Шаруашылық аралық жерге орналастырудың дамуы және мазмұны




Презентация қосу
Шаруашылық аралық
жерге орналастырудың
дамуы және мазмұны

Орындаған Еденбай
Ернұр
Жоспар
1. Шаруашылық аралық жерге орналастыру ұғымы, мазмұны және
міндеттері

2. Шаруашылық аралық жерге орналастыру түршелері, факторлары
және принциптері

3. Шаруашылық аралық жерге орналастыру схемасы және оның
мазмұны

4. Шаруашылық аралық жерге орналастырудағы дайындық жұмыстар

5. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасау, қарау,
бекіту және жүзеге асыру
КІРІСПЕ
Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы жер иеліктері мен жер
пайдалануларды құру және өзгерту, халық шаруашылық салаларының
мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу жүзеге асырылады. Шаруашылық
аралық жерге орналастырудың осы іс-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер
пайдаланушылардың кұқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану
жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді. Сонымен қатар
шаруашылық жүргізу жағдайлары да өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық
жерге орналастыру - техникалық және құқықтық іс-қимылдар арқылы жүзеге
асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.

Жер учаскесінің территориялық ұйымдастырылуының өзгеруі, оны иеленуге
(пайдалануға) құқықтың тууы - шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі
болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісінде шаруашылық аралық жерге
орналастыру арқылы белгіленген шекарамен шектеледі. Жалпы алғанда оның
мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер
пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық
жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.
Меншік түрлері, жер санаттары, жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың пайда болуы
және өзгеруі, оларды аумақтарда орналастыру, жерлерді салалар және жер пайдаланушылар
мен жер иеленушілер арасында бөлу және қайта бөлу шаруашылық аралық жерге орналастыру
(ШАЖО) арқылы жүргізіледі.
Ол жерді пайдалану және қорғауда кеңістікте өзара байланысқан бірнеше кәсіпорындар,
ұйымдар, мекемелер және азаматтардың агроөндірістік кешенінде ғана емес бүкіл халық
шаруашылығының барлық салаларындағы жерге орналастыру қимылдарын қосады. ШАЖО
нәтижесінде жер учаскелерге қарасты меншік түрлері, реті, жағдайлар, жер иеленушілер мен
жер пайлаланушылардың құқығы және міндеттері өзгереді.

Осыған орай шаруашылық аралық жерге орналастыру ұғымын былай тұжырымдауға болады:

Шаруашылық аралық жерге орналастыру – бұл жүйе немесе жерді меншіктілер, халық
Шаруашылық аралық жерге орналастыру міндеттері болып саналады:

1. Халық шаруашылығының барлық салаларында жерді ұтымды пайлануды
ұйымдастыруға ең жақсы жағдайлар жасау, сонымен қатар шаруашылық
жүргізудің барлық нысандарының дамуы үшін тең жағдайлар жасау.
2. Өндірісті ұйымдастыру үшін аумақтық жағдайлар жасау
3. Меншікке, иеленуге, пайдалануға, жалға берілген жер учаскелерінің
ауыртпалықтары мен сервитуттарын, жер пайдалану ретін және
жағдайларын орнату үшін ұсыныстарды дайындау.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру мазмұны келесі сұрақтарды шешуге
бағытталған:
1. Меншік түрлері бойынша шектемеу
2. Халық шаруашылығы салаларының санаттары бойынша жерлерді бөлу
және қайта бөлу
3. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер және
азаматтардың жер иелену мен жер пайдалануларын құру және өзгерту
4. Жер иелену мен жер пайдаланудағы кемшіліктерді жою
5. Жерді нысаналы мақсатында пайдалануды өзгертуге байланысты алып
қою.
6. Жергілікті әкімшілікке берілген жердің пайдалануын ретеу
7. Қалалар мен басқа да елді мекендердің шекараларын бекіту
8. Ірі кәсіпорындар, су қоймалары, басқа да ірі ғимараттар құрылысына жер
учаскелерін беру.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың
түршелері болып саналады:
1. Меншікке байланысты шектемеу.
2. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары жер
пайдалануын ұйымдастыру және өзгерту.
3. Ауыл шаруашылығы емес кәсіпорындары жер
пайдалануын ұйымдастыру және өзгерту.

Кезкелген жер иелену мен жер пайдаланудың
меншік мөлшеріне өзгерістер енгізу жан-жақты
негізделген болу керек, былайша айтқанда
шаруашылық аралық жерге орналастыруды
жүргізу белгілі себептерді немесе факторларды
талап етеді.

Жерді меншік бойынша шектемеу жұмыстарын
жүргізу факторлары болып саналады:

1. Қазақстанда жер мемлекеттік меншікте
болады және жер учаскелері жеке меншікте де
болуы мүмкін.
2. Жер учаскелерін меншіктің әртүрлі түрлеріне
Ауыл шаруашылығында шаруашылық аралық жерге орналастырудың негізгі
факторлары болып саналады:

1. Жер иелену мен жер пайдалануды орналастыруда және олардың шекарасын
жайластыруда кемшіліктер немесе қолайсыз жағдайлардың болуы.
2. Өндірістің мөлшеріне шаруашылық мөлшерінің сәйкес болмауы.
3. Ауыл шаруашылығының мамандандыруы мен шоғырлануының өзгеруі.
4. Өнімді алқаптар ауданының кеңейтілуі.
5. Шаруа (ферма) қожалықтарын ұйымдастыруға қажеттілік.
6. Шаруашылық аралық кооперацияның және ауылдың әлеуметтік дамуы.
7. Жерді және басқа да табиғи ресурстарын қорғау.
8. Мал шаруашылығы, бау-бақша және бақшашылыққа жер бөлу қажеттілігі.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың негізгі факторы ауыл
шаруашылығы мақсатына емес барлық салаларында жерді талап ететін
кәсіпорындарды ұйымдастыру қажеттілігі.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың негізгі принциптері:

1. Жер заңдарын бұлжытпай орындау, жер иелену мен жер пайдаланудың
тұрақтылығын және шекарасының анықтығын нығайту.
2. Жерді ұтымды және тиімді пайдалануын, сонымен қатар ауыл
шаруашылығының басымдылығын қамтамасыз ету.
3. Барлық жер пайдалаушылар мен меншіктілерге өндіріс тиімділігін арттыруға
және әлеуметтік дамуына жағдайлар жасау.
4. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары аумақтарын дұрыс ұйымдастыруға және
ауыл шаруашылық мақсатында емес объектер аумақтарын жоспарлауға
Схема – жобаның әртүрлі түрін құру және әсіресе ШАЖО негізі болып саналады. ШАЖО схемасы
жоба алдындағы құжат ретінде ауданның жерге орналастыру схемасының бөлігі немесе жерге
орналастыру схемасы жасалмаса немесе ескірсе дербес немесе өзіндік жұмыс болып
дайындалады. ШАЖО схемасында келесі сұрақтар шешіледі:

а) жер иелену мен жер пайдалануды реттеу және қайта қайта құру;
б) алқаптар құрылымын өзгерту;
в) ауыл шаруашылық алқаптарын ауыспалы егістер, жайылым- және шабындық айналымында
пайдалану жүйесі;
г) ауыл шаруашылығында пайдалануға жаңа жерлерді қатыстыру;
д) мелиоративтік және мәденитехникалық шараларды жүргізу негізінде жер алқаптарының
өнімділігін арттыру;
е) жол тораптарын, орман қорғау екпе ағаштарын, су шаруашылығының ғимараттарын
орналастыру;
ж) елді мекендерді және басқа да шаруашылық орталықтарын, өндіріс кешендерін орналастыру;
з) табиғатты қорғау шараларын дайындау;
ҚОРЫТЫНДЫ
Шаруашылық аралық жерге орналастыру келесі кезеңдерден тұрады: жерге
орналастыру мәселесін көтеру; дайындық жұмыстары; жобалау; жобаны қарау, бекіту;
жобаны жер бетіне шығару; құжаттарды әзірлеп, тапсыру; авторлық тексеріс жүргізу.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәселені көтеру кезеңіне жерге
орналастыру жұмыстарын орындау және қаржыландыру жайында үстемділік
жүргізетін компетентті органдардың шешімдерінің жариялануы және мүдделі
мекемелердің, жер иелерінің, жер пайдаланушылардың өтініштерінің жоғары
инстанцияларға тапсырылуы болып келеді.

Жерге орналастыру жобасын жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі: жерді
есепке алу, статистикалық, пландық-картографиялық және басқа керекті
материалдарды жинау, сараптау, сапасын анықтау; жерге орналастыру объектілерінің
территориясында арнайы зерттеу және ізденіс жұмыстарын жүргізу; мүдделі
ведомстволардың, ұйымдардың және жеке адамдардың тілектерін анықтау және т.б.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастырудың құрылымы
Жер қатынастары мен жерге орналастырудың даму кезеңдері
ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ
ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ІШКІ ШАРУАШАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Аумақтық экономиканы зерттеу әдістері
ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНА ЖЕР БӨЛІП БЕРУ
Штандорт теориясы
Шамалған ауылдық округі
ЖЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Пәндер