Ата - анасының мамандығын таныстыру



Менің ата-анамның мамандығы

Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген, өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар, бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда Кімдер?
Мамандық иелері дейміз.
«Айтыңыздаршы, , үйлеріңізде осындай маман ие лері бар ма?»
Иә, балалар. сонда біздің де ата-аналарымыз да, маман иелері екен. Сонымен бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы : «Менің ата-анамның мамандығы»деп аталады. Біз бүгін мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы маман дегеніміз не?Кімнің қандай маман иесі болғысы келедіі?Оқушылардың жеке пікірін тыңдаймыз. 10мин

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жұмыстың мазмұны мен мағынасы мен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Ата - анасының мамандығын таныстыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандықты қадірлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз
үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.

«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктік арқасында биік белестерге жетеді. »
Н. Назарбаев
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
Ж. Аймауытов

Байыппен бағдарлай біліңіз!
Алға қарайғы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез-келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!
Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
Дұрыс шешім өз қолыңда!

Бейімділігіңізді ескеріңіз!
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысатыныңызды қалар едіңіз?Қандай пәндер ұнайды?Бос уақытыңызда немен айналысқаныыңзды жақсы көресіз?Адамдармен, әсіресе, бөтен адамдармен оңай тіл табыса аласызба?Көп нәрсе өзіңізге байланысты!
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіңіз көріңіз:өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын?Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін?Барлық ақпаратты пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға ұмытылыңыз!
Дайындық курстарында жасылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл-жаздық демалыста сол мамандығыңыз бойынша ең кішкентайы қызметшісі болып тұрыңыз!

Қортылындылай келгенде !
Өзің таңдаған мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы мамандығың болуы қажет.
Мамандық таңдау-өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызғуышылығына, қабілетіне, бейімділігне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Талдау жасау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.



1 Қандай мамандық иесі болығыңыз келеді?
2 Өзіңнің мамандығыңды жүрек қалауымен таңдадыңба?
3 Сен ол мамандық туралы не білесің?
4 Бұл мамандықты таңдауыңдағы себеп?
5 Сен бұл мамандықты таңдауыңа кім әсер етті?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz