Топырақты өңдеудің негізгі тәсілдері


Slide 1

Ғылыми өндірістегі топырақты өңдеу негіздері. Тұқымдық материалға биологиялық және агротехникалық талаптар

Slide 2

Жоспар:

1. Топырақты өңдеудің мақсаты

2. Топырақты өңдеудің міндеттері.

3. Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар.

4. Топырақты өңдеудің негізгі тәсілдері

Slide 3

Егілетін дақылға қолайлы жағдай жасау үшін машиналар мен құрал-саймандардың жұмыс органдары арқылы топыраққа тікелей механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деймыз.

Slide 4

Егінжайда сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайдың бәрі жасалады. Топырақты өңдеу арқылы жарамды құнарлылықты тиімді құнарлылыққа айналдырады.

Топырақты өңдегенде құрылымы жұтаң тартқан үстінгі қабатының орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым мол төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның құнарлы қабатына ылғал, ауа және қоректік заттардың қорын молайтуға болады.

Slide 5

Топырақты дұрыс өңдеу жақсы ауа, су, жылу және қоректік режимдер жасауға, топырақты көптеген арамшөптерден, саңырауқұлақтардан, бактериалды және вирустық ауруларды туғызушылардан тазартуды қамтамасыз етеді.

Өңдеу барысында өткен жылғы өсімдіктердің қалдықтары мен тоңазытқыштары топыраққа енгізуге жағдай жасайды. Өңделген топырақтағы микроорганизмдердің қызметінде жақсарады.

Slide 6

Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай қоректі заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі.

Топырақты өңдеудің мақсаты егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өңдегіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер ету топырақты өңдеу деп аталады.

Егіншіліктің ұзақ жылдық тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.

Топырақты өңдеу ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етеді және олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктер үшін қолайлы жағдай жасайды.

.

Slide 7

2. Арам шөптерді жою немесе басып тастау.

Топырақты өңдеудің міндеттері.

1. Ауыл шаруашылық дақылдарын қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатында оптимальды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.

5. Топырақ қабатындағы микробиологиялық жұмыстарға қарқынды әсер ету арқылы қоректік заттарды жинау, сақтау және сіңіруін жақсарту.

4. Жауын-шашын аз түсетін аймақтарда ылғалды жинап, оны сақтау, ал ылғалы мол аймақтарда керісінше жағдайда егінжай топырақынан артық ылғалды құрғату.

3. Егінжай топырағына өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтарын, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды еңгізу.

Slide 8

7. Қолайлы тереңдікке мәдени дақылдардың тұқымдарын себу үшін жағдай жасау.

6. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауру қоздырғыштарын жою, немесе басып тастау.

8. Топырақтын беткі қабатының су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру үшін қолайлы шара қолдану.

9. Шымтопырақты, тың, тыңайтылған егінжайдағы, болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тамыр жүйесінің тіршілігін жою.

Slide 9

Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар

Технологиялық процесс мынадай операциялардан тұрады:

Қопсыту немесе майдалау, жыртылған топырақ қабатын аудару,

араластыру,

тілгілеу тегістеу,

тығыздау,

арамононттердің тамырларын қырқу, оларды топырақ бетіне шығару,

жолдар мен жүйектерді жасау.

Slide 10

Қопсыту мен майдалау.

Топырақ қопсытылғанда оның құрылымы майда, жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік, тамырына ауаның, ылғалдық және қоректік заттардың еніп жиналуына олардың сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалды.

Slide 11

Топырақты тығыздау

Тығыздау - себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады топырақтың жалпы және коммерциялы емес түтіктерінің санын төмендетеді, оның төменгі қабатынан ылғалдық көтерілуіне қолайлы жағдай жасайды.

Slide 12

Топырақты өңдеудің негізгі тәсілдеріне -жырту, терең қопсыту, саңылауландыру, фрезрлеу, сыдыра жырту, культивациялық, ұялау, тырмалау, кажеттеу жатады.

Жыртудың мәні: Жырту қабатының беткитінің шаңды бөлігі төменгі қабатына түсіріледі, де, үстік соқа бас корпусының көмегімен ұсақ түйіршіктермен жабады. Жырту топырақ өңдеудің келесі тәсілдерімен санасы мен тиімділігіне әсер етеді. Ең көп еңбекті қажет ететін тәсіл. 20-23 см ендікте жыртады.

Жыртудың екі түрі бар аударып жырту және аудармай жырту (немесе терең қопсыту) .

Аударып жырту да 2-ге бөлінеді үйіп, аударып жырту құлата жырту

Үйіп аударып жырту загонның ортасынан басталады да мұнда загонның ортасында үйілген атжол пайда болады.

Құлата жырту жұмысы загонның шетінен басталады, мұндай жыртылған жөн ортасында айырма борозды пайда болады.

Slide 13

Тұқымдық материалға қойылатын биологиялық және

агротехникалық талаптар

Сапалы тұқым егілгенде ғана дақылдан жақсы өнім күтуге болатыны айтпаса да түсінікті. Тұқым сапасына мынандай талаптар қойылады: ол таза, басқа дақылдардың, арам шөптердің тұқымдары болмауы, өңгіштігі жақсы болуы, дәннің толықтығы, үлкендігі ойдағыдай, көлемі жағынан біркелкі болуы керек. Тұқымның ішінде әртүрлі зиянкестер мен аурулар болмауы тиіс.

Тұқымның сапасын аудан орталығындағы арнаулы инспекция тексеріп отырады. Тексеріп, куәлік алу үшін арнаулы методика бойынша сапасы ойдағыдай болса инспекция тексерілген тұқым партиясына арнаулы куәлік береді. Ондай куәліксіз тұқымды себуге болмайды.

Тұқымның тазалығын анықтау үшін үлгі ретінде дәні ірі бұршақ жүгері сияқты дақылдардан 200 грамм, бидай, арпа тәрізді астық дақылдардан 50 грамм, пияз, жоңышқа сияқты тұқымы ұсақ дақылдардың тұқымынан 4-5 грамм алады.

Slide 14

Өңгіштік деп тұқымның ылғал, жылу мен ауаның әсерінен өніп көктеуін айтады. Ол % көрсетіледі. Өнгіштікті анықтау үшін жақсы араласқан таза тұқымнан 4 үлгі алады. Құм немесе фильтр қағазды дымқылдап, термостатқа 20оС температураға салады. Өңген тұқымдарды екі рет тексеріп, бірінші рет өну энергиясын, екінші рет өнгіштігін анықтайды. Өну энергиясы дегеніміз-үш күн ішінде өңген тұқымның проценті. Мысалы, термостатта қойған 400 дәннің үш күннен кейін 360 өнім шықса, өну энергиясы тұқымның қаулап және тез өсуін сипаттайды.

Slide 15

Тұқымның өнгіштігін 7 күннен кейін анықтайды. Тұқымның дамқылдылығы. Кептіргіш шкафта 20оС температурада 40-60 мин құрғату арқылы анықтайды. Кептіруге дейінгі және кейінгі салмақтың айырмасын 100-ге көбейтіп тұқымның абсолютті құрғақ салмағына бөліп барып оның дымқылдығын табады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Топырақты өңдеудің міндеттері
Топырақтың негізгі және беткі қабатын өңдеу және оның тәсілдері, құралдары
Топырақ өңдеу
Топырақ өңдеудің ғылыми негізі мен маңызы
Ықтырмалы пар
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері
Топырақ өңдеу жүйесі
Топырақ өң деу
Қант қызылшасы
Мұнай – химиялық қалдықтарын қайта өңдеу туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz