Ана сүтінің маңызы



Тамақтандырудың әртүрлі түрлеріндегі балаларда қосымша тамақтандыруды ұйымдастыру.
Дайындаған:Маратова Іңкар

1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру
Табиғи
Сәбиді тек ана сүтімен тамақтандыру
Аралас
Балаларға ана сүтімен қатар сүт қоспалары да беріледі. Жасанды сүт қоспаларымен қосымша тамақтандыру үстеме тамақтандыру деп аталады.
Жасанды
Жасанды қоспалармен тамақтандыру

Ана сүтінің маңызы
Жаңа туған нәрестенің тамақтануы бала организмінің дамып, өсуіне қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілуі қажет. Осы реттегі табиғаттың ең керемет сыйы - ана сүті.
Алғашқы 6 ай ішінде бала ана сүтінен барлық өзіне керекті қоректік заттар мен суды алады, олар баланы әртүрлі аурулардан қорғайды және бұл уақытта балаға басқа ешқандай тағам мен су қажет емес.
Ана сүті дегеніміз:
Тамақтың оңтайлы температурасы;
Тамақтың кіршіксіз тазалығы;
Балаға тамақты қорытуға көмектесетін қосымша заттар;
Балаға жұқпалы аурулармен күресуге көмектесетін және қорғайтын заттар.

Ана сүтінде не ерекше құнды болып табылады?
- Ана сүті баланы жұқпадан қорғауда маңызды рөл атқаратын көптеген иммуноглобулиндерді қамтиды.
Туылғаннан кейін жатырдан тыс өмірдің басталуымен бұрындары ана құрсағында оқшауланып келген бала көп микробты флораға соқтығысады. Вирустар мен бактериялар теріге, тыныс алу және ас қорыту органдарының шырышты қабаттарына орныға бастайды, жекелеген түрлері баланың денсаулығы үшін қауіпсіз болмауы мүмкін. Бірақ ана сүтінің көптеген әр түрлі антиденелер мен басқа да қорғаушы факторларды қамтитындықтан, бала жұқпалардан қорғалады.
Бала туылғаннан кейін бастапқы 3-4 күнде қабылдайтын өтпелі сүт пен уыз мейлінше жоғары иммундық белсенділікке ие.
Омыраумен тамақтандырылатын балалардың ауыру деңгейі жасанды тамақтандырылатын балаларға қарағанда айтарлықтай аз екендігін айта кету керек.

Бала омырау сүтін жеңіл сіңіреді, себебі:
а) ана сүті асқазан сөлінің әсерінен кішкентай «жұмсақ» үлпектерді қалыптастыра отырып, жеңіл ірімшіктеледі;
б) ана сүтінде ферменттердің болуы сүттің қорытылуы мен сіңірілу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді, «өздігінен қорытылуы» жүреді.
- Орталық жүйке жүйесінің қызметіне пайдалы әсер етеді.
Ана сүті баланың үйлесімді дамуы үшін қажет әр түрлі заттардың оңтайлы санын қамтиды. Сүттің құрамындағы бірқатар амин қышқылдары орталық жүйке жүйесінің «пісіп жетілуіне» ықпал етеді, бұл әсіресе күні бұрын шала туылған сәбилерді бақылауда жақсы байқалынады.
Көп жылдық бақылаулар табиғи тамақтанатын балалардың теңдестірілген қозғалыс және психикалық - эмоциялық белсенділікпен, денінің саулығымен әрі жарқындығымен айрықшаланатындығы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Омыраумен тамақтандыру балада ішек жұқпаларының тәуекелдерін төмендетеді.
Омырау сүтінің және бөтелкелерді, банкілерді, емізіктерді қолданбау мүмкіндігі баланың ішек-қарын жолындағы патогендік флорасына қауіптерді төмендетеді.
Омыраумен тамақтандырудың бала үшін осындай айқын пайдалы жақтарынан кейін ананың өзі үшін де омыраумен тамақтандырудың пайдасын айтпай кетуге болмайды.

Ана сүтінің құрамында - сулар, ақуыздар, дәрумендер, майлар, көмірсулар және минералды заттардан құралады.
Ана сүтінің құрамы

Көмірсулар - сүт бөлігінің жеті пайызын құрайды. Бұл -лактоза, фруктоза, галактоза және олиго қант жүйелерінен тұрады. Баланың дамуына лактозаның маңызы зор. Кальций мен темірдің сіңірілуі, жүйке жүйесіне қажетті заттар түзеді. Ішектегі микрофлораның дамуына үлесін қосады. Ана сүтінде көмірсулармен қатар лактаза ферменті бар. Лактаза ферменті майға бай. Ұзақ уақыт еметін, түнде еметін сәбилер бұл ферментті көбірек алады.
Май - ана сүтіндегі майдың мөлшері төрт пайызды құрайды. Бұл сәбидің күнделікке қажетті энергиясына жеткілікті мөлшерін құрайды. Майлар - ана сүтінде микроскопиялық түйіршіктер ретінде болады. Олар оңай қорытылады. Баланынң миының дамуына ықпал етеді. Сүттің құрамының негізгі компонентері майлар болып табылады. Олар баланы емізіп отырған кезде өзгеріп отырады. Емізудің соңына қарай қоюланады, мөлшері көбейеді. Бала өздігінен емуін доғарады. Осы уақытқа дейін емізудің маңызы зор, өйткені сүттің құнары артады.

Су - сүттің құрамының сексен жеті пайызын құрайды. Алғашқы емізу кезінде балаға тез сіңімді, сондықтан алты айға дейін балаға қосымша су беруді қажет етпейді.
Ақуыздар - ең аз бөлігін құрайды, шамамен бір пайыз ғана. Баланың жүйке жүйесінің өсіп, дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа туылған сәби мен бір жасар сәбидің ақуыздың қажеттілігі әртүрлі. Ана сүті бала өскен сайын ақуыздардың мөлшері бұдан да азайып отырады. Өйткені бір жасар балаға ақуыздың көп мөлшерін қажет етпейді.
Дәрумендер мен минералды заттар - ең аз мөлшерін құрағанымен, баланың ағзасына пайдасы өте зор. Ана сүтінің бір пайызын дәрумендер мен минералды заттардан құралады. Бұл дәрумендер баланың зат алмасу процесін реттейді. Ана сүтінде балаға қажетті барлық дәрумендер мен минералды заттар болады. Кальций, фосфор, фосфаттар және 15 түрлі гормандар бар.

Баланың дені сау кезінде тамақтандыру туралы нұсқаулар:
6 айға дейін
Бала жылаған сайын (күні-түні) тәулігіне ең кем рет 8 рет емізіңіз.
Басқа тағам, сұйық тамақтар бермеңіз:
су, шай, соктарды, жасанды қоспалар, сүт, кашаларды да беруге болмайды.
Балада аштық белгілері білінсе:
бала қозғалақтап, саусағын сорып, ернін жыбырлата бастағанда емізу керек.
Баланың жылағанын күтпей емізіңіз.

Табиғи тамақтандыру 4-3-4 формуласы
Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз.
Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болуы керек.
Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болуы керек (іші анасының ішіне түйісуі)
Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.
Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз
Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.
Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз.
Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.
Сәбидің аузы барынша ашық.
Астыңғы ерін сыртқа шығыңқы болады.
Емшектің басын бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керек.

Тиімді табиғи тамақтандырудың 10 принципі:
(ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің біріккен мәлімдемесі (1998) )
Жаңа туылған нәрестеге күтуді ұйымдастыратын кез-келген перзентхана мен ауруханалар міндетті:
Табиғи тамақтандырудың белгіленген тәртіптерін қатал ұстап, медициналық қызметкерлер мен босанатын және босанған әйелдерді осы тәртіптер туралы жүйелі түрде хабардар етіп отыру.
Медициналық қызметкерлерді табиғи тамақтандыруды практикалық жүйеде қамтамасыз ету үшін қажетті дағдыларға оқытып үйрету.
Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандырудың артықшылығы мен тәсілі бойынша хабардар ету.
Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға көмектесу.
Ана мен бала бөлек жатса да, ана сүтімен дұрыс тамақтандыруын, сүттенуіне жәрдем беру.
Белгілі бір жағдайда, медициналық көрсеткішпен болмаса, жаңа туған нәрестеге ана сүтінен басқа тамақ және сұйықтық бермеу керек.
Ана мен баланың бір бөлмеде болуын тәжірибиеге енгізу, жаңа туған нәрестемен ананың тәулігіне 24 сағат бірге болуына рұқсат беру.
Жаңа туған нәрестенің қалауынша ана сүтімен қоректендіру.
Ана сүтімен қоректенген сәбиге құр емізікті бермеу.
Ана сүтін қолдайтын топты мадақтап, стационар мен клиникалардан шыққан аналарды осындай топтарға бағыттау керек.

Егер нәресте:
Анаға көмектесіңіз:
Ауруханаға жатқызылса
Анасы мен баланы бірге орналастырып және ана сүтімен тамақтандыруын жалғастыру
Ана сүтін жақсы емеді
Ана сүтімен көбірек тамақтандыру
Ауырмастан бұрын аз емеді
Көбірек тамақтандырыңыз
Ана сүтін алмайды немесе бас тартады
Анасының сүтін сауып, сәбиді шыны аяқпен тамақтандыру немесе сүзгі арқылы
Тамақты ауыздан іше алмайды
Ананың сүтін әрбір 3 сағат сайын сауу
Егер нәресте сауықса
Омырау сүтімен көбірек тамақтандыру
Егер ана сүтімен тамақтанатын нәресте сырқаттанып қалса, оған қалай көмектесу керек?!

Егер ана сырқаттанса:
Сұраңыз: ” Нәрестені омыраумен тамақтандыра ма?”
Науқас ауруханаға жатқызылса
Анасы мен баласын бірге орналастыру
Науқастың дене қызуы көтерілсе
Көбірек сусын беру
Егер ана қатты сырқаттанып және омыраумен тамақтандырудан бас тартса
Анасының сүтін сауып және сәбиді шыны аяқпен тамақтандыру керек
Егер ана қатты сырқаттанып тұрса
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz