Үшкіл және бет нервтері




Презентация қосу
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Хирургиялық стоматология

СӨЖ
Презентация

Тақырыбы: Үшкіл және бет нервтері

Тексерген: Угланов Ж.Ш
Орындаған: Балқан А.С
Факультет:Стоматология
Курс: V
Алматы 2016 Тобы:12-001-01 топ
Үшкіл нерв

N.Trigeminus, үшкіл нерв, бассүйектің
V жұп нервісі, аралас, қимылдатқыш
және сезімтал талшықтардан тұрады. 4
ядросы бар: 2 сезімталдық және 1
қимылдатқыш ядролары мидың артқы
бөлімінде, ал 1 сезімталдық ядросы
мидың ортаңғы бөлімінде жатады.
Нервтің қымылдатқыш тармақтары
Варолиев көпірінің алдыңғы бөліміндегі
ядродан, nucleus motorius шығып, самай
сүйек пирамидасының алдыңғы-үстіңгі
бетінің батыңқысында жататын Гассер
түйінге барады.
Нервтің сезімталдық талшықтары
қозғалтқыш тармағының жанынан өтіп,
Гассер түйініне жеке өзі енеді.
Үшкіл нерв
Гассер түйіні, ganglion Gasseri
жарты ай пішінді, жалпақ, жұмсақ
консистенциялы. Бұл түйін самай
сүйек пирамидасының алдыңғы-
үстіңгі бетінің батыңқысында,
impressio trigemini, қатты ми
қабықшаларының аралығында
жатады және үш нерв тармағын
береді.
Гассер түйінінің құрамына
кірмейтін қозғалтқыш нерв тармағы
жеке өтіп, үшкіл нервтің үшінші
тармағын құрайды.
Үшкіл нерв
Бірінші тармағы үңгірлі қойнаудың,
sinus cavernosus, қабырғасынан өтіп,
үстіңгі көзұялық саңылауы, fissura
orbitalis superior, арқылы көз ұясына
көз нервісі, n.ophtalmicus атауымен
барады.
Екінші тармағы, n.maxillaris,
бассүйектің түбінде ашылатын
дөңгелек тесіктен, f.rotundum, шығып
алға-төмен қарай барады
Үшінші тармағы, n.mandibularis,
қозғалтқыш нерв тармағы бола тұра,
аралас нерв болып табылады.
Үшкіл нерв

І тармағы
N.ophtalmicus, көз нерві Гассер түйінінің ішкі бөлімінен
шығып, үңгірлі қойнаудың қабырғасынан өтеді және
үстіңгі көзұялық саңылаумен fissura orbitalis superior,
көзұясына барады.

Үстіңгі көзұялық саңылауға кірер алдында көз нерві 3
тармақ береді:
1. n.frontalis (маңдай нерві)
2. n.lacrimalis (көзжас нерві)
3. n.nasocilliaris ( мұрын-кірпіктік)
Үшкіл нерв

N.frontalis, үстіңгі көзұялық
тесіктен шығып, үстіңгі көзұялық
нерв, n.supraorbitalis, атауымен
маңдай терісін нервтейді.
N.lacrimalis, көзұяның сыртқы
және жоғарғы қабырғасы бойымен
көзжас безіне барады. Одан өткен
соң көздің сыртқы бұрышының
коньюктивасы мен терісін
нервтейді.
N.nasociliaris, өзінің ұзын кірпіктік
тармақтарымен n.ciliaris longi, көз
алмасын нервтейді.
Үшкіл нерв
ІІ тармағы
N.maxillaris, жоғарғы жақсүйек нерві Гассер
түйінінің дөңестеу тұсынан басталып,
бассүйек түбіндегі дөңгелек тесіктен,
f.rotundum, сыртқа шыгады. Дөңгелек тесіктен
шыққан соң қанат-таңдай шұңқырының
алдыңғы қабырғасына (жоғарғы жақсүйек)
барып, көзұясының төменгі саңылауы арқылы
көзұясына кіреді. Осы арада canalis
infraorbitalis арқылы n.infraorbitalis атауымен
жоғ.жақсүйектің алдыңғы бетіне шығады.
Көзұяасты тесігінен шыққан нерв бірнеше
тармақтарға бөлініп, “кіші қазтабанды”, per
anserinus minor, құрайды.
Үшкіл нерв
Қанат-таңдай шұңқырының төменгі
тұсында бет-жақ аймағындағы ең ірі
парасимпатикалық қанат-таңдай түйіні
g.pterygopalatinum, жатады.
Қанат-таңдай түйінінің жасушалары
импульсті қанат-таңдай шұңқырында
жатқан n.canalis pterygoidea қабылдайды.
Аталмыш нерв 2 бөлімнен тұрады:
1) Бет нервтен келіп қосылатын
парасимпатикалық нерв, n.petrosus major,
n.petrosus superfasialis major
2) Ішкі ұйқы артерия бойымен келетін
симпатикалық нерв тармақтарының өрімі,
plexus coroticus internus, n.petrosus
profundus,
Үшкіл нерв
Түйіннен мұрынның кілегей
қабығына f.sphenopalatinum арқылы
нерв тармақтары барады. Сондай-ақ
мұрынның аралық, бүйір
қабырғасына нерв тармақтарын
береді.
Нерв тармақтары арасындағы ең ірісі
– мұрын-таңдай нерві
n.nasopalatinus, мұрынның аралық
қабырғасынан төмен қарай қиғаш
өтіп, күрек тіс өзегінен өткен соң
қатты таңдайдың алдыңғы бөлімінің
кілегей қабығын нервтейді. Өзекке
кірмей тұрып алдыңғы тіс ұяшық
нервтерімен байланыс құрады.
Үшкіл нерв
Таңдай нервтері, n.palatini, қанат-таңдай түйінінің
төменгі бөлімінен шығып, қанат-таңдай өзегі
арқылытаңдайға барады. Өзектің ішінде алдыңғы ұсақ
тесіктерден нерв тармақтары n.palatinus anterior, мұрын
қуысының төменгі жолынабарады. Алдыңғы таңдай
нервтің негізгі тармағы үлкен таңдай тесіктен шыққан
соң, қатты таңдайдың алдыңғы жағының кілегей қабығын,
жартылай қызылиекті нервтейді. Ортаңғы және артқы
таңдай нерв тармақтары n.palatini medius et posterior,
таңдайдың ұсақ тесіктерінен шығып, жұмсақ таңдайдың
кілегей қабығын нервтейді.
Үшкіл нерв
Үлкен және кіші таңдай нервтері
n.palatinus major et minor, өздерімен
аттас тесіктерден шығып, қатты
және жұмсақ таңдай аймақтарын
нервтейді.
n.palatinus major қатты таңдайдың
кілегей қабығын сезімтал
тармақтармен;
n.palatinus mіnor жұмсақ таңдайдың
бұлшықеттерін қозғалтқыш
тармақтармен нервтейді;
Үшкіл нерв
Үшкіл нервтің екінші тармағы тек қанат-таңдай түйінімен
ғана байланыс жасап қоймай, сондай-ақ, жолында
көптеген нерв тармақтарын таратады. Олар мына нерв
тармақтары:
1) n.zygomaticus (бетсүйек нерві)
2) rami alveolares superiores posteriores (үстіңгі-артқы
альвеолалық нерв)
3) ramus alveolares superior medius (үстіңгі-ортаңғы
альвеолалық нерв)
4) ramus alveolares superiores anteriores (үстіңгі-алдыңғы
альвеолалық нерв)
Үшкіл нерв
Жоғарыда аталған нерв
тармақтары nervi alveolaris
superiores атауымен жоғарғы
жақсүйектің тістерін
нервтейді.
Үлкен азу тістерді артқы
ұяшық, кіші азу тістерді
ортаңғы, ал алдыңғы тістерді
алдыңғы ұяшық нервтері
нервтейді.
Сондай-ақ, нерв өрімі Гаймор
қойнауының кілегей қабығын
нервтейді.
Үшкіл нерв
ІІІ тармағы

N.mandibularis, төменгі жақсүйек нерві,
аралас қызмет атқарады (сезімталдық
және қозғалтқыш), Гассер түйінінің
дендриттерінен және үшкіл нервтің
қозғалтқыш ядросының
нейроциттерінен қалыптасады.
Басқа нервтермен салыстырғанда жуан
және қысқа, себебі бірден самай сүйек
пирамидасының батыңқысынан,
impressio trigemini, басталып, сопақ
тесіктен шыққан соң самайасты
шұңқырында бірнеше нерв
тармақтарын береді.
Үшкіл нерв
Төменгі жақсүйек нерві сопақ
тісіктен шыққан соң,
2 тармаққа бөлінеді:
1) Алдыңғысынан –
қимылдатқыш және ұртқа
баратыны сезімтал нервтері;
2) Артқысынан – едәуір ірі,
сезімталдық тармағы мен ішкі
қанаттәрізді және дабыл
жарғағының бұлшықеттеріне
баратын қимылдатқыш нерв
тармақтары бөлініп шығады.
Үшкіл нерв
Төменгі жақсүйек нервтің
қимылдатқыш тармақтары:

1) меншікті шайнау бұлшық етінің
нервісі, n.massetericus латеральды
қанаттәрізді б.е үстінен орап,
төменгі жақсүйек бұтақтары
аралығының жарты айшықты
ойығынан incisura mandibularis, өтіп,
меншікті шайнау бұлшықетіне
барады.
2) терең самай нерві, n.temporalis
profundi, әдетте екеу: алдыңғы және
артқы. Алдыңғысы артқысына
қарағанда кіші, самай бұлшықетіне
енеді.
Үшкіл нерв

3) медиальды және латериальды қанат тәрізді нервтер,
n.pterygoidea medialis et lateralis, өзі аттас бұлшықеттерді
нервтейді.
4) жұмсақ таңдайды керетін нерв, n.tensoris veli palatim,
өзі аттас бұлшықеттерді нервтейді.
5) дабыл жарғағының нерві, n. tensoris tympani, өте
жінішке және қысқа
Үшкіл нерв
6) жақсүйек-тіл нерві, n.
mylohyoideus, төменгі тіс
ұяшығы нервімен бірге
шығып, төменгі жақсүйек
тесігіне кірер алдында
қосқарыншалы бұлщықеттің
m.digastricus, алдыңғы
қарыншасын және
m.mylohyoideus, нервтейді.
7) ұрт нерві, n.buccalis, өзі
аттас аймақтың кілегей
қабығын нервтейді
Үшкіл нерв
Төменгі жақсүйек нервтің
сезімтал тармақтары:
1) n.auriculotemporalis, құлақ-самай
нерві, төменгі жақсүйек буын
басының мойнынан асқан соң,
самай-жақ буынына, сыртқы есту
өтісінің терісіне, дабыл жарғағына
нерв тармақтарын береді.
2) n.buccalis, ұрт нерві, самайасты
шұңқырынан шығып, қанаттәрізді
бұлшықеттердің аралығынан
өтеді. Ұрттың кілегей қабығын
түгелдей нервтейді.
Үшкіл нерв
3) n.alveolaris inferior, төменгі
альвеолалық нерв, нервтердің ең
ірісі, төменгі жақсүйек бұтағы мен
медиальды қанаттәрізді бқлшықет
аралығынан өтіп, төменгі жақсүйек
тесігіне f.mandibilare, барады.
Тесікке кірерде n.mylohyoideus нерв
тармағын береді. Бұл нерв төменгі
жақсүйек өзегіне canalis
mandibularis, төменгі тіс өрімін
құрап, жеке тармақтарға бөлінеді.
Бұл нерв иек тесігінен f.mentalis,
шыққан соң иек нервісі атауымен
n.mentalis, иек терісін, төменгі
ерінді нервтейді.
Үшкіл нерв
4) N.lingulis, тіл нервісін
төменгі жақсүйек нерві сопақ
тесіктек шыққаннан соң
береді. Бұл нерв төменгі
альвеола нервісінің алдына
таман медиальды орналасып,
қанаттәрізді б.е пен төменгі
жақ тарамының арасын
бойлай алға-төмен қарай
жалңасады. Тілдің 3\2
бөлігінің,тіластының кілегей
қабығын, жақ,тіласты сілекей
бездерін нервтейді
Пайдаланылған әдебиеттер

1) А.Ғ Құраш. Бастың және
мойынның клиникалық
анатомиясы
2) Ж.Б Оразалин Қ.Т Төлеуов.
Хирургиялық стоматология
3) www.google.kz

Ұқсас жұмыстар
ҮШКІЛ ЖҮЙКЕ АДАМНЫҢ ЖАҒЫН
Үшкіл нерв
Қызыл ядро
Мойын бұлшықеттері
Үшкіл нерв невралгиясы. Клиника, диагностика, емі
НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Көз жүйкесі
Орталық нерв жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Торлы құрылымның физиологиясы
Пәндер