Иммундық жауапқа қатысатын иммундық жасушалар



.
Иммундық жауаптың нейро-эндокриндік реттелуі
Орындаған: Хасанов Е
Тобы: ЖМ-206
Қабылдаған: Ахатаева М

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Иммунды жауап анықтамасы, түрлері 2. 2 Иммунды жауаптың нейроэндокринді реттелуі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Иммундық жауап антигенді тануға, байланыстыруға, әлсіздендіруге, ыдыратып және ағзадан шығуға бағытталған иммундық жүйенің арнайы кешендік серпілісі. Арнайы иммундық серпілістер гендік бөтен ақпараттарды тасымалдаушыға қарсы бағытталады. Мысалы: вирус. бактерия, басқа да жұқпалы агенттер, ісік жасушалары мен гендері ұқсас емес ағза, бөгде нәруыздар, полиқанттар және тағы басқа антигендер жатады.
Ағзаның иммундық жауабы жоғары спецификалық процесс, дегенмен оның интенсивтілігі нейрогуморальды әдіспен реттелуі спецификалық емес. Нейромедиаторлар мен нейропептидтер аксоплазматикалық транспорттың көмегімен иммундық жүйенің мүшелеріне жетеді. Гармондар эндокринді бездерден тікелей қанға бөлініп, иммундық жүйенің мүшелеріне жеткізіліп отырады.
Кіріспе

Механизмі бойынша иммундық жауаптың келесі түрлерін ажыратады:
жасушалық
I
гуморалдық
II
аралас немесе жасушалық гуморалдық
III

Көптеген жағдайларда иммундық жауап аралас түрде өтеді, бірақ иммунитеттің немесе жасушалық, немесе гуморалдық тізбегі басымырақ болады. Жасушалық және гуморалдық иммунитет жүйелері шектеліп емес, бір бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Иммундық жауапта әдетте барлық иммундық жасушалар (Т лимфоциттер, В лимфоциттер және антигенді таныстырушы жасушалар) қатысады және де әрбір жасуша өз қызметін атқарады. Антигенді тану және жасушалық немесе гуморалдық жүйенің бірдей іске қосылуы аталған үш жасушалардың бір бірімен әрекеттесуі арқылы жүзеге асады. Бұл үрдіс иммунды хабарлы жасушалардың коорперациясы деп атайды.

Біріншілік иммундық жауап 4-7 күндері дамиды. Біріншілік гуморалдық иммундық жауаптың негізгі В лимфоциттердің белсендірілуі және олардың антидене түзетін плазмациттерге айналуы болып табылады. Екішілік иммунды жауап көптеген көрсеткіштері бойынша біріншілікті жауаптан ерекшеленеді. Екіншілік иммундық жауап кезіндегі жасырын кезең өте қысқа жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап етеді, оның айқындалған пісіп жетілу белгілері бар, оның гуморалдық және жасушалық факторлар арнайылығы антигенге қатысты жоғары болады. Екіншілік иммунды жауап біріншілік иммунды жауапқа қарағанда, ағзаның тиімді қозғалысын қамтамасыз етеді.

Иммундық жауаптың негізгі төрт кезеңі
1-ші кезең - индукция (афферентті) кезеңі. Бұл кезде антиген қорытылып, иммуногенді түрде В және Т-лимфоциттерге таныстырылады.
2-ші кезең - пролиферативті - иммундық қабілетті жасушалар белсенеді, олар өзара әсерлеседі, ізашар-жасушалар пролиферацияланады.
3-ші кезең - өнімді (эффекторлыќ) - ізашар-жасушалар бөлінеді:
В-жасуша - плазмоцит иммуноглобулиндердің синтезделуімен, Т-жасуша - Т-цитотоксикалық жєне басқа жасушалардың өндірілуі мен.
4-ші кезең - иммунологиялық есте сақтау түзіледі - есте сақтаудың Т жєне В-жасушалары топталады


Нейроиммунды байланыс
Соңғы онжылдықта иммунды компонентті жүйке клеткаларымен байланысты реттейтін нақты медиаторлар анықталды. Нейропептидтің иммунды модуляторлы құрылымы жүйке жүйесінен иммунға сигналдың берілу механизмін толықтыруға көмектесті. Иммунокомпотентті жасушаларда нейропептидке белгілі рецепторлар анықталды. Олар нейроиммунды байланыстың эфферентті жолға қатысуын реттейді.
Лимфоидты ағзалар ВЖЖ симпатикалық бөлімімен толық қамтамасыз етілетіні белгілі. Жүйке ұштарынан бөлінетін катехоламиндер пролиферацияға және клетка мембранасында орналасқан арнайы рецепторлардың жіктелуіне әсер етеді. Сонымен қатар лимфоидты ағзалар АПУД жүйесіне қатысы бар иммуно гистохимиялық құрамымен белгілі жасушалардан тұрады. АПУД жүйесі бұл арнайы жүйе. Барлық өмірге маңызды ағзаларда орналасқан және ағзаның гомеостазын тұрақтандыруда биогенді аминдер мен пептидті гормондардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

Иммунды жауаптың вазоактивті интестинальді полипептидпен реттелуі ВИП лимфоциттер миграциясын тұрақтандырады, Т лимфоциттердің пролиферативті жауабын тежейді. Иммунды жауаптың опиоидты пептидтермен реттелуі опиоидтардың биологиялық әсері иммунды жүйеде қатаң мөлшерге бағынышты, әр түрлі дозада оппозитті әсерлер пайда болуы мүмкін.
Нейропептидтер және иммунды жауаптың реттелісі
Соңғы жылдары нейропептидтердің стрессті жағдайда гипофиздан, бүйрек үсті безінен қалқанша безінен бөлінетіні сонымен қатар иннервацияланатын тіндердің шеткі жүйке жүйесінен сондай ақ лимфоидты, пептидтердің, лимфоидты ағзалардың АПУД жүйесі клеткаларынан өндірілетіні анықталды. Рецепторлардың нейропептид иммунокомпетентті клетканы өндіру қабілетіне байланысты олардың жасушааралық кооперативті үрдістердге қатысуыда айқындалады. Гормондар мен нейромедиаторлардың аналогтарының әсер етуі тұрғысынан нейропептидтерді иммунды жасушаға циклдік нуклеотидтердің көмегімен арнайы рецепторлар арқылы жүзеге асады деп пайымдайды.

Иммундық жүйеде тимустың атқаратын рөлі
Тимус маңызды эндокриндік мүше болып табылады. Тимустың гормондары кальций мен фосфор метаболизміне, глюкозаның алмасуы мен утилизациясына, бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетілуге әсер ететіні анықталған. Бірақ тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі иммуногенезге реттегіштік әсер етуі. Сонымен бірге, тимустың гормондары, тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердің дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткі лимфоидтық мүшелерде Т лимфоциттердің соңғы пісіп жетілуін реттейді және де сүйек кемігінде Т лимфоциттер ізашарларының дифференциялану үрдісіне әсер етеді. Тимус гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады.

Иммундық жүйенің бас ми арқылы баратын сигналдардың реттелуі горманалдық, нервтік және нейропептидтік жолдармен байланысты. Нейро гуморалдық реттелу нейромедиатор, нейропептидтер және гормондар көмегімен жүзеге асады. Нейромедиаторлар мен нейропептидтер иммундық жүйеге аксоплазматикалық транспорттың көмегімен жетеді. Гормондар қанға эндокриндік бездің бөлінуі арқылы иммундық жүйеге барады.

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz