Дәріс №3. Операциялық жүйелердің түрлері және оларды құру принциптері


Slide 1

Дәріс №3. Операциялық жүйелердің түрлері. Операциялық жүйені құру принциптері.

Дауренбекова А. Т.

Slide 2

Мақсаты

Операциялық жүйелердің түрлері және Операциялық жүйені құру принциптерімен таныстыру.

Slide 3

Жоспар

Операциялық жүйелердің түрлері.

Операциялық жүйені құру принциптері.

Slide 4

Операциялық жүйе компьютердің аппараттық қамтамасыз етілуін қалданушылардың қолданбалы программаларынан оқшаулайды. Қолданушыда және оның программалары да операциялық жүйенің интерфейсі арқылы қарым-қатынасқа түседі.

Slide 5

Дербес компьютерге арналған компьютерлер келесі түрге бөлінеді:

Бір -және көпміндетті (қатар орындалатын қолданбалы процестердің санына тәуелді) ;

Бір - және көпқолданушылық (операциялық жүйеде бір мезгілде жұмыс істейтін қолданушылардың санына байланысты)

Компьютердің басқа типтеріне тасымалданбайтын және тасымалданатын;

ЭЕМ-ның жергілікті есептеу желісінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, желілік емес және желілік;

Slide 6

Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған 32-разрядтты операциялық жүйелер қолданылады:

OS/2 барлық түрлері (IBM) ;

Windows NT барлық түрлері (Microsoft) ;

Unix барлық түрлері;

Next Step 3. 2 (Next) ;

SCO Open Desktop 3. 0 (Santa Crus Operation) ;

Solaris 2. 1 (SunSoft) - x86;

UnixWarePersonal Edition 1. 0 (Novell) .

Slide 7

MS DOS операциялық жүйесі

MS DOS операциялық жүйе (Microsoft фирмасы) 1981 жылы пайда болады. Қазіргі кезде бұл ОЖ 6. 22 және 7. 0 нұсқалары бар (Windows 95 құрамында), сонымен қатар басқа фирма-дайындаушылардың басқа түрлері (DR DOS, PC DOS) . Қазіргі кезде бұл операциялық жүйе көптеген компьютерлерде орнатылған.

1996 жылдан бастап MS DOS Windows 95 түрінде таратыла бастады - 32-разрядтты көпміндетті және көпағымды графиктік интерфейсі және кеңейтілген желілік мүмкіндіктері бар операциялық жүйе.

Slide 8

OS/2 операциялық жүйесі

OS/2 операциялық жүйесі жүйелік қолданбалы архитектурасы негізінде IBM фирмасында дербес компьютерлерге арналған, ал бұрын үлкен ЭЕМ арналған. Бұл көпміндетті, бірқолданушылы, өте сенімді операциялық жүйе, ол қолданушының мәтіндік және графикалық интерфейсін қамтамасыз етеді. OS/2:

Қолданушының графиктік интерфейсін қамтамасыз етеді;

Бірмезгілде бірнеше қосымша программалардың өңделуін;

Бір қосымша программаның бірнеше есептерін бірмезгілде өңдейді, яғни көпағымдылық;

32-разрядтты мәліметтерді өңдеу;

Мәліметтерді магниттік дискіге жазу барысында қысады;

Жадыны қорғау

Slide 9

Unix операциялық жүйесі

Көпқолданушылы және көпміндетті Unix операциялық жүйесінің болашағы үлкен, бұл операциялық жүйе Bell Laboratory корпорациясында құрылған. Берілген операциялық жүйе ашық жүйелер принципін және бір есептеу жүйесінің әртүрлі техникалық және программалық құралдарының мүмкіндіктерін іске асырады.

Slide 10

Unix ең маңызды қасиеттерге ие:

Қосымша программалардың бір компьютерден басқа компьютерлерге тасымалдануы;

ЭЕМ үлестірілген мәліметтердің таралуы;

RISC процессорларымен сәйкестігі .

Slide 11

Желілік операциялық жүйелер

Желілік операциялық жүйелер - желідегі мәліметтерді сақтау, өңдеу және алмастыруды қамтамасыз ететін программар кешені. Желілік операциялық жүйелер қолданушыларға әртүрлі желілік қызметтерді береді (файлдарды басқару, электрондық пошта, желіні басқару процесстері және т. б. ), абоненттік жүйелердің жұмысын қамтамасыз етеді. Желілік операциялық жүйелер клиент-сервер архитектурасын пайдаланады немесе бірдеңгейлі архитектура.

Алғашқы уақытта операциялық жүйелер тек жергілікті желілерді ғана қамтамасыз етті, қазіргі кезде олар жергілікті желілердің ассоциациясына да таралады. Ең көп таралғандары LAN Server, NetWare, Vines, Windows NT, Windows 95. Олар белгілі бір критерийлерге сәйкес бағаланады: өнімділік, қолданушылардың байланыстарының мүмкіндіктерінің әртүрлілігі, басқару мүмкіндіктері.

Slide 12

Windows туралы жалпы мағлұматтар

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS (PC) -DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатынын білетін боларсыздар.

Slide 13

WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WINDOWS жүйесі:

бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;

масштабталатын қаріптерді қолдауды;

мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

Slide 14

Windows NT операциялық жүйелерді дайындау барысында туындаған мәселелер

Windows NT алдыңғы уақытта болған операциялық жүйелердің жалғасы болып табылмайды. Оның архитектурасы нолден бастап қазіргі кездегі операциялық жүйелерге қойылатын талаптарды ескере отырып құрылды. Осы талаптар негізінде құрылған операциялық жүйелердің ерекшеліктері:

Windows NT операциялық жүйесін дайындаушылар Windows ОЖ әдеттегі графиктік интерфейсін қалдырды;

FAT файлдық жүйесін және MS - Dos, OS/2 1. x, Windows 3. x және POSIX операциялық жүйелеріне арналған қосымшаларды қамтамасыз етеді.

Бұл ОЖ құрамына желілік құралдарды қосты;


Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелердің түрлері және жіктелуі
Операциялық жүйелердің түрлері және негізгі қызметтері
Операциялық жүйелердің даму тарихы, түрлері және негізгі қызметтері
Операциялық жүйелердің тарихы мен негізгі түрлері
Операциялық жүйелердің функциялары, түрлері және даму тарихы
Операциялық жүйелердің дамуы, түрлері және негізгі функциялары
Операциялық жүйелердің қасиеттері мен файлдық жүйелермен жұмыс
Геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) әскери саладағы қолданылуы: тарихы, принциптері және операциялық мүмкіндіктері
Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: құрылымы, түрлері және операциялық жүйелердің дамуы
Дәріс 3. Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклінің модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz