ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ


Slide 1

ПӘН: ФИЛОСОФИЯ

№8 ЛЕКЦИЯ

ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ. ӨМІРДІҢ МӘНІ

(19-20 ғғ. БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Slide 2

№8 тақырып Өмір және өлім. Өмірдің мәні (19-20 ғғ. БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1 - сағат

1. «ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ” БАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ.

2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ.

3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ.

4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. МАРТИН ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ.

2- сағат

5. ЖАН-ПОЛЬ САРТР ФИЛОСОФИЯСЫ.

6. АЛЬБЕР КАМЮ ФИЛОСОФИЯСЫ.

7. КАРЛ ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫ.

8. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: ЗИГМУНД ФРЕЙД, КАРЛ ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫ.

9. ПРАГМАТИЗМ БАҒЫТЫ: ЧАРЛЬЗ ПИРС ФИЛОСОФИЯСЫ, ДЖОН ДЬЮИ-дің ИНСТРУМЕНТАЛИЗМІ.

Семинарға сұрақтар

СӨЖ бен соөж-ге тапсырма (түпнұсқалар, тестілер) .

Ұсынылатын әдебиет

Slide 3

1. ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ БАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропада бейклассикалық философияның көптеген ағымдары қалыптасады. XIX ғасырдың 60-70 жылдар арасында субъективтік идеалистік бағыт Еуропа елдерінде «Өмір философиясы» деген атауға ие болған жаңа ағым өмірге енді.

Басты өкілдеріне А. Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф. Ницше, А. Бергсон жатады. Өмір философиясы адамның өмір сүруін мәңгілік және абсолютті ақыл-ойға тәуелді деп дәлелдеп, өмірді тек қана іштей - интуиция арқылы ғана сезіну мүмкін деп есептеді.

«Өмір философиясы» ағымның тікелей идеялық бастауы болған - неміс философы

АРТУР ШОПЕНГАУЭР (1778-1860 жж. ) иррационалистік және волюнтаристік

философияның негізін қалады.

Басты еңбегі - «Дүние ерік пен елес».

Оған сәйкес ЕРІК барлық ғаламның негізі деп қарастыраылды.

Кант идеяларына сүйенген Шопенгауэр Канттың «өзіндік заттарын» ой елегінен өткізіп, оны ерік, танымға түсініксіз мистикалық соқыр күш есебінде дәріптеді. Тірі және өлі табиғатта өз көрінісін тапқан ерік ұсақ еріктерге бөлінбейді, барлық ғаламмен теңдес, дара, әлемдік ерік болып көрінеді.

Slide 4

1. ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ БАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ

Өмірге деген еріктен туындаған адам интеллектісі өзін сақтау, өмір сүру үшін күрес, сұраныстарды қанағаттандыру мақсаттарымен шектеледі. Ерік туындатқан әлем интеллектуалдық танымға түсініксіз. Ол тек ішкі тәжірибе, ерікке негізделген жоғарғы саналы интуициямен түсінілуі мүмкін. Сезімдік және рационалдық таным проблемаларына мистикалық интуицияның қарсы қойылуына Шопенгауэр философиясы мен өмір философиясына тән иррационализм көрінісін табады.

Бұл философияға өмірден торығушылық тән. Өмірге еріктілік - ызақор, ібілістік күш, қайғы-қасірет бастауы. Ол билеген әлем кездейсоққа бағынады, оның мәнінің, құндылығының мақсатқа сәйкестігі де жоқ. Адам онда еш нәрсе өзгерте алмайды, дегенмен қайғы-қасіреттің себебі еріктің зорлануы болса, онда ерік күштенуін шектеу қайғы-қасіреттің азаюына алып келеді. Өзіндікті және ерікті басу, одан нирванаға қашу - тақуалық өмір салты, адамның күйініш, азаптан құтылуының, әлемдік қасіретті азайтуының жалғыз амалы.

Шопенгауэр ілімінің волюнтаристік және иррационалистік жақтарын өмір философиясының көрнекті өкілдері Ф. Ницше (Германия) мен А. Бергсон (Франция) жалғастырады.

Әлем - Шопенгауэр ойынша, ерік, өмірге еріктілік. Әлем субъекті санасында түсінік

есебінде өмір сүреді, ол субъектімен қамтамасыз етіледі және оны субъектісіз ойлау

мүмкін емес. «Не өмір сүрсе де, бәрі тек қана субъект үшін өмір сүреді»

(Шопенгауэр А. «Дүние ерік пен елес». ) .

Slide 5

АРТУР ШОПЕНГАУЭР

Slide 6

2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ірі ойшыл, дат философы, иррационалист СЁРЕН КЬЕРКЕГОР (1813-1855 жж. ) «Өмір философиясының» ізішары болды.

Басты еңбектері - «ӘЛДЕ - ӘЛДЕ», «Үрей мен қалтырау».

Өлім және азап шегу тақырыбына дат философы ерекше мән, мағына береді. Ол ажал алдында тұрған, баяу, азапты өлімге тап болған адамның ішкі, терең жан дүниесі әлемін зерттейді. Ойшыл пікірінше, философияның негізгі мәселесіне адамның өмір сүруі, оның өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі жатады. Егер Сократ алдымен «өзіңді таны» десе, Кьеркегор тек қана адамның ішкі өмірін танумен қанағаттанады, сыртқы дүниені, болмысты танудан бас тартады. «Шындық, сыртқы өмір бар ма?» деген сұраққа ол теріс жауап береді. «Шындық - ол ішкі дүние, Меннің өз Меніне деген қатынасы», - дейді.

Өмір сүру дегеніміз - тебірену, зардап шегіп, соның шеңберінен шығуға ұмтылған адамның талпынысы; адам ерікті түрде алдағы мүмкіндіктердің бірін таңдап, өзінің қайталанбайтын ерекше болмысын жүзеге асыруы, тобырға қосылмауы, одан бөлінуі; ішкі шекті мен шексіздік арасындағы таңдау, соған байланысты туындайтын үрей, шешім және секіріс. Кьеркегор ойынша, шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол - тұлғаның ерікті таңдауы.

Адамның ішкі өмірі танылмайды, оны тек тебірентуге болады. Кьеркегор өмір сүру,

үрей, шешім, шекті мен шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә мен күнә,

қайта туу т. с. с. адамның ішкі өмірін бейнелейтін категорияларды философияға енгізеді.

Slide 7

2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ

Қоғамда көпшілік тән сұлулығына құмартқан парықсыздық, бір көргеннен сезімдік әсерге елітіп, кездейсоқ байланыстарға түсу, қоғамда үлгіге (модаға) айналған заттарға ынтығу, әрбір сәттен ләззат алуға тырысу шеңберінде өмір сүреді. Бұлар адамды құмарту сезімдері мен ындынның құрсауынан шығармайды.

Адамның ішкі сезімдері оны бір жаққа тартса, қоғамдағы этика нормаларының талаптары екінші жаққа бағыттайды. Парыз талаптарына сай келуге ұмтылған адам біржақты, сезімсіз пендеге айналады. Бұл барған сайын тереңдей түсіп, қайғылы қайшылықтарға әкеледі, өйткені уақыттан тәуелсіз моральдық сана адамның өткінші сезімдік сұраныстарынан алшақтайды. Адам моральдық жағынан жетілген толық пенде бола алмайды. Кьеркегор оның себебін, Августин сияқты, адамның дүниеге күнәһар болып келетінінен көреді.

Адам өміріндегі негізгі сұрақтар: қалай өмір сүрген жөн, ненің болуы керек,

неге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретінде Кьеркегордің экзистенциалдық

диалектикасы адам өмірінің үш сатысын суреттейді.

Олар: ЭСТЕТИКАЛЫҚ, ЭТИКАЛЫҚ және ДІНИ сатылар.

Адам өмірінің эстетикалық сатысында сезімдік өмір салты қалыптасады.

Эстетикалықты Кьеркегор сезімдік қабылдау мен ләззат алу түрінде көрсетеді.

Эстетикалық өмір салтында адам сезімдік сұраныстарын қанағаттандыруға ұмтылса,

этикалық сатыда адам ізгілік жолына түсіп, қоғам алдындағы парызды

орындауды міндет тұтады.

Slide 8

2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ

Мұнда «әлде-әлде» ұстанымы таңдауды шешпейді, өйткені екі сатының да кемшіліктері бар, осыдан өмір диалектикасы «ол да емес, бұл да емес» деген тұжырымға әкеледі. Осыдан адам үшінші, діни шеңберсатысына өтеді. Кьеркегор ғылыми таным жетістіктеріне сенген, өмір сүру, ішкі рухани тебіреністен туындайтын мәселелерді ұмыт қалдырған замандастарына реніш білдіреді. Тек қана діни сатыға көтерілген адам өз күнәсін мойындайды, Құдайдың өзімен сұхбатқа түсіп, өз-өзін табады. Ал мұның өзі үлкен зардап шегу арқылы келмек.

«Үрей мен қалтырау» деген еңбегінде Кьеркегор Інжілді егжей-тегжейлі талдап, діни және этикалық сатылардың арасындағы өмірдің әдеттен тыс оқиғаларын (парадокстарын) тудыратын қайшылықтарды көрсетеді.

Егер эстетикалық сатының негізгі категориясы - ләззат алу, этикалықта - парыз болса, діни сатыда ол зардап шегумен тең. Өмір зардапқа толы. Өмір сүру дегеніміз - зардап шегу. Бұл - көне замандардан осы уақытқа дейін талданып келе жатқан проблемалардың бірі. Бірақ Кьеркегор оны өте өткір қояды, осы дүниенің зұлымдық пен зардапқа толы екендігін айтады. Бірақ, бұл үшін Құдайды сынаудан, оған күмәнданудан аулақ болуымыз керек.

Парадокс» ұғымы - Кьеркегордің өмір сүру диалектикасының негізгі

категорияларының бірі. Ол адам өмірінің ішкі қайшылығынан шығатын зардап.

Slide 9

3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Неміс философы ФРИДРИХ НИЦШЕ (1844-1900 жж. ) өмір философиясының, волюнтаризмнің, иррационализмнің негізін салушылардың бірі. Оның шығармашылық қызметі үш кезеңге бөлінеді. Негізгі философиялық шығармалары: «Заратустра осылай айтты», «Моральдың шығу тегі», «Билікке ерік», «Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында» т. б. үшінші кезеңде, 1883-1889 жж. аралығында жазылды. Ницше философиясы неміс фашистерінің идеологиясын дамытудың құралы болды.

Бірақ, бұл - Шопенгауэрдегі дара әлемдік ерік емес, билікке нақты бағытталған ерік. Мұндай ерікті Ницше «билікті көрсетуге тоймайтын ұмтылыс немесе билікті қолдану, шығармашылық инстинкті есебінде билікті пайдалану т. б. » (Ницше Ф. Воля к власти. ) деп пайымдайды.

Прогрессивтік, үдемелі дамуды Ницше әлемдік мақсат қиялына негізделген өнбейтін іс деп есептейді. Уақыт шексіздігінен ертерек болғандардың бәрі де мәңгілік болашақта шексіз қайталанады. Бұл идеясын Ницше мәңгі қайталану ілімінде нақтылы, аңыз түрінде - бүркіт пен жыланның Заратустраға үндеуі ретінде көрсетеді. «Сенің нені оқытатыныңды біз білеміз, барлық Ғаламдық денелер мәңгі қайталанады, солармен бірге әрқашан біздің өзіміз де, бізбен бірге заттар да сансыз көп рет өмір сүрдік. Осы күнмен, осы жермен, осы бүркітпен және жыланмен бірге мен қандай да бір жаңа, жақсы немесе ұқсас өмір үшін емес, осы өмірдің өзіне қайта ораламын. Ең үлкенде қалай болса, ең кішіде де солай, тағы да барлық заттардың Ұлы қайта келуі туралы айтып, оқыту үшін мен мәңгі қайта ораламын» (Ницше Ф. Так говорил Заратустра. ) .

Ол «БИЛЕУГЕ ЕРІК» теориясын қалыптастырды. Ол теорияға сәйкес буржуазиялық

моральсыз қоғамда шектен тыс күшті адам немесе супер адам ғана жоғары дәріптеледі.

Ерік - өмірдің негізі, оның барлық көріністеріндегі иррационалдық бастау.

Slide 10

ФРИДРИХ НИЦШЕ

Slide 11

3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Мәңгі қайталану идеясын төңкеріс, нұр сәуле шашушылық, ұлылық, жеңімпаздық, пайғамбарлық деп, өз пайымдауларына айрықша маңыздылық берген Ницшенің мәңгі қайталану ілімі болмыстың ұйқы-тұйқылығынан бір тұрақтылықты табуға ұмтылыстан туындайды. «Жалпыға ортақ қиратылудың аяқталмағанынан берекесі кеткен сезімге қарсы, мен «мәңгі қайта келу» идеясын алға тарттым» (Ницше Ф. Воля к власти. ) .

Ницше философиясының назар аударарлық маңызды, тартысты жағы - оның Заратустра сөзімен көрсетілген қоғамнан тыс адам (сверх человек) туралы ілімі. «Мен сіздерді қоғамнан тыс адам туралы оқытамын. . . Адам - бір нәрсені билеп алуы керек болатын белгісіздік. Сіз оны еркіңізге бағындыру үшін не істедіңіз?. . Адаммен салыстырғанда, маймыл деген не нәрсе? Келеке болған немесе азапты масқаралық. Қоғамнан тыс адам үшін, пенде де сол сияқты келеке, масқара болуы керек. . . Қоғамнан тыс адам - жердің мәні. Сіздің де еркіңіз: «Ия, қоғамнан тыс адам жердің мәні болсын», - деп айтсын (Ницше Ф. Так говорил Заратустра. ) .

Қоғамнан тыс адам үшін «адамды билеп алу» нені білдіреді? Ницше қоғамнан тыс адамға қандай ерекшелік белгі береді? Бұл сұрақтардың жауабын Ницшенің барлық құндылықтарды қайта бағалау ілімінен іздеуіміз керек.

«Билікке ерік» кітабында қоғамның кедейлік жағдайы, физиологиялық азғындауы, адамдардың бұзылуы туындатқан «европалық өткенді мансұқтауды» сынға алды (Ницше Ф. Воля к власти. ) .

Ф. Ницше билеуші моральға қарама-қарсы құлдық моральды қойды.

Slide 12

3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Осы орайда христиан дінін айрықша сынға алады, өйткені христиандық адамдардың Құдай алдында тең екендігін уағыздайды да, адамдағы билікке ұмтылысын жояды. Ол адамның күштілік сезімі, билікке еркі, құдіреті неден басым болса, соның бәрі жақсы деген алғышарттан бастау алады. Әлсіздіктен шығатынның бәрі де жаман.

Ницше христиан дінін әлсіздердің, қорланғандардың, құлдардың діні деп есептейді. «Христиан діні, - дейді ол, - жалған аяушылық білдіру. Көнгіштік, бойұсынғыштық идеяларын оқытады, ол билікке ұмтылушы ерікті басып, жаныштайды».

Осыған байланысты, Ницше адамдарды «жоғарғы» - аристократтық азшылыққа, элитаға және көпшілікке - «аяқталмаған, сапасы төмендерге» бөліп, бір-біріне қарсы қояды. Бұл төменгі «табын», «көпшілік», «тобыр» - сыпайылықты ұмытқан, өз сұраныстарын ғарыштық, метафизикалық құндылықтар шамасына дейін көтеріп, өсіріп айтатын түр. Көпшілік тобырға кім ерекше болса, сол билік жүргізеді, зорлық істейді.

Сонымен, «қоғамнан тыс тұрған адам» - «төменгілердің» үстемдігін,

мойынұсынғыштығын, инабаттылығын, ыждағаттылығын, сақтығын, сөзге сараң,

мүсәпір адамгершілігін т. б. өсиеттерді жеңуі керек болатын жоғарғы адамдардың

мүшесі.

Қоғамнан тыс адамға бәрінен бұрын керек болатын нәрсе - күш, билікке

ұмтылатын ерік. Ницшенің «әлсіздерге» соғыс жариялаған идеялары фашизм

идеологтарына тартымды көрініп, олардың назарын өзіне аударды, демек, «жоғарғы»

арийлік нәсіл үшін кімнің жойылып кетуі, қаналуы, құлдыққа салынуы керектігі шешілді.

Slide 13

4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. М. ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ

Экзистенциализм (латынша existentif - өмір, тіршілік деген сөз) немесе тіршілік философиясы - ХХ ғасыр философиясының басты ағымдарының бірі. Философияның маңызды түсінігіне айналған термин бірінші рет С. Къеркегор еңбектерінде кездеседі.

Экзистенциализм философиясының зерттеу тақырыбы - адам, оның өмір сүруі, болмысы. Экзистенциалистердің пайымдауынша, адам - құпиялық, сондықтан философия келелі мәселелермен емес, құпиялармен айналысуы керек. Экзистенциализм - анық көрініс тапқан иррационализм мен интеллектуалдыққа қарсы философия.

Экзистенциализмдегі орталық категория - экзистенция немесе өмір, тіршілік. Осымен субъектінің әлемдегі өз болмысынан әсерленушілігі түсініледі. Бұл болмыс ешбір затқа бағытталмаған және өзінің шектілігін мойындайды. Экзистенциалистер болмыс мәселелерін адам болмысына теңейді, ал соңғысы субъективтік идеализм тұрғысынан түсіндіріледі.

Экзистенциализм философиясы - ХХ ғасырдағы батыстық өркениеттің терең

тоқырауының көрінісі. Бүгінгі әлемдегі адам өмірінің сандырақ, тантушылығын

экзистенциализм ғана ашты. Назар аударылғаны әлемді көркейтетін, тани алатын адам

емес, керісінше, азап шеккен, жалғыз, бақытсыз, сонымен бірге еркіндікке

ұмтылатын, өзінің барлық іс-әрекетіне жауап беретін жан болды.

Өзінің кең көлемдегі таралымын Германияда М. Хайдеггер, К. Ясперс және

Францияда Ж. -П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель еңбектерінде тапты.

Экзистенциализм діни (Ясперс, Марсель) және атеистік (Хайдеггер, Сартр)

болып екіге бөлінеді.

Slide 14

МАРТИН ХАЙДЕГГЕР

Slide 15

4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. М. ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ

Неміс экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі МАРТИН ХАЙДЕГГЕРДІҢ (1889-1976 жж. ) басты еңбектегі «Болмыс және уақыт» деп аталады. Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті.

Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол - азап шегуші сана. Бұл сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің «Адам дегеніміз  маза» деуі де сондықтан. Азап шегуші, уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану, өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Э. Гуссерльдің «мәнді көре білу» әдісін таңдады, оның «көңіл-күй» ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады.

Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің

жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны Хайдеггер ұсынды.

Хайдеггерге дейінгі онтологияда болмыс жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам

микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы -

болмыс-сана немесе Daseіn категориясы арқылы қарастырды.

Daseіn категориясының

мәні - қазіргі болмыс, осы арадағы болмыс. Болмыс-сана - онтологияның кіндігі,

жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады.

Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі  адам ғана.

Slide 16

4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. М. ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ

Оның өзінің «маза», «үрей», «қорқыныш», «қамқорлық» - адамның априорлық формаларын, яғни сезімдік әлемін құрап, оның субъективті болмысын құрайды. Хайдеггер философиясының негізгі өлшемі - «өткіншілік», ол адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы.

Хайдеггер еңбектері болмыс ілімін герменевтиканың мәселелеріне бет бұруына әсерін тигізді. Ол объективтік шындықты көп жағдайда тілдік мәселе ретінде түсіндіреді, болмысты «тыңдаудың» жалғыз тәсілі - герменевтика, яғни тілде не айтылса, соны ұғындыру. Тіл сананың субъективтік қызметінің жемісі болмайды. Тілді жасаушы адам емес, ол - тілдің жәрдеміне сүйеніп сөйлейтін құрал.

Хайдеггер «фундаментальды онтология» ілімін дамытты. Оның мазмұны - адам

өзінің «пендешілігін», «өткінші өмірін» мойындап, өзінің алдында үнемі «ажал

тұрғанын» сезініп, өмірдің әрбір сәтінің маңыздылығын көре білу керек.

Хайдеггер «тіл - болмыстың үйі» деп, тілді болмыстандырады.

Slide 17

5. ЖАН-ПОЛЬ САРТР ФИЛОСОФИЯСЫ

Атеистік экзистенциализмнің өкілі француз жазушысы және философы - ЖАН-ПОЛЬ САРТР (1905-1980 жж. ) . Оның басты еңбектері - «Өзге болмыс», «Экзистенциализм - ол гуманизм».

Сатрдың түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философиясының негізгі мәселелерінің біріне айналған еркіндікті Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды.

Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны да өзгертуге итермелейтінін Сартр жақсы түсінді.

Адамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: «Адам . . . әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анықталады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиындығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзін қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей».

Ойшыл қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге

келді. Сананың қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді.

Адамның еркіндігі ең әуелі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.

Slide 18

ЖАН-ПОЛЬ САРТР

Slide 19

5. ЖАН-ПОЛЬ САРТР

Сартр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.

Экзистенциализмде объективтік идеализм элементтері де бар: адамнан тәуелсіз болмыстың өмір сүретіні мойындалады, бірақ оның материалдық та, идеалдық та өзгешеліктері болмайды.

Объективтік ақиқат кейде трансценденция деп аталады, ол экзистенциямен ажырамайтын байланыста. Сонда объект субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүре алмайтын болып шығады. Қорыта айтқанда, экзистенциализмде субъективтік біржақтылық басым.

Сартр барлық экзистенциалистер сияқты, өмірден торығушылыққа ортақтасып, кез келген өмірдің тарихы, оның жеңілу тарихы болады, бұлай болса, онда бәрі де - дүниеге келу де, өлім де, адамның өмірі де сандырақ деп есептейді. Бірақ, адам ешқандай сүйенішсіз, ешқандай көмексіз, әрбір кезде «адамды шығаруға» жазаланған. Адам өз алдына жауапкершілік алады, ол үшін «дәлелі, сылтауы (алиби) болмайтын», жауапкершіліктен қашатын мүмкіндік жоқ. Қорқақ өзінің қорқақтығы үшін, сатқын сатқындығына жауап береді. Адам әрқашан өзін-өзі «жобалайды», мүмкіндіктерді таңдайды. Адамның өзіндік құндылығы - оған әр түрлі мүмкіндікті таңдау еркіндігі берілген және осы таңдау үшін жауапкершілік те талап етіледі.

Оның ойынша, «өзі үшін болмысқа» қарсы тұратын «өзіндік болмыс» болады. Бұлардың

арасында абсолюттік қарама-қарсылық бар, бірақ бір-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес.

Діни экзистенциализм осы объективтік ақиқатты - Құдай,

атеистік экзистенциализм - «өзіндік болмыс» деп атайды.

Slide 20

6. АЛЬБЕР КАМЮ ФИЛОСОФИЯСЫ

Француздың көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты - АЛЬБЕР КАМЮ (1913-1960 жж. ) . Оның басты еңбектері - «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікші адам».


Ұқсас жұмыстар
Фридрих Ницше өмірбаяны
Әлем жігер және елестету ретінде
Иррационализм философиясы
ФИЛОСОФИЯ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ
Фридрих Ницше туралы қысқаша анықтама
Артур Шопенгауэр өмірдің мәні туралы
Неміс философиясы
Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар
Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары
Құндылық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz