Педагогикада тәрбие әдістерінің түрлері


Slide 1

Тақырыбы: Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

Орындаған: Әбіш А., Жанабек А., Касымова А., Замзат А.

Тексерген: Косшыгулова А. С.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университеті

Жаратылыстану және география институты

Slide 2

Жоспары:

Тәрбие дегеніміз не?

Педагогикада тәрбие әдістерінің түрлері

Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері

Тәрбие мақсаты

Тәрбие әдістері

Slide 3

Тәрбие дегеніміз не ?

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.

Slide 4

«Классификациялау» ұғым тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу деген мағынаны білдіреді. Әр әдістің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін классификациялау не үшін қажет? Ол тәрбие әдісінің:

жалпы және жеке;

негізгі және кездейсоқ;

теориялық және практикалық ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;

мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;

әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгсін және оның ерекшелігін, міндетін бір-бірімен байланысын айқындай түседі.

Бұл жағдай мұғалімнің өз тарапынан ғылыми ойлауын тереңдетіп, оның педагогикалық шығармашылық еңбек етуіне септігін тигізеді.

Бүгінде тәрбиенің әрбір әдісі қайта құру ісіне қызмет ете ме? Қоғамдық сананы оята ма? Жасампаздық күш-жігерді еселе түсу, еңбек, оқу білім алу және жауапкершілік, қазіргі қоғамды шын мәнінде жаңарту жолдарына көмектесе ме?

Тәрбие әдісінің теориясы осы мәселелерге жауап беруі керек.

Slide 5

Педагогикада тәрбие әдістерінің түрлері

Педагогика ғылымын зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше классификацияланады.

Ғалым педагогтар Н. И. Болдырев, Н. К. Гончаров, Ф. Ф. Королев т. б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т. А. Ильина, И. Т. Огородников т. б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қарастырады. Г. И. Щукина өзінің «Мектеп педагогикасы» оқулығында (М., 1977 ж. ) тәрбие әдісін классификациялауда қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды.

Slide 6

Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин «Педагогика» оқулығында (М., 1988 ж. ) тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады:

Бірінші топ - жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеалы) .

Екінші топ - іс-әрекетті ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдістері.

Үшінші топ - іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері.

Төртінші топ - мінез-құлық, іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беру әдістері.

Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері ек жақты тәрбие, - ықпалын сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелері саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта қарым-қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.

Slide 7

Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері

Қызметтік тұғыр

Құзыреттілік тұғыр

Әлеуметтік тұғыр

Slide 8

Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері

Іс-әрекеттік тұғыр

Жүйелілік тұғыр

Антропологиялық тұғыр

Slide 9

Мақсат дегеніміз алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, оны іске асыруға әрекет ету.

Тәрбиенің мақсаты

Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.

Тәрбие мақсаты

Жалпы

барлық адамдардың бойында сапалық құндылықтарды қалыптастырады

Дара

жеке тұлғаның

қалыптасуын көздейді.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА БІЛІМ
Тәрбиенің ұлттық ерекшеліктері
Инновациялық оқыту технологиялары
Педагогикада эксперименталды - эмпирикалық денгей әдістері
Мектептанудың негізгі мәселелері
Арнайы педагогика мен арнайы психологияның теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогикалық тәжірибе
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz