Тіл дыбыстарының жасалу жолдары



Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі
Меңдеева Н. А ПиМНО-15(2)

1. Дыбыс туралы ұғым. 2. Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі. 3. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. 4. Дыбыс ырғағы, күші.
Жоспары:

Адам баласының тiлi - дыбыстық тiл.
Тiл дыбыстары - әрбiр тiлдiң өмiр сүруiнiң тәсiлi.
Қазіргі қазақ тілінің фонетика саласы тілдің дыбыстық кұрамын және оның жүйелі заңдарын тексереді. Фонетика гректің рhоnеtikоs деген сөзінен жасалған. Қазақша дыбыс мағынасын аңғартады. Тіл білімінде фонетика адам тіліндегі дыбыстық тіл нысанын зерттейді. Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі болып табылады. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды, тілдегі дыбыстардың, олардың құрамын, өзгеру заңдылықтарын да зерттейді. Фонетика жалпы дыбыстардың құрылысын, олардың жіктелу ерекшеліктерін, дауыс қатысын, дыбыстау аппараттарын, екпін, буын қасиеттерін, үндестік заңының өзіндік белгілерінің қыр-сырын үңіле зерттейді.

1. Физиологиялық фонетика. Бұл дыбыстың, тіл дыбыстарының артикулияциялық және акустикалық қасиеттерін зерттейді. Артикуляция дыбыстардың жасалуын тексереді де, акустика дыбыстардың әуенін қарастырады. Сөйтіп, физиологиялык фонетика дыбыстардың жасалуын және оның әуезі мен әуенін зерттейді. 2. Экспериментальдық фонетика. Физиологиялық фонетиканың нысанын түрлі инструменттер арқылы тексереді. Мұны экспериментальдық фонетика дейді. 3. Салыстырмалы фонетика. Белгілі бір тілдің дыбыс құрылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстырып зерттеуді салыстырмалы фонетика дейді. 4. Тарихи фонетика. Бір тілдің немесе алуан дыбыс құбылыстарының келіп шығу және даму жолдарын тексеретін саланы тарихи фонетика деп жүргізеді.
Фонетиканың зерттейтін салалары мыналар:

Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды.
Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптасқан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.

Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы, сол сияқты иек пен жақ жатады.
Тыныс жолына - өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына - тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады
Тілдің дыбысталу мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп - жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.

Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.
Қазақ тілінде дыбыс саны - 38.
(Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь-жіңішкелік, ъ- айыру белгілері) . Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты - у және дауыссыз -у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.
Қазақ тіліне тән әріптер (9) : ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ. Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.

Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар. Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, е, э, о, ө, ү, ұ, ы, і, и, у. Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б. ) және и мен у екеуі қосынды (дифтонгоид) деп аталады: и - ы+й немесе і+й және у - ү+у немесе ұ+у. Дауысты дыбыстар буын кұрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақта жіктеледі.
Тіл қатысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz