Операциялық жүйе туралы сұрақтар



ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
ДАЙЫНДАҒАН: Қадырбаева Ж. А
ТОБЫ: БББ-202
ТЕКСЕРГЕН: Абубакирова. Р. А

Операциялық жүйе - бұл компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды бадарламалық жасақтама. Ол жадыны, процесстерді, барлық бағдарламалық және аппараттық жасақтамаларды басқарады. Яғни ОЖ - адам мен компьютер арасындағы көпір деуге болады. Өйткені операциялық жүйесіз компьютердің еш мәні жоқ.

Операциялық жүйелердің түрлері
Операциялық жүйелер әдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге алдын-ала орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып қойылған операциялық жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер қаласа басқасын қоя алады.
Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux

Microsoft Windows
Microsoft компаниясы Windows операциялық жүйесін 1980-жылдарың ортасында жасап шығарды. Содан бері Windows-тің көптеген нұсқалары шықты, бірақ олардың ішінде ең танымалы - Windows 10 (2015 жылы шығарылған), Windows 8 (2012), Windows 7 (2009), Windows Vista (2007), мен Windows XP (2001) . Windows көптеген жаңа компьютерлерге алдын-ала орнатылып қойылады және де әлемдегі ең көп таралған операциялық жүйе болып саналады.
Егер сіз Windows операциялық жүйеңізді соңғы нұсқасына жаңартқыңыз келсе, онда Windows-тың соңғы шыққан Home Premium, Professional және Ultimate сияқтыларының бірін таңдай аласыз. Бірақ орнатпас бұрын қайсы сізге оңтайлы болатынын зерттеп алыңыз

Apple Mac OS X
Mac OS Apple компаниясы жасап шығарған операциялық жүйелер тізбегінен тұрады. Ол Macintosh немесе Mac жаңа компьютерлеріне алдын ала орнатылған болады. Бұл операциялық жүйенің соңғы нұсқалары OS X деп танымал. Нақтылап айтқанда Yosetime (2014 жылы шығарылған), Mavericks (2013), Mountine Lion (2012), Lion (2011), және Show Leopard (2009) . Сонымен қатар Mac OS X Server деген де бар, ол серверлермен жұмыс істеуге арналған.
StatCounter Global Stats мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша Mac OS X қолданушылары операциялық жүйелер нарығының 9, 5%-ын құрайды. Бұл Windows қолданушыларының пайызынан әлдеқайда төмен (90%-ға дейін) . Бұның бір себебі Apple компьютерлерінің тым қымбаттылығында

Linux
Linux - бастапқы коды ашық операциялық жүйелер жиыны. Бұл дегеніміз, олар модификациялана (өзгере) алады және кез келген адам оны әлем бойынша тарата алады дегенді білдіреді. Бұл оны Windows сияқты басқа ОЖ-ден қатты ерекшелейді. Өйткені Windows-ті құрастырушысы ғана (Microsoft) өзгерте және тарата алады. Линукстың артықшылығы, оның тегін екенінде және оның таңдауға мүмкіндік болатын бірнеше нұсқасы болады. Әр нұсқаның сырт бейнесі өзгеше болады, және олардың ең танымалы Ubuntu, Mint пен Fedora.
Linux 1991 жылы Linux-тің негізін қалаған Линус Торвальдстің құрметіне аталған.
StatCounter Global Stats жалпы статистикалар мәліметінше, 2014 жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша, Linux қолданушылары операциялық жүйелер нарығының 2%-ын құрайды. Алайда, баптауларының жеңілдігі мен икемділігінің арқасында көптеген серверлер Linux-та жұмыс істейді.

Операциялық жүйе туралы сұрақтар
1. Файлдың типін анықтау үшін нені білу керек?
2. Windows деген не?
3. Файл деген не?
4. Операциялық жүйелерге не жатады?
5. Катало құрамында не болуы мүмкін?
6. Қай символ файлдың атында кезкелген символдар санын белгілейді?

Операциялық жүйе туралы сұрақтар
1. Файлдың типін анықтау үшін нені білу керек?
2. Windows деген не?
3. Файл деген не?
4. Операциялық жүйелерге не жатады?
5. Каталог құрамында не болуы мүмкін?
6. Қай символ файлдың атында кезкелген символдар санын белгілейді?
ЖАУАБЫ
Файылдың кеңейтілуін
Операциялық жүйе
Мәліметтерді сақтайтын аты бар дискідегі орын
MS-DOS, WINDOWS 95, UNIX
Файлдар және бағынышты каталогтар
*

Қолданылған әдебиеттер
https://kk. wikipedia. org
https://www. kaznu. kz/content/files
https://bilim-all. kz/
https://infourok. ru/
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz