ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАР




Презентация қосу
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты

ТАҚЫРЫБЫ: ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАР. ҚАН ЖӘНЕ ЛИМФА.

Орындағандар: ХБК2 Жанабек А., Ерназар Н.,
Ерғалиева А., Жангелдіқызы А.
Жоспары:
Ішкі ортаның ұлпалары
Мезенхима
Дәнекер ұлпалары туралы жалпы түсінік
Ішкі ортаның ұлпалары
Ішкі ортаның барлық ұлпалары онтогенез кезінде мезенхимадан дамиды.Мезенхима негізінде
мезодермадан дамып жетіледі. Бұл ұлпалар тобыжасушалар мен жасуша аралық заттардан тұрады және
кабаттар құрамай-ды. Жасушалар құрылысы аполярлы болып келеді. Ішкі орта ұлпалары-ның негізгі
топтары - дәнекер ұлпа, май ұлпасы, қан мен лимфа, шемір-шек пен сүйек ұлпалары . Ішкі ортаның
ұлпалары әртүрлі функ-ция атқарады. Мысалы, қан мен лимфа және борпылдақ дәнекер
ұлпасынегізінде, бүкіл организмдегі жасушалардың қоректенуін қамтамасыз етеді.Организмнің ішіне
түскен инфекциямен немесе бөгде белоктармен күресу-де де ерекше рөл атқарады.Ішкі орта ұлпалары -
шеміршек, сүйек, сіңір, апоневроз, шандыр сияқтытүрлері механикалық функцияны қамтамасыз етеді.
Эволюция процесікезінде ішкі орта ұлпалары эпителиймен бір мезгілде және өте ерте пайдаболған. Осы
ұлпалардың барлығын бір топқа біріктіретін ортақ белгілерібар. Олар:
1. Ішкі орта ұлпалары жалпы алғанда мезенхимадан дамыған.
2. Жасуша аралық затқа бай болғандықтан, жасушалар бір-біріненалшақ орналасады.
3. Жасушалары аполярлы.
4. Организмнің ішінде орналасқан.
Мезенхима
Мезенхима эмбриондық дамудың бастапқы кезінде ұрықтык жапырақ-шалар пайда болғаннан кейін түзілетін
жабайы дәнекер ұлпа. Мезенхиманегізінде мезодермадан бөлініп шығатын ұрықтық жапырақшалар менбіліктік
мүшелердің аралығын толтыратын, тармактары бірі-біріменұштасып тор құрайтын жұлдыз пішінді жасушалардан
тұрады. Мезодермадан пайда болатын мезенхиманы энтомезенхима деп атайды.Мезенхима қан жасушаларына,
алғашқы қан тамырларына, дәнекерұлпасына, шеміршек, сүйек ұлпаларына жіктеледі. Мезенхиманың
дамуынаэктодермадан пайда болатын ми қабығы дамитын ұрықтың бастамаэктомезенхиманы немесе
нейромезенхиманы құраушы жүйке жолағы дакатысады. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы да мезенхимадан
дамиды.Мезенхима жасушаларының ядросы ірі, пішіні сопақша келеді, цито-плазмасында эндоплазмалық тор
жақсы жетілген және митохондриялар көпболады. Жасушаларының арасында белоктармен қосылған мукополи-
сахаридтік жасуша аралық зат орналасқан.
Дәнекер ұлпалары туралы жалпы түсінік(құрылысы,қызметі)
Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) —
адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі
ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі
ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және
жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал
басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер
ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына
тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық)
және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты
ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы
жетілген.
Дәнекер ұлпа мезенхимадан дамыған, оның құрамында көптегенжасуша аралық заттар (талшықты
құрылымдар, аморфты заттар) менжасушалар дифферондарының қатары бар. Ішкі ортаның
тұрақтылығынсақтайтын күрделі ұлпалар. Адам денесі массасының 50% астамы дәнекерұлпадан
тұрады. Дәнекер ұлпа мүшелердің стромасын, ұлпаларарасындағы қабыршақ – перделерін, тері
дермасы мен қаңқаны түзеді. Дәнекер ұлпаның қызметі:
1. Трофикалық — жасуша аралық зат айналасында орналасқан кұрылым-дарды қоректік заттармен
қамтамасыз етеді (эпителийді), зат алмасу менағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды.
Дәнекер ұлпаның аралықзаты арқылы су, тұздар, қоректік заттар тасымалданады.
Сондықтанжасуша аралық зат интегративті – буферлі орта болып табылады.
2. Қорғаныс - ағзаны механикалық әсерлерден қорғайды (сүйек пеншеміршек ұлпаларын), мүшелерге
сыртқы ортадан бөтен заттардыңенуінен сақтайды (фагоцитоз),
жасушалықгуморальдықИммунитетке қатысады.
3. Тіректік – дәнекер ұлпаның коллаген және эластинді талшықтарыкөптеген мүшелердің негізін
түзеп, пішінін құрайды.
4. Пластикалық - тіршілік ету жағдайларына байланысты сол ортағабейімделу процесіне қатысып,
мүшелер дефектісін жойып, регенерациялыққызмет атқарады.
5. Морфологиялық - ұлпалар комплексін қалыптастыру, оның ішіндекөптеген мүшелердің
(бездердің) капсуласын, мүшенің ішіндегі стромасыболып саналатын перделерін түзіп, мүшелерге
белгілі бір пішін береді.
Қорытынды:
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Эпидермис және тамырдың эпиблема
Тіректі-қоректі ұлпалар
Бұлшықет ұлпалары
Дәнекер ұлпасы
Ұлпалар эволюциясы
Жалпы ұлпа туралы түсінік
ҚАН ЛИМФА ДӘНЕКЕР
Шеміршек ұлпасы
Жалпы гистология
Организация ,инкапсуляция, метаплазия,трансплантация
Пәндер