Тау жыныстарының үгілуі



Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты мен мiндетi. В. В. Докучаев және т. б. ғалымдардардың еңбектері.

Жоспар
Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты мен мiндетi.
Топырақтану ғылымның негiздерi, басқа ғылымдармен байланысы.
В. В. Докучаев және т. б. ғалымдардардың еңбектері.
Топырақтану ғылымының Казақстанда дамуы.

Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi
Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты - студенттерге теориялық және практикалық бiлiм беру, ауыл шаруашылығы салаларымен таныстыру, басқа ғылымдармен байланысын түсiндiру. Келешек мұғалiмдер үшiн қолданбалы биология және топырақтану негiздерiн оқыту, олардың табиғаттану ғалымдары мен танысудың негiзгi бiр бөлiгi. Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсы барлық биология, химия т. б. ғылымдармен тығыз байланысты.

Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi
Мақсаты: Болашақ педагог студенттерге биологиялық және химиялық пәндердің оқу материалдарын қолдана отырып, ауылшаруашылық және әсемдік өсімдіктерді өсіру технологиясы, өсімдік шаруашылық өнімдерін пайдаланудың ерекшеліктері, ауылшаруашылығы зиянкестері заңдылықтары, топырақтың түзілу факторлары топырақтардың химиялық қасиеттері әр түрлі типті топырақтарды пайдалану жолдары, мал шаруашылығының салалары туралы білімді қалыптастыру.

Курстың мiндеттерiне төмендегiлердi жатқызуға болады:
өсімдіктердегі физиологиялық процестерге сыртқы орта жағдайларының әсері;
өсімдіктердің ортаға бейімделуінің механизмдерін білу;
топырақ құрамын зерттеу, жерді тиімді пайдалану;
ауылшаруашылық дақылдарынан сапалы өнім алу;
ауылшаруашылық дақылдарының агротехникасын білу;
өсімдіктерді өсіру, жинау, баптау ережелерін білу,
мектепте оқу-тәжірибе үлескілерін ұйымдастыру туралы білімдерді қалыптастыру;
ауыл-шаруашылық өндiрiс систематикасына үйрету;
топырақтану, жертану, агрохимия, өсiмдiк шаруашылығы, химия, экономика т. б. ғылымдардың байланысымен таныстыру;
студенттерды мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеуге, факультатив сабақтарды өткiзу.

Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi
Топырақ - негізі және алмастыруға болмайтын ауылшаруашылығы өндірісінің құралы. Ол өсімдіктерді сумен, минералдық қорек элементтерімен қамтамасыз етеді және оған өсімдіктердің өсуі, дамуы және өнімі тәуелді.
Топырақ туралы ғылымның жасаушысы Василий Васильевич Докучаев болды. Ол топырақтың мәнін тұңғыш рет дұрыс түсініп, оған мынадай сиппатама берді: топырақ дегеніміз - табиғаттың ерекше денесі, оның өсімдік, жануарлар немесе минералдар тәрізді өзіне тән ерекшелігі бар; түрлі жағдайларда түрлі топырақтар пайда болады; олар уақытқа байланысты өзгереді; топырақ құнарлығын адам меңгере алады, оны үздіксіз арттыра алады.


Топырақтану ғылымның негiздерi, басқа ғылымдармен байланысы
Топырақты топырақ тану ілімі зерттейді. Топырақ тану - бұл, табиғи дене, өндіріс құралы, және еңбек заты болған топырақ туралы ғылым болып, ол топырақ құрамын, қасиетін, даму тегін, дамуын, географиялық -таралуын, оны тиімді пайдалануды зерттейтін ғылым.
Топырақтанудың негізгі салаларына:
топырақ генезисі;
геохимиясы;
топырақтың физколлоидтық және биологиялық химиясы;
биологиясы, физикасы, гидрологиясы, географиясы жатады.

В. В. Докучаев топырақтың алғашқы ғылыми генезистік классификациясын, топырақтардың шығу тегін (генезисін) зерттеу әдістерін, картография әдістерін т. б. жасады. Одан әрі топырақтану ғылымын П. А. Костычев, Н. М. Сибирцев, В. Р. Вильямс, К. К. Гедроиц, Л. И. Прасолов, С. С. Неуструев дамытты.
Докучаевтің топырақтану ғылымының даңқы шет елдерге тарай бастады. В. В. Докучаев өзінің еңбектері және топырақ коллекциялары үшін Париждегі (1889 ж. ) және Чикагода (1893 ж. ) бүкіл дүние жүзілік көрмелерде құрметті дипломдар алды.
Топырақтану ғылымның негiздерi, басқа ғылымдармен байланысы

Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлының есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының Топырақтану және агрохимия мамандығын алған (1932 ж. ) . Ө. Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан өз ұлтымыздан шыққан, алғашкы ғылыми дәрежесі бар ғалым болғандығын мақтанышпен айта аламыз.
Оспанов Өмірбек Оспанұлы
(1906-1993)

Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Топырақтану институты - еліміздің топырағын жан-жақты зерттеп, оны халық шаруашылығына тиімді пайдаланудың негіздерін көрсететін басты ғылыми мекеме.
Бұл институт кең-байтақ республикамыздың жер қорын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасауда біршама игілікті істер атқарды. Барлық облыстардың орта масштабты топырақ картасы жасалып, олардың сипаттамасы, агрономиялық қасиеттері, халық шаруашылығына тиімді пайдалану жолдары жеке-жеке монографияларда баяндалды.

Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Қазақстанның топырақтану саласындағы географтары Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ө. Оспановтың жетекшілігімен бүкіл Қазақстан территориясының топырақ картасын жасады. Әр облыс көлеміндегі топырақтар сапасына қарай әр түрлі агроөндірістік топтарға бөлініп, олардың көлемі, жыртуға жарамды-жарамсыз, жарамды жерлердің сапа жөнінен қай топқа жататыны т. б. жағдайлары анықталды.
Топырақты географиялық зерттеумен қатар, еліміздегі топырақ мелиорациясы саласындағы белгілі ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі В. М. Боровскийдің жетекшілігімен топырақты мелиорациялау бағытында да кешенді зерттеулер жүргізілді. Ең алдымен, жерді мелиорациялауға ыңғайлы ірі өзен бойлары мен сағалары зерттелді.

Тау жыныстарының үгілуі
Тау жыныстары күн көзінің, желдің, судың үнемі тигізген әсерінен мүжіледі. Табиғаттың әр түрлі күштерінің біріккен әсерінен, әрине, тірі жәндіктерді қоса алғанда тау жыныстарының бұзылып терең өзгеріске ұшырауын мүжілу дейді. Мүжілу процесінің әсерімен уақталған тау жыныстарын, минералдық бөлшектерін үгінді дейміз.
Топырақтың құралуы тау жыныстарының мүжіліп бұзылуынан (үгітілуінен) басталады.

Тау жыныстарының үгілуі
Жер бетіндегі тау жыныстары және минералдар температура ауытқулары, жауын-шашын, газдар, химиялық және биохимиялық процестер әсерінен ыдырайды. Биохимиялық процестер тірі ағзалардың әсерінен жүреді.
Топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілуі дефляция деп аталады. Желден үгілудің (мүжілудің) үш негізгі түрі бар:
физикалық;
химиялық;
биологиялық.
Аталған факторлардың әсерінен тау жыныстарының бұзылуын және қопсыған қыйыршықтар мен үгінділер, майда шөгінді жыныстардың пайда болуын үгітілу дейміз. Тау жыныстары үгітіле бара топырақ құрамы жетіледі. Топырақ қыртысының қалыптасуы сол үгінділердің түзілуімен байланысты.

Топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілудің түрлері

Топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілудің түрлері
Физикалық үгілу - жылудың, судың, ауаның әсерінен өздігінен үгітіледі. Тау жыныстары күндізгі күн сәулесінің қуатынан қызатын, ал түнде терең қабаттармен салыстарғанда жыныстардың жоғарғы қабаттарының неғұрлым шапшаң сууынан жарылу әрекеті жүре бастайды.
Физикалық жолмен үгілудің ең басты себебі -жоғары температура. Температура әсерінен тау жыныстары, әр түрлі минералдар бірде ұлғайып, бірде кішірейеді де, бастапқы формасын жоғалтып үгіле бастайды. Тау жыныстарының жарықтарына жауын-шашын кезінде жиналған жарықты ұлғайтады. Сөйтіп ол жыныстар бұзылып, үгіле береді.

Топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілудің түрлері
Химиялық жолмен үгілгенде - тау жыныстарындағы минералдардың құрамы өзгеріп, жаңа минералдар түзіледі. Бұл процесстің негізгі себебі - құрамында көмір қышқылы мен оттегі мол атмосфералық су.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz