Перцептік жағы



Адамдар арасындағы қарым - қатынас

Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т. б. деңгейлері болады.

Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты) ;
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру) ;
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты) .


Педагогикалық қарым-қатынас
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Перцептивтік қарым-қатынас
Перцептивтік қарым-қатынас - адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

Фатикалық қарым-қатынас
Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

Қарым-қатынастың жетекші түрі
Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.


Қарым - қатынастың үш жағы бар.
1. Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы

Коммуникативтік жағы - қарым - қатынас арқылы адамдар бір - біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым - жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір - біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл -күйімен, сезімдерімен т. б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.

Интерактивтік жағы - бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді. Қарым - қатынастың интерактивті жағы - адамаралық қарым - қатынастың, адамдардың бір - бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым - қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәлметпен алмасыпжәне өзара түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.

Перцептік жағы - қарым - қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін - бірі қабылдауы. Адамдардың қарым - қатынасқа түсер алдында бір - бірін адекватты қабылдап, сезінудің өзара қарым - қатынас барысында сеніммен түсінісулеріне маңызы өте зор.

Идентификация дегеніміз - адам өзін басқа адамның орнына қойып, сол адамның бағалайтын заттарын құбылыстарын, уақиғаларын өзіндік етуі. Мысалы, оқушының өзін мұғалім орнына қойып, соның бойындағы қасиеттерді өзінікі етуі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz