Адамгершілік құндылықтар


Slide 1

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Орындаған: Дарибаева М. Д.

Slide 2

Жоспар:

Адамгершілік құндылықтардың мәні.

Тұлғаның өзін-өзі тәрбиеленуі.

Қорытынды;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

Slide 3

Жоспар:

1. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу.

2. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде.

3. Тұлғалық құндылықтар. Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде.

Slide 4

Кіріспе:

Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан. Онда: «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.

Slide 5

Әрбір тірі ағза, өмір сүру үшін сыртқы ортадан алынатын белгілі бір жағдайлар мен құралдарға мұқтаж болады. Мысалы: өсімдік дұрыс өсуі үшін күн сәулесіне, жылылыққа, топырақтан алатын дымқылдыққа және қоректік заттарға мұқтаж. Қандай да бір белгілі қажеттілікті сезінудегі адамның психикалық жағдайы қажеттілік деп аталады. Адам қажеттілігі оның өмір барысында көбейіп және өзгеріп отырады: адамдық қоғам өзінің мүшелері үшін жаңа қажеттіліктерді тудырады. Қажеттіліктердің жаңарып отыруына қоғамдық өнеркәсіптердің тигізетін маңызы зор. Адам қажеттіліктері сан алуан. Оларды әдетте материалды (тамаққа, киімге, үйге, жылуға т. б. қажеттілік) және рухани, адамның қоғамдық өмір сүруімен байланысты (қоғамдық іс - әрекетке, білім алуға, ғылым мен өнерде меңгеруі, шығармашылыққа және т. б. қажеттілік) .

Slide 6

Қоғамдық өмір процесінде адамда белгілі дәмдік ерекшеліктерімен ерекшеленетін тамаққа деген қажеттілік туындайды. Қазіргі адамдар арнайы жабдықталған, оның гигиеналық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратын үйлер қажет. Адамның іс - әрекетінде және өмірінде еңбекке, оқуға, адамдармен қарым - қатынастың, эстетикалық қажеттіліктердің мәні зор. Адам өзінің материалды қажеттіліктерін инстинкті түрде емес, еңбек көмегімен қанағаттандырады. Қазіргі заман адамы өзін тойындыру немесе киім киуі үшін қажет өнімді өзі өндірмейді, олардың барлығын қоғамнан алады, ол өзі қоғамның басқа қажеттіліктерін өндіру үшін еңбек етеді. Қоғамдық еңбек адамның өмір сүруінің шарты. Еңбекпен бірге еңбек процесінің іс - әрекетін меңгеру барысында оқуға деген, білімге деген қажеттілік те дамиды.

Slide 7

Тұлғаның басты сипаты эстетикалық қажеттілік, яғни қандай да бір шығармашылық саласындағы немесе өнердің басқа бір түріне деген құштарлық. Бұл қажеттілік қоғамның ерте тарихи кезеңінен бастап көріне бастаған. Адам ең алғаш еңбекпен шұғылдана бастаған кезде - ақ өзі жасаған құралдарға, заттарға эстетикалық жағымды формалар беріп, оларды алдымен жеңіл, кейінірек күрделі сүретшілік орнаменттермен көркемдеп, өздерінің табиғи эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра бастаған. Қоғамның дамуына байланысты адамның эстетикалық қажеттіліктері де дамып, көптеген күрделі өнер түрлері пайда болды: суретшілік өнер, скульптура, архитектура, музыка, әдебиет, театр, кино және т. б.

Slide 8

Құндылық - белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.

Slide 9

Адамгершілік-рухани құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткерлері, ғұламалар, ғалымдар ұлы педагогтар: әл-Фараби, Ж. Баласұғын, Қ. А. Йассауи, Ш. Уәлиханов, Ы, Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтар өз еңбектерінде құнды ой пікірлерін қалдырып кеткен. Құндылыққа бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселелері Н. Г. Нұрғалиева, Г. К. Байдельдинова, валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселелері А. С. Иманғалиев, А. Ақанов, рухани құндылықтардың әлеуметтік-философиялық негізі С. Нұрмұратов, Е. Әлсатов, Б. С. Ерасов, адамгершілік тәрбиесін жетілдіру А. А. Калюжный, Ж. С. Хасанова, А. А. Аманжолова, Г. А. Мұратбекова, К. Б. Сейталиев т. б. еңбектерінде орын алған.

Slide 10

Адамгершілік құндылықтардың мәні

Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т. б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра - халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.

Slide 11

Адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т. б. мәселелер ғалымдарды толғандырары анық. Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.

Slide 12

Ғалымдардың пайымдауынша

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты - таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.

Философ Т. Қ. Ғабитов «құндылықтар - қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар - адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.

Slide 13

Адамгершілік құндылықтар


Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік құндылықтардың мәні
Құндылықтар - қоғамдық маңызды материалдық, әлеуметтік нысандар
Адам өміріндегі құндылықтар
Сананың құрылымы
Даму мәселесін қарастырудың негізгі көзқарастар, тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамудың көрсеткіштері мен жағдайлары
Ұлттық мұра және құндылықтар
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Ұлттық құндылықтар мен Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің сабақтастығы
Сүйіспеншілік деңгей
Адам өмірінднгі құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz