Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт


Slide 1

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАНДАРДЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ

Slide 2

Сыбайлас жемқор-лықты қалай түсінесіз?

Slide 3

Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт

Slide 4

Жемқорлық туралы түсінік

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.

Slide 5

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық) .

Slide 6

Жемқорлықтың жалпылама белгілері: Лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т. б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

Slide 7

Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің күрт асқынуына ұрындырады.

Slide 8

Қазақстандағы жемқорлық

Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonalұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген.

Қазақстан 2008 жылғы рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын), Армения (108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр) .

Slide 9

1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.

Slide 10

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті. »

Н. Назарбаев.

Slide 11

Заңның мақсаты:

Заң1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп- қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағыталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принцептерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Slide 12

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады.

Slide 13

2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданды.

06. 04. 2016 жылы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Жоқ!

Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!

Slide 19

Барлық адамдар заң мен сот алдында теңді!

Slide 20 Slide 21 Slide 22

Сыбайластық - өмірдің қара жолына әкеп соқтырады!

Slide 23

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған дүниежүзілік конференция ашылды

БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні деп жариялады.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Саяси себептер
Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері
Сыбайлас жемқорлық сауалнама
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ
Сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz