СӨЗ ТІРКЕСІ




Презентация қосу
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

«CӨЗ ТІРКЕСІ МЕН ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ» ПӘНІ

. БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

ОРЫНДАҒАН:САГИНТАЕВА Ғ. Е.

АҚТӨБЕ, 2023 ЖЫЛ
ЖОСПАР

I. Негізгі бөлім
1.1 Синтаксис және сөз тіркесі
2.Сөздердің байланыс тәсілдері.
2.1 Жалғау арқылы.
2.2. Шылау арқылы.
2.3Сөздердің орын тәртібі арқылы.
2.4. Интонация арқылы.
3.Сөздердің байланысу түрлері.
СИНТАКСИС

Синтаксис ( гр. Σύνταξις – құру, тәртіп, амал-тәсіл ) – сөз тіркесі туралы,
сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі
бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз
жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу
ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім
ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің
синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем
синтаксисі болып жіктеледі.
СӨЗ ТІРКЕСІ

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық
жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің
негізгі белгілері:
• Сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз
тіркесі сөйлем ішінде танылады
• Кем дегенде екі толық мағыналы сөзден тұрады
• Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір
грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады
• Сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді
Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер
бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады:

1) жалғау арқылы;
2) шылау арқылы;
3) орын тәртібі арқылы;
4) интонация арқылы.
Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау
арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу,
ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу,
біз дайындаламыз.
Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн
сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл
мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.
Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез,
жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат,
аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.
Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит –
жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т.б.
Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар

1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.
Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық
қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді
(ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).
Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың
үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.
Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан
түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.
Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең
бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.
Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон
арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.
Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-
қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-
грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі
грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің
арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар:
анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және
пысықтауыштық қатынас.
1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді
тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала,
орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден
бағыныңқы сөзге қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қандай? Қанша?
Неше? Нешінші? Деген сұраулар қою арқылы анықталады.
Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына
бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне
сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз
тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің
киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің
терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық
мағыналары: салқын жел – табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл –
заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа – тамақтың дәмі.
Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әртүрлі сынын
білдіруі олардың грамматикалық мағынасы болса, әр сөздің өзіне тән
мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары
арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін
даралайды, нақты сипат береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТІ

1.САДИРОВА К.К. « ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ»

2.HTTPS://ITEST.KZ/KZ/ENT/QAZAQ-TILI/SINTAKSIS/LECTURE/SOZ-TIRKESI-SOZ-TIRKESINING-
BAJLANYSU-TASILDERI-MEN-TURLERI-SOZ-TIRKESINING-SINTAKSISTIK-QATYNASTARY.

3.БЕРДІБАЙ ШАЛАБАЙ « ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ» ЕҢБЕГІ.

Ұқсас жұмыстар
Синтаксис және оның объектілері
Еркін сөз тіркестері
Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік
Сөз формалары
Сөз тіркесі туралы түсінік
Қазақтың септік жалғауы сөз тәуелдік жалғау
Сөздердің байланысу тәсілдері
Қабысу
Құқықтық терминдер топтамасы
Сөз тіркестері
Пәндер