Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарам сыз шығарылымдар
Презентация қосу
Шағын жоба
Тақырыбы: Қалдықтар мәселесін қалай шешеміз?
Орындаған: Тузелбаев Суйиндик ИС-22 1
Қалдықтар– табиғи шикізатты
өңдеу нәтижесінде пайда
болатын заттар мен өндірістік жарам
сыз шығарылымдар. Қалдықтардың
барлық түрлерін есептегенде
өндірілетін табиғи
заттар мен энергияның тек 2%-ы
ғана пайдаға асырылады. Қалған
98%-ы әр түрлі қалдықтарға
айналады.
Көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан басты экологиялық
проблемалардың бірі — қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс мәселесі.
Қазіргі уақытта мұндай қалдықтардың 97 пайызы алдын ала сұрыпталмай,
санитарлық стандарттар талаптарына сай емес, бейімделмеген қоқыс
алаңдарына шығарылады.
Еуропалық елдерде қоқыстардың 80 пайызы қайталама шикізат ретінде
пайдаланылып, табыс көзіне айналғандығын атап өту керек.
Статистика
Жыл сайын Ақтөбе облысының өзінде 350 мың тонна тұрмыстық қалдықтар
жинақталады. Олардың ішінде облыс бойынша қызмет көрсететін 9 полигонға
одан әрі көму арқылы 200 мың тонна көлемінде тұрмыстық қалдықтар
орналастырылады. Қалған 150 мың тонна қалдық апаттық қоқыс орындарына
шығарылады. Облыс бойынша 360-қа жуық апаттық қоқыс алаңдары бар деп
саналады.
2016 жылдың соңына қоқыс алаңдарына шығарылған коммуналдық
қалдықтардың нақты көлемі 13 миллион тонна құрады. Олардың барлығы
дерлік қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасынсыз орналастырылған.
Қалдықтардың жалпы көлемнің 7 миллион тоннасы Ақтөбе қаласындағы
полигондарда, оның ішінде 1,76 миллион тонна «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС
полигонында және 5,24 миллион тонна консервацияланған ескі полигонда
жинақталған.
Органикалық қоқыстар
Аса қауіп төндіретін органикалық
заттар — диоксиндер. Олардың әсері
цианисті калийден, стрихниннен және
курареден күшті абсолютті у болып
есептеледі.
Үлкен қауіп тудыратын қатерлі зат
— фильтрат, ол қоқыс алаңдары
аумағынан жерасты суларына түседі.
Қалдықтарда дизентерия, холера,
туберкулез және т.б. ауруларды
тудыратын бактериялар ұзақ уақыт
бойы сақталады. Фильтраттардың
жерасты суларына өтуі, осы
микроорганизмдердің кең таралуына
әкеліп соғуы мүмкін.
Мұнай қалдықтары
2002 жылдан бастап «СНПС-
Ақтөбемұнайгаз» АҚ және
«ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС-ында
демеркаптанизациялау процесі үшін қышқыл
натрийдің 15-20 пайыздық ерітіндісі
қолданылады. Бұл технология сілтілі ерітінді
түріндегі қалдықтардың айтарлықтай түзілуін
қарастырады. Жыл сайын аталған
кәсіпорындар мұнай мен газды тазартқаннан
кейін 40 мың тоннадан жоғары қауіпті
күкіртті-сілтіні қалыптастырады.
Демеркаптанизациялаудың сұйық қалдықтары
салыстырмалы көлемде жоғары
концентратты биотоксиканттар бөледі.
Электрондық қалдықтар
Қоршаған ортаға электрондық
қалдықтар да біраз зиянды әсерін
тигізеді. Қызмет ету мерзімінен
асқан электрлік немесе
электромагнитті құрылғылар
(компьютер, ұялы телефон,
батарейкалар) құрамында
сынаптан басқа алюминий,
магний, мышьяк, берилий және
т.б. зиянды заттар пайда болады.
Электрлі заттардың қабығына
зақым келгенге дейін ол қауіпсіз
болып саналады. Одан кейін улы
заттар топырақ және жерүсті
сулары арқылы қоршаған ортаға
таралатынын ескеру қажет.
Тұрмыстық қалдықтар
Жыл сайын әлемдегі
өндірістерден шамамен 1
миллиард, тұрмыстан 14
миллион тонна қалдық
шығарылады. Бұл көлемі мен
зияндылығы жөнінен өте
күрделі. Ал әрбір отбасыдан
бір адам тәулігіне 1,5
килограмм қоқыс шығарады.
Олар желмен, сумен ауаға
топыраққа тарап, қоршаған
ортаға зиян келтіреді.
Мәселені шешу жолы
Атмосфералық ауаға кері
әсерді төмендету
мақсатында Ақтөбе қаласы
аумағында экологиялық
ауыртпашылықты төмендету
үшін қатты тұрмыстық
қалдықтар полигоны
айналасында жасыл белдеу
құру шешімі қабылданды.
2016 жылы 140 гектар
алаңға 103 мың жапырақты
көшеттер отырғызылды.
Біздер үшін, яғни
қазақстандықтарға, «жасыл
экономика» сәнге еру емес,
болашақ ұрпақтың амандығын
қамтамасыз ету үшін қажет.
«Технодом» дүкендер желісі
электрлік-тұрмыстық қоқыстарды
бөлек жинау мен
залалсыздандыру үшін арнайы
экологиялық бокстар қондыру
бағдарламасын жүзеге асыруда.
Акцияның негізгі мақсаты —
қала тұрғындарын электрлі-
тұрмыстық қалдықтарды
контейнерлерге шығармай,
«Технодом» сауда компаниясы
желісіне әкеліп тапсыруға
шақыру.
Біріншіден, елді мекендердің
санитарлық жағдайы мен ай
наласындағы қоқыс үйінділеріне
мемлекеттік органдар ерекше көңіл
аударуы, тиімді шаралар қабылдауы
тиіс. Екіншіден, тұрмыстық қалдықтар
орналасқан орындарды бақылауға
алып, оның қоршаған ортаға әсеріне
мониторинг жүргізген жөн. Үшіншіден,
тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта
өңдеу және кәдеге жаратумен
айналысатын кәсіпкерлік қызметті
дамытуға қолдау көрсету керек.
Төртіншіден, халықтың экологиялық
сауатын жетілдіру шараларын белсенді
жүргізу жолдарын қарастырған абзал
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. https://aqtobegazeti.kz/?p=51458
2. https://egemen.kz/article/164492-turmystyq-qaldyqtar-qalay-o
nhdelude
3. https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860409-kazakstandagy-ekolo
gialyk-problemalar-men-olardy-sesu-zoldary/
4. https://www.enu.kz/downloads/nauka/tutynu-zhane-ondiris.do
c
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz