ҚОЗҒАЛАДЫ.
Пневможетектер (ілгерілемелі
қозғалыстағы) әсер ету принципі
бойынша:
біржақты әсер ететін – жетекті
бастапқы жағдайына
механикалық серіппемен
келтіреді;
екіжақты әсер ететін – жетектің
жұмыс құралын қозғалту ауа
қысымымен іске асырылады.
Ілгерілемелі қозғалыстағы пневможетектер құрылымы (конструкциясы) бойынша
былай бөлінеді:
пішпекті – ауа қысымы немесе серіппелер әсер еткенде пішпегі қозғалатын цилиндр
түрінде (екі нұсқада орындалуы мүмкін: біржақты пішпекті пневможетектерде
жұмыстық жүріс ауа қысымы арқылы, бос жүрісте – серіппе арқылы екіжақтыларда
– жұмысты және бос жүрістер де ауа қысымымен іске асырылады);
мембрандылар – екі қуысқа мембранамен бөлінген герметикалық камера түрінде;
мұнда цилиндр мембрананың қатаң ортасымен жалғанған және оның барлық
алаңына ауа қысымы әсер етеді (пішпекті тәрізді екі түрде орындалады – бір немесе
екіжақты болып).
Сильфондылар сирек қолданылады, іс жүзінде әрқашан біржақты әсер ететін:
қайтару күші сильфонның өз серпімділігімен немесе қосымша серіппе қолдану
арқылы іске асырылады.
Ерекше жағдайларда (тез әсер етуді жоғарылату талап етілгенде)
пневможетектердің арнайы типтері қолданылады – реле типтес тербелмелі
пневможетек.
гидрожетектен айырмашылығы - жұмыстық денені (ауаны) компрессорға
кері қайтару қажет еместігі;
• гидрожетекпен салыстырғанда жұмыстық дене салмағының кемдігі
(зымран құрлымы үшін өзекті);
• электрлікпен салыстырғанда орындаушы құрылғылар салмағының
кемдігі;
• энергия көзі ретінде сығылған газ баллонының қолдануымен жүйені
оңайлату мүмкіндігі, мұндай жүйелер кейбір кезде пиропатрон орнына
қолданылады, баллондағы газ қысымы 500 МПа дейін баратын жүйелерде
болады;
• жұмыс газының арзандығына байланысты, қарапайымдылығы мен
үнемділігі;
• пневмомоторлардың шапшаң іске қосылуы мен ең көп айналу жиілігі
(минутына бірнеше ондаған мың айналымға дейін);
өртке қарсы қауіпсіздігі мен жұмыс ортаның
бейтараптылығы пневможетектің химиялық
өндіріс пен шахталарда қолдану мүмкіндігін
қамтамсыз етеді;
• гидрожетекпен салыстырғанда –
пневматикалық энергияны үлкен қашықтыққа
(бірнеше километрге дейін) жеткізу
қабілеттігі бар, ол пневможетекті
магистралды ретінде шахталар мен кен
орындарында пайдалануына мүмкіншілік
етеді;
• гидрожетектен айырмашылығы –
пневможетек, жұмыс ортасының (ағып
кетуіне, кеміп қалуына) ПӘК азғана тәуелді
салдарынан қоршаған ортаның температурасы
өзгеруіне сезімталдығы төмен, сондықтан
пневможабдықтың бөлшектер арасындағы
саңылаудың өзгеруі мен жұмыс ортаның
жабысқақтығы пневможетектің жұмыс істеу
параметрлеріне елеулі әсер етпейді; бұл
пневможетекті металлургия өнеркәсіптерінің
ыстық цехтарында қолдануын ыңғайлы етеді.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz