Көз жүйкесі


Slide 1

Үшкіл нерв Бет нерві

Slide 2

V-жұп - Үшкіл нерв, nervus trigeminus

Slide 3

Үшкіл нерв бас сүйек жүйкелерінің ішіндегі ең жуаны, ол қызметі жағынан аралас нервтерге жатады.

Құрамы жағынан да, қызметі жағынан да өте күрделі.

Бұл жүйкенің талшықтары көпірде орналасқан қозғалтқыш ядролардан басталады.

Сезімтал талшықтары үшкіл жүйкенің ортаңғы ми және жұлындық жолдарындағы ядроларға барады.

Slide 4

Үшкіл нервтің жүру жолдары мен ядролары

1 - көз жүйкесі;

2 - жоғарғы жақсүйек жүйкесі;

3 - төменгі жақсүйек жүйкесі;

4 - үшкіл түйін;

5 - үшкіл нервтің қозғалтқыш ядросы;

6 - үшкіл нервтің жоғарғы сезімтал ядросы;

7 - үшкіл нервтің жұлындық ядросы;

8 - бульботаламикалық жол;

9 - таламус;

10 - таламикоқыртыстық жол;

11 - қыртыс-ядролық жол.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Жүйке ми негізінен көпірдің бүйір беттері арқылы екі түбір түрінде шығады: жуаны - сезімтал, жіңішкесі - қозғалтқыш болады.

Олар алға және бүйір бағытталып, самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде үшкіл жүйке түйінін түзеді, ол Гассер түйіні деп аталады.

Slide 8

Гассер түйінінен үшкіл жүйке үш тармаққа бөлінеді:

Көз жүйкесі

Жоғарғы жақ жүйкесі

Төменгі жақ жүйкесі

Slide 9

Алғашқы екі тармақ қызметі жағынан сезімтал, соңғысы аралас . Үш тармаққа да жолда парасимпатикалық талшықтар қосылып, жас және сілекей бездерінде аяқталады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Үшкіл нерв, nervus trigeminus,

3 тармаққа бөлінеді:

Көз жүйкесі, n. ophtalmicus

Жоғарғы жақ жүйкесі, n. maxillaris

Төменгі жақ жүйкесі, n. mandibularis

Slide 13 Slide 14

Көз жүйкесі, nervus ophtalmicus

көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы көз шарасына шығып, көзжас, маңдай және мұрын-кірпікті жүйкелерге бөлініп кетеді.

Көз жас жүйкесі көз жас безін, көз алмасының шырышты қабығы мен жоғарғы қабақтың бүйір бөлігін жүйкелендіреді.

Көз жас жүйкесі, n. lacrimalis, көз шарасынан маңдайға шығып, маңдай, жоғарғы қабақ және мұрын түбірі терісін иннервациялайды.

Slide 15

Көз жүйкесі, nervus ophtalmicus

Slide 16

Мұрын-кірпікті жүйке, n. nasociliaris, тор сүйек ауалы қойнауының шырышты қабығын, мұрын қуысының алдыңғы бөлігін, көз алмасының тамырлы және ақ қабықтарын, көздің медиалды бұрышы мен мұрын түбірі терісін жүйкелендіреді.

Ұзын кірпікті жүйкелер көз қарашығын кеңейтетін бұлшықеттерді иннервациялайды.

Slide 17

Жоғарғы жақ жүйкесі, n. maxillaris

Сына сүйегінің дөңгелек тесігі арқылы қанат- таңдай шұңқырына шығып, көз шара асты жүйкелерін, бет жүйкелерін бөледі.

Көз шара асты жүйкесі, n. infraorbitalis, жоғарғы жақ жүйкесінің жалғасы тәрізді. Ол көзшарасының төменгі саңылауы арқылы қанат-тағдай шұңқырынан көз шара қуысына өтіп, ол жерден көзшара асты өзегі арқылы жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы бетіне шығады.

Slide 18

Көз шара асты өзегінде ол жоғарғы жақтың терісі мен қызыл иегін жүйкелендіретін тармақтар бөледі. Бұдан басқа, көзшара асты жүйкесі төменгі қабақ, сыртқы мұрын, жоғарғы ерін терісін, мұрын қуысы жоғарғы бөлігінің шырышты қабығын қабығын жүйкелендіреді

Slide 19 Slide 20

Бет жүйкесі, n. facialis, көзшарасына көзшарасының саңылауы арқылы шығып, одан шықшыт сүйегінің шықшыт -көзшара саңылауы сүйекке енеді де екі тармаққа бөлінеді. Олардың бірі - самай шұңқырына шығып, самай аймағының терісін жүйкелендіретін шықшыт-самай тармағы, екіншісі - бет және ұрт аймағының терісін жүйкелендіретін шықшыт-бет тармағы болып табылады.

Slide 21

Қанат-таңдай түйіні, ganglion pterygoideus, вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігіне жатады, одан мұрын қуысының,

қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабығы мен бездерін

жүйкелендіретін

тармақтар бөледі.

Slide 22

Төменгі жақ жүйкесі, n. mandibularis

Қызметі жағынан аралас жүйке.

Жүйке бас сүйектің сопақша тесігі арқылы шығады.

Қозғалтқыш тармақтары шайнау бұлшықеттеріне, сонымен қатар таңдай пердесіне керетін және дабыл жарғағын керетін бұлшықеттерге барады.

Сезімтал талшықтары тіл және төменгі ұяшықтық жұйкелер мен қатар бірнеше майда жүйкелер бөледі. Олар ұрт терісі мен шырышты қабығын, құлақ қалқанын, сыртқы есту жолын, дабыл жарғағы мен самай аймағының терісін жүйкелендіреді.

Slide 23 Slide 24

Тіл жүйкесі, n. lingualis, тілдің алдыңғы үштен бір бөлігін, ауыз қуысының шырышты қабығы мен таңдай бадамша бездерін жалпы сезімталдықты қабылдайтын талшықтардан тұрады.

Төменгі ұяшықтық жүйке, n. alveolaris inferior қызметі жағынанаралас, қос қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасын жүйкелендіріп, төменгі жақ өзегі арқылы сүйекке еніп, тістерді жүйкелендіреді.

Slide 25 Slide 26

VII жұп - бет жүйкесі, nervus facialis

Бет жүйкесі қызметі жағынан аралас жүйке.

Екі жүйкенің бірігуінен тұрады: біріншісі - бет жүйкесінің қозғалтқыш ядроларынан басталатын меншікті бет жүйкесі; екіншісі - сезімтал және вегетативті талшықтардан тұратын аралық жүйке/Врисберг жүйкесі. Ми сабауынан сопақша ми мен көпірдің арасынан шығып, ішкі есту тесігі арқылы самай сүйегінің бет өзегіне өтеді. Одан біз-емізік тесігі арқылы бас қаңқасының сыртына шығады. Бет өзегінің ішінде жүйке иінін, genu, түзеді және сол жерде иін түйіні орналасады.

Slide 27

Самай тармақтары жоғары жүре отырып, құлақ бұлшықеттеріне, бассүйек үсті бұлшықетінің маңдай қарыншасына, көздің дөңгелек бұлшықетіне, тәкаппар бұлшықетіне барады.

Бет тармақтары алға және жоғары жүріп, көздің дөңгелек бұлшықетіне және бет бұлшықетіне барады.

Ұрт тармақтары алға қарай жүре отырып, үлкен және кіші бет бұлшықеттеріне, жоғарғы ерінді және езуді көтеретін бұлшықеттеріне, ауыздың дөңгелек бұлшықетіне, ұрт, мұрын және күлкі бұлшықеттеріне барады.

Slide 28

Төменгі жақтың соңғы тармағы алға және төмен жүре отырып, төменгі ерінді төмен түсіретін және езуді түсіретін бұлшықеттерге, иек бұлшықеттеріне барады.

Мойын тармағы төмен қарай тері асты бұлшықетіне бағытталып, мойын өрімінен шығатын көлденең мойын жүйкесін қосылып, мойын түйінін құрайды

Slide 29

Бет өзегінің ішінде жүйке келесі тармқтар бөледі: үлкен тасты жүйке, көзжас безіне барады; дабыл пернесі, тілдің алдыңғы үштен бір бөлігінің дәм сезу рецепторларының түзілуіне қатысалы; үзеңгі жүйкесі, дабыл қуысының үзеңгі бұлшықетін жүйкелендіреді.

Жүйке бас қаңқасынан шыққаннан кейін шықшыт безіне еніп, маңындағы бұлшықеттерге тармақ береді. Бездің негізінде жүйке ұршық тәрізді тармақталып, үлкен қазтабан деп аталатын құлақ маңы өрімін, plexus intraparotideus, түзеді. Бұл өрімнен шығатын тармақтар ымдау бұлшықеттері мен мойынның тері асты бұлшықетін жүйкелендіреді.

Slide 30 Slide 31

Лицевой (VII) нерв.


Ұқсас жұмыстар
ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫ
Сенсорлық жүйелер
Көз жас мүшелері
Көру анализаторы
Дәм сезу анализаторы
Иіс сезу мүшесі
Сыртқы құлақ Ортаңғы құлақ Ішкі құлақ
Көздің құрылысы
ҮШКІЛ ЖҮЙКЕ АДАМНЫҢ ЖАҒЫН
Анализаторлар физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz