Халықаралық МЭК стандарттары



10 ДӘРІС
Халықаралық және аймақтық стандарттау. Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО)

Халықаралық стандарттау ұйымы
Халықаралық стандарттау ұйымы 25 мемлекеттің ұлттық стандарттау ұйымдарының қолдауымен 1946ж. Лондонда ООН шешімімен құрылды, іс жүзінде жұмысы 1947 ж. басталды
ИСО іс-әрекеті электротехника және электроника саласынан басқа саланың бәрін қамтиды. Электротехника және электроника саласы Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) құзырлығында

ИСО ҚҰРЫЛЫМЫ
ИСО-ның басшы және жұмыс органдары: Бас ассамблея (жоғарғы орган),
Кеңес,
Техникалық басқару бюросы
Жұмыс органдары - техникалық комитеттер (ТК), бағынушы комитеттер (ПК), техникалық кеңесші топтар (ТКГ)

ИСО Кеңесі
ИСО Кеңесіне 7 комитет бағынады:
ПЛАКО (техникалық бюро),
СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерделеу комитеті) ;
КАСКО (сәйкестікті бағалау комитеті) ;
ИНФКО (ғылыми-техникалық ақпараттар комитеті) ;
ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету комитеті) ;
КОПОЛКО (тұтынушылар мүддесін қорғаушы комитет) ;
РЕМКО (стандарт үлгілер комитеті) .

Халықаралық электротехникалық комиссия
Халықаралық электротехникалық комиссия 1906г. 13 мемлекет қатысқан халықаралық конференцияда құрылды
МЭК электротехника, электроника, радио байланыс, прибор жасау саласындағы стандарттаумен айналысады
МЭК ресми тілдері - ағылшын, француз және орыс

Халықаралық МЭК стандарттары
Халықаралық МЭК стандарттарын екі түрге бөлуге болады:
- салааралық сипаттамадағы жалпы техникалық -терминдер, стандартты кернеу мен жиілік, түрлі сынақ түрлеріне және т. б. жасалған нормативтік құжаттар жатады;
нақты өнімге қойылатын техникалық талаптары бар стандарттар -тұрмыстық техникадан бастап байланыс спутниктерін қамтитын кең ауқымды стандарттар жатады.

МЭК стандарттау негізгі объектілері:
электротехникалық өнеркәсіп материалдары (сұйық, қатты газ диэлектриктері, мыс, алюминий, олардың қорытпалары, магниттік материалдар) ;
өндірістік электротехникалық жабдықтар (пісіру аппараттары, двигательдер, жарық техникалық жабдықтары, реле, төмен вольтты аппараттар, кабель және т. б. ) ;

МЭК стандарттау негізгі объектілері
электроэнергетикалық жабдықтар (бу және гидравликалық турбиналар, электрберу сымдары, генераторлар, трансформаторлар) ;
электрондық өнеркәсіп бұйымдары (интегралдық сұлбалар, микропроцессорлар, баспа платалары және т. б. ) ;
тұрмыстық және өндірістік электрондық жабдықтар;
электр құралдары;
байланыс спутник жабдықтары;
терминдер.

Европалық экономикалық ООН комиссиясы (ЕЭК)
1947 ж. соғыс зардабынан жапа шеккен мемлекеттерге көмек ретінде уақытша ұйым болып құрылған
1951 ж. ЭКОСОС ООН анықталмаған уақыт аралығына ООН шегінде мемлекетаралық экономикалық қатынасты дамыту бағытын негізге алып, ЕЭК өкілдігін қабылдайды
ЕЭК ООН стандарттау саласындағы негізгі мақсаты өкімет деңгейінде стандарттау саясатының негізгі бағыты және осы саладағы басты мәселелерді анықтау

ООН азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО)
1945ж. ООН арнайы үкіметаралық ұйымы ретінде құрылды
Мүшелігінде 160 мемлекет бар
Уставқа сәйкес ұйым мақсаты - халық өмірі мен азығы деңгейін көтеру, өндіріс тиімділігін арттыру, азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін бөлу, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, жалпы әлем экономикасын дамытуға ат салысу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ)
ООН Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің ұсынысы бойынша 1948 ж. құрылды
ООН-ның арнайы мекемесі болып келеді
ВОЗ Уставына сәйкес ұйым мақсаты - барлық халықтың денсаулық деңгейі жоғары болуы ( толық физикалық, жан-дүниелік және әлеуметтік жағдайы)
ВОЗ 1977 ж. 2020 жылға жалпы халық саулығына қол жеткізу стратегиясын алдыға қойып отыр
ВОЗ мүшелігінде 180 мемлекет, оның ішінде Қазақстанда бар

«Кодекс Алиментариус» комиссиясы
Тамақ өнеркәсібінде стандарттарды жасау бойынша «Кодекс Алиментариус» комиссиясы ФАО және ВОЗ азық-түлік тауарларына халықаралық стандарттар жасау бойынша бірлескен бағдарламаларды құруды көздейді
Комиссия жұмысы ФАО комитеттері қабылдаған ұсыныстарға негізделген
ФАО/ВОЗ бағдарламаларына 130 мүше - мемлекет қатысады.
Комиссияның негізгі мәселесі - негізгі тамақ стандарттары бойынша халықаралық келісім және осы стандарттарды ұлттық стандарттау жүйелерімен қабылдау.
Тамақ стандарттарының негізгі жақтары: құрамы, қосындылары, ластаушылар, минералдық тыңайтқыштардың қалдықтары, гигиена, сынама алу, талдау, этикеттеу.

Стандарттау бойынша Европалық комитет
Стандарттау бойынша Европалық комитет (1970 ж. дейін - стандарттарды бағдарлау Европалық комитеті) 1961 ж. бері бар. СЕН мүшелігінде 18 европалық мемлекеттердің ұлттық стандарттау ұйымдары бар
Бұл жабық ұйым, 1992 ж. дейін бұған тек ЕС және ЕАСТ мүшелері ғана кіретін.
СЕН Бас ассамблеясының шешімімен мүшеліктің жаңа категориясы енгізілді - ассоциативтік мүшелік
Ассоциативті мүшесі - статусы ұлттық немесе европалық заңнамамен анықталатын СЕН мүше-мемлекеттерінің кез келген қоғамдық, ғылыми, экономикалық немесе басқа ұйымдары бола алады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz