Ақпараттық жүйелерді талдау, жинақтау және нысандандыру: құрылым, функциялар және қамтамасыз ету


Slide 1

Ақпараттық жүйелердің талдау және жинақтау. Жүйелерді зерттеу нәтижелерін нысандандыру. Жүйелердің функцияларын ерекшелеу.

Орындаған: Е. Елубаев

Slide 2

Ақпараттық жүйелердің талдау және жинақтау.

Проблемаларды мінсіз талқылау үшін оларды дәл және анық тұжырымдау қажет. Жүйелер теорияларындағы базалық ұғымдардың бірі - күрделі (үлкен, өте үлкен, өте күрделі) жүйелерді түсіну. Алгоритмдер теориялары базасында сандық талдауда жүйелердің күрделілігін анықтауға ұмтылыс жасалды. Бірақ осындай ұмтылыстар есептердің жеткілікті тұжырымдалмаған жағдайларында оны пайдалануда қиындықтар туғыза отырып, толық анықтауға мүмкіндік бермейді.

Slide 3

Дәлірек айтатын болсақ, күрделі жүйе, жиын, жүйе сияқты анықталмайтын ұғымдарға жатады. Бірақ біз «жүйе» мағынасын ұғым ретінде түсінеміз деп санай отырып, «үлкен» (күрделі) жүйе қасиетінің суретін сала аламыз. Негізінен, жүйені зерделеу мақсаты немесе жүйені басқару мақсаты белгілі. Бұл жағдайда біз, қандай да бір аспектіде, аталған аспектідегі жүйенің зерделеу құралдарынан немесе бақылаушының (орындаушының) мүмкіндіктері мен айқындамасы тұрғысынан басқарудағы артықшылықтары ретінде, жүйенің күрделілігін анықтай аламыз.

Slide 4

Сонымен, мақсатқа қатысты жүйенің күрделілігін бағалау да өзгеруі мүмкін. Әдетте, үлкен жүйе эмердженттіліктің болуымен немесе тұтастық қасиеттерімен, яғни ішкі жүйелердің бақыланатын қасиеттері мен жүйелік байланыстарынан шығарылмайтын қасиеттермен сипатталады.

Slide 5

Жүйелерді зерттеу нәтижелерін нысандандыру. Жүйелердің функцияларын ерекшелеу.

Ақпараттық жүйелердің құрылымы ішкі жүйе деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды.

Ішкі жүйе - қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.

Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз ішкі жүйе жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал ішкі жүйені қамтамасыз етуші деп атайды.

Slide 6

Қамтамасыз ететін ішкі жүйе ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады.

Ақпараттық қамтамасыз ету - ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар деректер базасын құру әдістемесі.

Техникалық қамтамасыз ету - ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық құралдарының комплексі.

Slide 7

Математикалық және программалық қамтамасыз ету - ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық құралдардың кешенін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы.

Өндірістік қамтамасыз ету - жұмысшылардың техникалық құралдармен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Slide 8

Құқықтық қамтамасыз ету - ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.


Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және операциялық жүйелерді баптау
Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету және басқарудағы коммуникациялар: ақпараттық жүйелер, талдау әдістері және кедергілер
Ақпараттық жүйе: құрылымы және техникалық-бағдарламалық қамтамасыз ету
Географиялық ақпараттық жүйелер: даму, құрамдас бөліктері және бағдарламалық қамтамасыз ету
ЭАЖ ресурстарына шолу: ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және технологиялық қамтамасыз ету
Ақпараттық жүйелерді қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық негіздері
Фармацевтикалық ұйымдарда ақпараттық жүйелерді қолдану және электрондық коммерция
Кәсіпкерлік қызметтегі кадрлармен қамтамасыз ету: құрылым, басқару және бағалау әдістемелері
Ақпараттық жүйелерді жобалау мен технологиялық қамтамасыздандыру түрлері
Қазақстандағы агрометеорология: тарихи даму, болжамдар және ақпараттық қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz