ПСИХОЛОГИЯ ТИІМДІ ӨМІР СҮРУ ФАКОРЫ РЕТІНДЕ




Презентация қосу
ПСИХОЛОГИЯ ТИІМДІ ӨМІР
СҮРУ ФАКОРЫ РЕТІНДЕ
ПСИХОЛОГИЯ
Қазіргі уақытта біз психологияның ғылым ретінде, қазіргі қоғамның
әр адамының өмір саласына айналып жатқанын көруімізге болады.
Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады, оның өмірін
жеңілдетеді және оны жарқын, сәтті және бақытты
етеді.Психология барлық жағдайларға арналған көмекші болмаса
да, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік
береді. Дегенмен, психологияға ғылым мен практика ретінде
қызығушылықтың артуына қарамастан, адамдар оған әр түрлі
көзқарас танытады, яғни оң көзқарастан жағымсыз көзқарасқа
дейін. Кейбіреулер психология шын мәнінде өте пайдалы ғылым
деген пікірмен келіседі, оның күшті жағы-алынған білім мен
дағдыларды өмірде қолдану мүмкіндігі. Біздің елімізде
психологияға деген қызығушылық үлкен және қазіргі қоғамның
барлық салаларына: білім беру; саясат; медицина; спорт; экология;
өнер және бизнес және т. б орын алады. Психологияның пайдасы
адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы
қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті
психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын,
психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді.
Мектеп кезіндегі
психологияның көмегі
Жалпы біз мектеп табалдырығын аттағанда, психологтың
қабылдауынан өтеді екенбіз. Психолог белгілі бір негіздегі
тест сұрақтары арқылы біздің нормаға сәйкестігімізді
тексереді. Яғни қоғамдық ортада қалай өмір сүру
керектігін қаншалықты білітінімізді, жаңа ортаға сіңісіп
кету қабілетімізді тексереді. Және оқушылардың ойлауы
мен қабілеттілігін тексеру мақсатында мектеп
қабырғасында жыл сайын балалардан психологиялық тест
алып отырады. Психологтардың қажеттілігі әсіресе 11-
сыныпта ҰБТ тапсыратын кезде қатты туындайды. Өмірдің
бір баспалдағынан келесісіне өту барысында балаларда
қорқыныш, сенімсіздік күйі туындап, кейде тіпті
депрессияға кіріп кетіп жатады. Осы жағдайда олардың
жан-дүниесін түсініп, көмек беретін бере білетін,
психологияны жетік меңгерген мамандар психологтар
болып табылады.
Психология
Психологиялық проблемалары бар клиентке(пациентке)
психологиялық емдік әсер етудің 4-5 сессиясынан кейін
пациенттің психоэмоционалды жағдайы дұрысталады.
Психологпен жұмыс істегеннен кейін пациенттер
әлдеқайда жақсарады,негізінен көптеген проблемалар
адамдардың өміріне теріс әсер бермесе, оң әсері жоқ.
Психологқа жүгінген адамдар әлемге және жағдайларға
басқа көздермен қарайды, емдеуге дейін қорқынышты
болып көрінген нәрсені соншалықты ауыр қабылдамайды.
Олар депрессияны, апатияны жоғалтады, өмірге
қызығушылық танытады және онымен бірге тамақтануы
да жақсарады. Адам тынышталады, оның ұйқысы
қалыпқа келеді, терең, тыныш болады. Психологқа
жүгінгеннен кейін адамның өмірі жақсарады, жарқын
болады, жағымды эмоциялар мен сезімдерге толы
болады.
Психология
Сонымен қатар спортсмендер бизнесмендер және басқа
да көптеген сала мамандары да психологияның
көмегіне жүгінеді. Кәсібі дұрыс жүрмей жақан дүрыс
жүрмей жатқан адамдар эмоционалды күйзеліске
ұшырағанда психолог арқылы өзін өзі қалыпқа келтіріп,
кәсібін жаңа күшпен бастайды. Футболистердің өзі де
жанкүйерлерден, басшылығынан тұскен қысымға
шыдай алмай психолог көмегіне жүгініп жатады. Бұл
психологияның қаншалықты көмегі зор екенін
көрсетеді. Қорытындылай келе, психологияның адам
өміріндегі рөлі шынымен маңызды деп айта аламыз.
Басқа ғылымдармен қарым-қатынаста психология өзінің
пәнін, теориялық принциптері мен осы пәнді зерттеу
әдістерін сақтайтынын нақты түсініп, есте сақтау
керек.

Ұқсас жұмыстар
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
Қауіп - қатер
Тұлға теориялары
Психология ғылымындағы даму ұғымы
Өмірдің мәні және кәсіби өзін - өзі анықтау психологиясы
ӘЛЕУМЕТТАНУ: ҒЫЛЫМҒА КІРІСПЕ ЖӘНЕ БАСТЫ ҰҒЫМДАРДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпаратты қамтамасыз ету
Халықтың механикалық жылжуының көрсеткіштері
Педагогика пәні және ұғымы
Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы - сол адамның өзі
Пәндер