Дәріхана медициналық мекеме ретінде
Презентация қосу
Қазақ, орыс және латын тілдері
СӨЖ
Дәріхана медициналық мекеме
ретінде
Тапсырған: Сулейманова К.
307 Б тобы
Қабылдаған: аға оқытушы Абдуллабекова А.Т.
Шымкент 2019
Дәріхана денсаулық сақтау жүйесіне
жататын дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың
айналысы саласындағы объект болып
табылады. Дәріхананың негізгі
қызметі дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы бөлшек
саудада өткізу, дәрілік заттарды
дайындау болып табылады.
Дәріхананың негізгі міндеті халықты және
денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз,
тиімді әрі сапалы дәрілік заттармен,
медициналық мақсаттағы бұйымдармен
және медициналық техникамен
қамтамасыз ету болып табылады.
Дәріхана мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық
қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы
немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар
хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы
талоны бар өнім берушілерден дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы сатып алу (әкелуден басқа);
2) дәрігердің рецептілерімен және рецептілерісіз дәрілік заттарды және
медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;
3) медициналық ұйымдардың талаптары және
дәрігерлердің рецептілері бойынша дәрілік
препараттарды дайындау, олардың сапасына
дәріханаішілік бақылауды жүзеге асыру;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы сақтауды,
кәдеге жаратуды жүзеге асыру;
5) жалған фармацевтикалық өнім табылған жағдайда
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға
хабарлау, сондай-ақ олардың таралуының алдын алуға
ықпал ету;
6) тұтынушыдан шағым түскен кезде анықталған
дәрілік заттардың жанама әсерінің, маңызды жанама
әсерінің және тиімділігінің болмауы жағдайы туралы
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы
саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарлау;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының медицина
қызметкерлеріне тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде халықты қамтамасыз ету
бойынша дәріхананың жұмысы кезінде дәріханада дәрілік
заттардың болуы және уақытша болмауы, келіп түскен
жаңа дәрілік препараттар және оларды қолдану тәсілдері
туралы ақпарат беру;
8) халыққа және денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік
заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы қолдану мен сақтау жөнінде
консультациялық және ақпараттық көмек беру.
Қызметті ұйымдастыру тәртібі
Дәріхананың үй-жайы, оның құрамы
және көлемдері дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканың айналысы
саласындағы объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптарға сәйкес
келеді.
Дәріхананы жарақтандыру жүзеге
асырылатын қызметінің көлемі мен
сипатына сәйкес келеді және дәрілік заттар
мен дәріхана ассортиментіндегі
тауарлардың сапасын, қауіпсіздігін және
тиімділігін сақтауды қамтамасыз етеді.
Жарақтандырылу
Орындалатын функцияларына сәйкес дәріханада:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар,
медициналық техниканы сақтауға арналған сөрелер, тұғырлар,
тоңазытқыш жабдықтары, шкаф-витриналар;
2) санитариялық, сыртқы киімдер мен аяқ киімдерді бөлек
сақтауға арналған шкафтар;
3) санитариялық режимді қамтамасыз етуге арналған
дезинфекциялаушы құралдар мен шаруашылық мүкәммалдары;
4) электрмен жабдықтау, жылыту, сумен жабдықтау, ауаны
баптау, желдету және кәріз жүйелері;
5) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі туралы
заңнамасына сәйкес өрт сөндіру жүйелері мен құралдары болады.
Персонал
Дәріхананы басқаруды фармацевтикалық жоғары білімі және
мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі бар маман жүзеге
асырады.
Дәріхананың персоналы фармацевтикалық қызметті жүзеге
асыратын адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Дәріхананың персоналы өз қызметі үдерісінде этика нормаларын
сақтайды, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, ішкі
еңбек тәртібі қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық
қағидалар мен нормалардың, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік
техникасының талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды
басшылыққа алады.
Әдебиеттер
1.Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі: ЖОО орыс б ӛлімі
(медициналық және фармацевтикалық фак) студенттеріне арналған оқу құралы. Қарағанды
қ. 2013ж.
2. Джумадиллаева Г.Н. Қазақ тілі: оқу-әдістемелік құралы. Қарағанды: Ақнұр, 2016.Қазақ,
орыс және латын тілдері 044-37/1
3. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: Денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешен.
Алматы, қазығұрт, 2010ж.
4. Кемелхан Д.Ж., Абдуллабекова А.Т. «Кәсіби қазақ тілі» фармация және фармацевтикалық
ӛндіріс технологиясы мамандықтарына арналған оқу-әдістемелік құралы. Қарағанды қ. 2016
ж.
5.Сәлім Е.Қ., Оразымбетова Ғ.Д., Тастанбекова Г.Т. «Жоғары кәсіби қазақ тілі» фармация
мамандығына арналған оқу құралы. Қарағанды қ. 2013ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz