Топырақтың механикалық құрамы


Slide 1

Топырақтың механикалық құрамы. Топырақтың органикалық бөлігі мен структурасы

Slide 2

Жоспар:

1. Топырақтың құрылысы.

2. Топырақтың құрылымы.

3. Топырақтың нығыздылығы

4. Топырақтың кеуектілігі.

5. Топырақтың механикалық құрамы

Slide 3

Топырақ

Топырақ - тау жыныстары ыдыраған кезде алынған минералдық заттар қоспасынан, өсімдіктер мен жануарлардың ұсақ ағзалар қалдығының ыдырауы нәтижесінде пайда болған ағзалық заттардан құрылған құрлықтың үстіңгі қабаты болып саналады.

Slide 4

Механикалық құрамы

Механикалық құрамы - жеңіл топырақтардың ауыр топырақтарға қарағанда, бұдан басқа кемшілігі - су және жел эрозиясына төзімсіздігі болып табылады. Мұндай жерлерде өсімдіктер нашар өсетіндіктен, оның беткі қабаты желдің (ал суарлармалы жерлерде - судың) әрекетінен үгіліп (жуылып) кетеді.

Slide 5

Топырақ қабаттары

Slide 6

Топырақтың құрылымы

Топырақтың құрылымы деп, оның әр түрлі пішінді үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады.

Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т. б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы - күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс.

Slide 7

Топырақтың құрылымы

Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0, 5 мм-лік микроагрегаттардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттар бар. Агрегаттарының көлемі 1 мм-ден - 10 мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.

Slide 8

Топырақтың нығыздылығы

Топырақтың нығыздылығы - оның борпылдақ қуысты немесе нығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді. Топырақтың нығыздылығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты.

Slide 9

Нығыздылықтың деңгейіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Slide 10

Нығыздылықтың деңгейіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Өте тығыз, біртұтас топырақ. Мұндай топырақ сортаң және карбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді, механикалық құрамы ауыр әрі өзі құрғақ болады. Агрономиялық тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.

Тығыз топырақ - жердің жыртылған қабатынан төмен орналасқан, сортаңдау және механикалық құрамы ауыр балшықты жерлерде топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауыл шаруашылығына пайдалануға болады.

Тығыздау топырақ - жердің иллювиальді қабатында кездеседі. Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға болады.

Slide 11

Нығыздылықтың деңгейіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Борпылдақ топырақ үстіңгі қабатта болады. Өйткені мұнда органикалық заттардың мол болуына байланысты құрылымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сондықтан мұндай құнарлы топырақта мәдени өсімдіктер жақсы өседі.

Бос жылжымалы топырақ құмдақ және құмды жерлерде болады. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.

Slide 12

Топырақтың кеуектілігі

Топырақтың бос кеуектері топырақта көп орын алады. Кеуектердің көлемі түрлі топырақтарда ғана емес, тіпті бір түрдегі топырақтың өзінде түрліше болады. Ірі қуыстардың тесігі бірнеше сантиметр болуы мүмкін, уақ кеуектердің тесігі мм-дің жүзден, мыңнан бір бөліміндей не онан да тар болады.

Топырақтағы кірмелер. Топырақта оның түзілу процесіне қатысы жоқ бөтен заттар кездесуі мүмкін. Тас, кірпіш т. б. бұлар топырақтағы кірмелер болып есептелінеді.

Slide 13

Топырақтың механикалық құрамы

Топырақтың механикалық құрамы:

құм;

құмдақ;

балшықты бөлшектерден тұрады. Міне, осы түйіршіктер топырақ құрылымы болып есептеледі. Әрбір топыраққа тән мөлшері, түрі, қуыстылығы, механикалық беріктігі және суға шайылмайтын қасиеттер жиынтығын топырақтың құрылымы деп атайды. Ал топыраққа өскен сімдіктердің шіріндісі органикалық қалдықтар немесе топырақтың құнарлы бөлігін құрайды.

Slide 14

Ірілігіне қарай топырақ бөлшектерін топтарға бөлу

Бөлшектердің диаметрі (мм)

Бөлшектердің аты

3 мм - ден ірі

топырақтың тас бөлігі

3 мм - ден 1 мм - ге дейін

ірі құм

1 мм - ден 0, 25 мм - ге дейін

орташа құм

0, 25 мм - ден 0, 05 мм - ге дейін

уақ құм

0, 05 мм - ден 0, 01 мм - ге дейін

ірі шаң (не лесс тәрізді фракция)

0, 01мм - ден 0, 005 мм - ге дейін

орташа шаң

0, 005 мм - ден 0, 001 мм - ге дейін

уақ шаң

0, 001 мм - ден уақ

тозаң

Slide 15

Топырақтың құрамы

Жер шарын салыстармалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера - географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%- дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды.

Топырақ тірі ағзалардың тіршілік ортасы бола отырып биосферадағы маңызды қызметті орындайды. Топырақ қатты, сұйық және газ тәрізді заттардан тұратын күрделі табиғи жүйе. Оның құрамында органикалық және минералды қоспалар бар. Топырақ көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен тазаланып қалпына келе алады.

Slide 16

Топырақтарды механикалық құрамына қарай топқа бөлу

Тайгалық (орманды) топырақ үшін

Дала, шөлейт және топырақтары мен сары және қызыл топырақтар үшін

Саз (0, 01 мм - ден уақ бөлшектер) пайыз есебімен

Топырақтың механикалық құрамы бойынша аты

Саз (0, 01 мм - ден уақ бөлшектер) пайыз есебімен

Топырақтың механикалық құрамы бойынша аты

80 пайыздан көп

Ауыр саз

80 пайыздан көп

Ауыр саз

80-50

Орташа және жеңіл саз

80-60

Орташа және жеңіл саз

50-40

Ауыр саздақ

60-45

Ауыр саздақ

40-30

Орташа саздақ

45-30

Орташа саздақ

30-20

Жеңіл саздақ

30-20

Жеңіл саздақ

20-10

Құмдақ

20-10

Құмдақ

10-5

Байланысты құм

10-5

Байланысты құм

5 пайыздан аз

Борпылдақ құм

5 пайыздан аз

Борпылдақ құм

Slide 17

Топырақтың құрамы

Ғалымдардың есебі бойынша 2, 5 см топырақ қабаты түзілу үшін 100 жыл уақыт қажет. Топырақтың құнарлы қабатының қалпына келуі ыстық пен аяздың кедергісі көп. Топырақ адамзат үшін негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін беретін және оны азық - түлікпен қамтамасыз ететін орын. Қазірдің өзінде адамзат қоректік заттардың 88 % - егістік жерлерден, 10 % - ормандардан, 2 % - теңіз бен мұхит суларынан алады.

Жер шарының жалпы көлемі 51 млрд гектар немесе 510 млн км2. Оның 3/2 бөлігі - 36, 1 млрд гектар теңіздер мен мұхиттарда 3/1 бөлігі - 14, 9 млрд гектар құрлықта орналасқан. Соның ішінде 6, 1 млрд гектар 41 % - антрактида мен артика мұздары, құмдар, таулар, қалалар тұрған жерлер 8, 8 млрд гектар 59 % ауыл шаруашылығында пайдалануға болатын жерлер. Олардың ішінде 4 млрд гектар 27 % ормандар және батпақтар 2, 83 млрд гектар 19 % құрғақ дала мен жайылымдар 1, 93 млрд гектар 13 % егістік алқаптар. Соның ішінде егін егуге болатын 1, 5 млрд гектар немесе барлық құрлықтың 10 % ғана.

Slide 18

Топырақ кұрамы жағынан негізгі үш қабаттан тұрады. Олар бір-бірінен морфологиялық және химиялық құрамына қарай айырма жасайды.

2. Шайылу горизонты - мұнда жоғарғы қабаттан шайылып келген заттар жиналады. Бұл қабаттағы топырықтың құрамы да түрлі-түрлі болады. Сазды күлгін, қарашірікті, алюминий мен темір тотықтары да араласады. Сондықтан бұл қабат беткі қабаттан гөрі қаттылау, тығыздау болады.


Ұқсас жұмыстар
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
ТОПЫРАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Топырақтардың жалпы физикалық және физика – химиялық көрсеткіштері. Топырақ түйіртпектілігінің агрохимиялық маңызы. Топырақтың физикалық пісуі
Топыраққа қойылатын ветеринарлықсанитарлық гигиеналық баға
Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
Қара топырақ
Топырақтың жылулық қасиеттері мен құбылымдары
Топырақ микрофлорасы және оның топырақ құру процесіндегі рөлі
Таза топырақ
Төгінді сулармен суғарылатын өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz