Кейін Бұхара қаласында


Slide 1

Барлығымыз кахутты ашып дайындап отырайық!

Slide 2

Қожа Ахмет Яссауи

Орындаған: ҚТӘ 301

Мұхатқалиева Асылай

Химадинова Алтынзер

Шәріп Жұлдыз

Жақанқызы Меруерт

Жақсылық Дамира

ҚТӘ-301

Slide 3

Қожа Ахмет Яссауи (1093-1166)

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді.

Slide 4

Нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстан баб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды.

Slide 5

Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстан баб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген

Ж. Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді.

Slide 6

Яссауи өзінің хикметтерін Алланың кітабымен (Құран) тең көрген-ді. Ол туралы былай дейді:

Менің хикметтерім,

Алладан пәрмен.

Оқып ұққанға бар.

Мағынасы - «Құран»- деп,

өз хикметтерінің

Алла тарапынан

келіп тұрғандығын

баян етеді.

Slide 7

Қ. А. Яссауидің еңбегі «Пақырнама және Мүнажатнама». Бұл шығармаларға ден қойып сараламасақ та бұл еңбектердің де көптеген елдердің тіліне аударылып, оқылғанын естен шығармау керек «Мират-ул-Қулуб». Бұл еңбегі жақында Швецияның Упсала деген қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан табылды. Түркияда 2000-жылдары жарық көрген.

Келесі еңбегі, Ахмет Яссауи өміріне қатысты аңыздар мен әңгімелер, хикметтер жинағы болып табылады. Бұлар да көптеген тілдерге аударылып, таратылған. «Тарихы терең көрген Түркістан» атты Түркістанның 1500 жылдық мерей тойына арналған мерекелік жинақта да Ясауи туралы көптеген мағлұматтар бар

Slide 8

Диуани Хикмет

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды.

Slide 9

«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды.

Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі - мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

А. Сейдімбеков, «Елтұтқа» кітабы

«Тарихи тұлғалар» кітабы

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Ә. Нысанбаев - Алматы, 1998 1998

Adebiportal. kz

Kk. m. Wikipedia. org

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау
Орта Азияның ортағасырлық қала - мәдениеті
Диуани хихмет
Ташкент қаржы институты
Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛТЕТІ ЯСАУИ ІЛІМІНІҢ МӘНІ
Ақырзаман кітабында
ОСӨЖ ПРОГРЕССИВТІ ТАТАР АҒАРТУШЫСЫ
Жаңажол Қарашыға газ өңдеу нақ өңдеу зауыты кешені
Бұдабай Қабылұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz