Қазақ ру-тайпалық құрылымы және жүздік жүйенің этноәлеуметтік негіздері


Slide 1

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы

1. Рулық құрылыс

2. Қазақ жүздері туралы

Slide 2

Ру - арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы.

Тайпа - қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Тайпаның басқа белгілері: тайпа аумағының болуы, тайпаластардың экономикалық қауымдастықтарының анықталуы, бірыңғай тіл (диалект), сондай-ақ дербес өзін-өзі басқару.

Жүз - этникалық-аумақтық бірлестік.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Жүздік құрылым туралы

Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.

В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", - деп есептейді.

Михаил Порфирьевич Вяткин В. В. Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", - дейді.

С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде - X-XII ғасырларда бөлінді", - деп есептейді.

Slide 6

Қазақ жүздерінің ішкі белгілері

М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.

Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:

а) ішкі аумақтық тұтастық;

ә) этностық туыстық;

б) шаруашылық-мәдени бірлік;

в) саяси басқару ортақтастығы.

Slide 7

Ұлы жүз

ТАЙПАЛАР

ҚОНЫСТАНҒАН МЕКЕНДЕРІ

ХАЛЫҚ САНЫ

Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Ошақты, Сарыүйсін, Шапырашты, Сіргелі, Ысты, Албан, Суан, Шанышқылы.

Жетісу, Шу, Талас, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы.

XIX ғ. соңында

700 сындай болды

Орта жүз

ТАЙПАЛАР

ҚОНЫСТАНҒАН МЕКЕНДЕРІ

ХАЛЫҚ САНЫ

Алты атадан тұрады, «Алты арыс» дейді; Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ

Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы. Жетісудың солтүстік-шығысы, Шу мен Сыр өзендерінің аралығы.

XX ғ. басында 1 млн. 350 мың (1 млн. 500 мың)

Кіші жүз

ТАЙПАЛАР

ҚОНЫСТАНҒАН МЕКЕНДЕРІ

ХАЛЫҚ САНЫ

Байұлы, Әлімұлы, Жетіру

Батыс Қазақстан, Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері, Мұғалжар таулары. Маңғыстау, Тобыл, Жайық өзендеріне дейін.

XIX - XX ғ. басында 1 млн. 300 мыңдай.

Slide 8

Қарым-қатынастар

Slide 9 Slide 10

СІЛТЕМЕЛЕР

http://old. prosveshenie. kz/index. php?newsid=533

https://prezi. com/-2bzlepfz0eb/presentation/

http://e-history. kz/kz/contents/view/1598

https://yadi. sk/i/NXH-Nm6CnZeiy


Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының тарихи қалыптасуы мен этногенез кезеңдері
Қазақ жүздерінің шығуы, аумақтық таралуы және тайпалық құрамы
Қазақ жүздерінің тарихи қалыптасуы мен құрылымы
Иммундық жүйенің жасушалық негіздері және олардың өзара әрекеттесуі
Эмоцияның лимбикалық теориясы: лимбиялық жүйенің құрылымы мен қызметтері
Саяси жүйенің қызмет ету механизмі, құрылымы және тұрақтылығы
Қазақстандағы банктік жүйенің дамуы мен құрылымы
Саяси жүйенің ұғымы, құрылымы, қызметтері мен ұйым түрлері
Инфекциялық ауруларды диагностикалаудағы иммуноферменттік талдау және иммундық жүйенің негіздері
Қазақ жүздерінің этносаяси және шаруашылық негіздері: құрылымы, орналасуы және тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz