Аурухана ішілік инфекция туралы түсінік


Slide 1

«З. Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ

Мамандығы 09130100 «Мейіргер ісі»

Біліктілік 5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «Аурухана ішілік инфекция»

Орындаған: Ақылбекова Ғалия Балхашқызы

Жетекші: Бейсенова Светлана Сайлауовна

Астана 2023

Slide 2

Мәселе: Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ДДҰ) сарапшыларының қорытындысы бойынша, ешбір елде медициналық ұйымдардың ешбір түрі МКБИ пайда болу тәуекелінен азат бола алмайды. ДДҰ деректеріне сәйкес, дамыған елдерде МКБИ пайда болу жиілігі 7, 6%-ті құрайды. Дамушы елдердегі жағдайды деректердің жоқтығы немесе қолда бар деректердің анық еместігі себепті бағалау қиынырақ, алайда мониторинг тетіктері бар елдерде МКБИ пайда болу жиілігі шамамен 15%-ті (емдеуге жатқызылған 100 пациентке шаққанда 15 жағдай) құрайды.

Slide 3

Тақырыптың өзектілігі: Соңғы жылдары ауруханаішілік инфекциялар мәселесі әлемнің барлық елдері үшін айрықша маңызға ие болды. Осыған байланысты біздің еліміз де ерекше орында тұр. Емдеу мекемелерінің қарқынды өсуі, медициналық (терапиялық, диагностикалық) жабдықтардың жаңа түрлерін жасау, иммуносупрессивті қасиеттері бар жаңа препараттарды қолдану, ағзалар мен тіндерді ауыстырып салу кезінде иммунитетті жасанды басу - осы, сондай-ақ басқа да көптеген факторлар науқастар мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері арасында инфекциялардың таралу қаупін күшейтеді.

Slide 4

Ауруханаішілік инфекция тақырыбын және алдын алудағы мейіргердің рөлін анықтауда зерттеулерді анализдеу.

Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу және оларға зерттеу жасау.

Зерттеу мақсаты: Аурухана ішілік инфекциялар тақырыбын теориялық зерттеу және оны зерттеудегі мейіргердің ролін қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

Slide 5

Зерттеудің объектісі: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1Көп бейінді аурухана» МКК.

Зерттеу пәні: Аурухана ішілік инфекция.

Зерттеу әдісі: Әдебиеттерді теориялық талдау. Ауруханада мейіргерлер арасында анкета жүргізу және оларды қорытындылау.

Курстық жұмыстың теориялық және қолданбалы (практикалық) маңыздылығы: Егер аурухана ішілік инфекциялар туралы мейіргерлерге ақпараттандыру жүргізілсе, ауруханада инфекциялармен зақымдану аз болар еді.

Slide 6

Аурухана ішілік инфекция туралы түсінік

" Аурухана ішілік инфекция" - ауру симптомдары ауруханада болған уақытында немесе одан кейін болған жағдайға қарамастан науқастарды ауруханаға түскен және емдеу көмегіне барган нәтижесінде немесе осы мекемедегі қызметшілерді зақымдайтын әрбір клиникалық байқаланатын жұқпалы аурулар".

Slide 7

Аурухана ішіндегі инфекциялар арасында ең көп кездесетіндер:

зәр бөлу жүйесінің инфекциялары;

іріңді-септикалық инфекциялары;

тыныс жолдарының инфекциялары;

бактериомиялар;

тері инфекциялары.

Slide 8

АІИ-дың пайда болуына әкеліп соқтыратын факторлар:

ағзаның қарсыласу төмендігі;

антибиотикке резистентті (а/б-ге шыдамды) микроағзалар штаммының

таралуы;

әлсіреген, қартайған пациенттердің меншікті салмағының артуы;

пациент күтімі кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;

емдік-профилактикалық мекемелердің шамадан тыс жүктелуі;

құрал-жабдықтардың ескіруі және т. б.

Slide 9

Ауруханаішілік инфекцияны бақылау және оларды алдын алу

Санитариялық-эпидемияға қарсы режим-бұл пациенттер арасында инфекциялық аурулардың пайда болуының, таралуының және оларды жоюдың алдын алуға және медициналық қызметкерлердің кәсіби залалдануының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешені.

Мейіргер өз жұмысында асептика, антисептика, дезинфекция ережелерін қатаң сақтауға міндетті

ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23. 04. 2013 жылғы «Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік бекіту туралы». №111 бұйрығы бойынша Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында медициналық қызметкер бөлімшедегі эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек.

Slide 10

р/б №

ҚР ДСМ және ҰЭМ бұйрықтары

Бұйрықтың нөмірі мен күні

1.

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы

2

"Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

ҚР ДСМ 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы

3.

"Медициналық ұйымдардың эпидемиологтары үшін АИТВ инфекциясы мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы"

ҚР ДСМ 2015 жылғы 22 шілдедегі

№39 бұйрығы

4.

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығы.

5.

АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы

ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1Көп бейінді аурухана» МКК қолданысытағы бұйрықтар тізімі

Slide 11

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ №1Көп бейінді ауруханадсы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жеке заңды тұлға мәртебесіне ие болған. Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ №1Көп бейінді ауруханадағы қызметкерлерімен бірге сауалнама жүргізілді.

"Аурухана ішілік инфекция дегеніміз не? сұрағының жауаптары

«Ауруханаішілік инфекциялардың қандай көздерін білесіз?» сұрағының жауаптары

«Аурухана ішілік инфекцияның қандай таралу жолдарын білесіз?» сұрағының жауаптары

Slide 12

Алдын алу жөніндегі шаралар

Шаралардың мазмұны

1. Өзіне тән емес (спецификалық емес) алдын алу

Сәулеттік-жоспарлау

· Секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау · Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу · Аурухана аумағын зоналарға бөлу · Қабылдау бөлімін ұтымды орналастыру · Бөлімдерді ұтымды орналастыру

Санитарлық- эпидемияға қарсы


Ұқсас жұмыстар
АУРУХАНА ІШІНДЕГІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
Аурухана ішілік инфекция
Ауруханаішілік инфекциялардың түрлері
Аурухана ішілік инфекциялар
АУРУХАНА ІШІЛІК ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА СЕБЕПКЕР ФАКТОРЛАРЫ
Аурухана ішілік инфекция және мейіргердің ролі
Ауруханаішілік инфекция, жіктелуі
Стоматологияда кездесетін аурухана ішілік инфекциялар
Емдеу сауықтыру мекемелерінін түрлері
Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz