Бөбек жасындағы баланың психикасының дамуы




Презентация қосу
Нәрестелік және
бөбектік шақтағы
психикалық даму
Жоспары :

Нәрестелік шақтың психологиялық
ерекшеліктері.
Таным процестерінің дамуы.Бір жастағы
дағдарыс.
Бөбек жасындағы баланың психикасының дамуы.
Бөбек жастағы балалардың қарым-қатынас
жасау ерекшеліктері.
Үш жастағы дағдарыс.
Нәрестелік шақтың психологиялық
ерекшеліктері

Нәресте– бір жасқа дейінгі сәби.
Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге
келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және
емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін)
бөлінеді. Нәрестені анасының
организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу
үшін оның организмінің көптеген
органдары мен жүйелерінің қызметін
өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған
сәбидің салмағы 3,0 – 3,7 кг, бойының
ұзындығы 50 – 52 см, басының шеңбері 34
– 35 см, кеуде шеңбері 34 – 36 см болады
Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада:
оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ
дамиды. Баланың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің
дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп
негізі және бұл өте маңызды, осындай ықпалды
ұйымдастырушы үлкендер болады.Нәрестелік кезеңде
бала көп уақытын ұйқымен өткізеді де, егер ояна
қалса, онда ол нәрестенің қарны ашу, тону, шөлдеу
т.б органикалық үйлесімсіздіктен болады. Жаңа
туған бала әр түрлі сезімталдыққа ие:
тактильді,температураны, ауырғанды сезіну, дәм
сезу.
Нәрестенің физиологиялық және
психологиялық- әлеуметтік дамуын өлшеу

Жиілігі Мерзімдері

Бірінші өлшеу Туған кезде

Екінші өлшеу 1 ай

1 жасқа дейін Ай сайын

1 жастан 2 жасқа дейін Әрбір 3 ай сайын

2 жастан 3 жасқа дейін Әрбір 6 ай сайын

Кейінгі жылдары Жыл сайын
Таным процестерінің дамуы
Нәресте жасының бас кезінде бала жан-жағына қарап
заттарды заттардан, не
таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның
қабылдауы әлі нашар дамыған. Таным процестеріне
байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің
бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған
байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол
дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді.
Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген
сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны
фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық
есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге
тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек
жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту
ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Моторлық дамудың негізгі алты сатысының орындалуын бағалау
критерийлері
Көрсеткіштер Бағалау критерийлері
Сүйеніп отыру Бала тік отырады, басын кемінде 10 секунд ұстайды. Бала тепе-теңдікті ұстау немесе сүйену
үшін қолын пайдаланбайды.

Еңбектеу Бала қолдары мен тізелерін кезек-кезек ауыстырып, еңбектеп алға және артқа қарай қозғалады.
Бауыры еденге тимейді. Кемінде қатарынан үш рет ұзақ және жүйелі қимылдайды.

Сүйеніп тұру Бала қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі қолымен ұстап, бірақ теңселмей аяғына тұрады.
Денесі тіреуішке тимейді, бүкіл негізгі салмағы аяғына түседі. Сөйтіп, бала сүйеніп кемінде 10
секунд тұрады.

Сүйеніп жүру Бала арқасын тіктеп тұрады. Қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) бір немесе екі қолымен
ұстап, алға қарай не жанына бір қадам жасайды. Бір аяғы денесінің салмағын ұстап тұрғанда,
екінші аяғын алға басады. Сөйтіп, бала кемінде бес қадам жасайды.

Өз бетімен тұру Бала арқасын тіктеп екі аяғын басып (бірақ аяғының ұшымен емес) тұрады. Аяқтары салмағын
100% ұстап тұрады. Бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді. Өз бетімен кемінде 10 секунд
тұрады.

Өз бетімен жүру Бала арқасын тіктеп, өз бетімен кемінде бес қадам жасай алады. Бір аяғы салмағының басым
бөлігін ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады. Бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді.
Бір жастағы дағдарыс
Нәрестелік кезең дағдарысы баланың психикалық дамуының
жаңа сатысы – рухтанудың бас кезінде болады.

Нәрестелік
кезең
дағдарысы

Тік жүру Сөйлеу
Бір жастағы
дағдарыс
Бала өз бетінше жүре бастағаннан бастап оның өмірлік кеңістігі және
тікелей қол жеткізе алатын заттарының шеңбері едәуір кеңейеді. Тік жүру
баланың заттармен қатынасының сипатын өзгертеді: ол бұрын қолы
жетпеген заттарға қарап қана қоймай, оларды ұстап, олармен әрекет ете
алады.
Жүру қалаған затына жақындауға, оны алып, онымен әрекет етуге мүмкіндік
береді. Бұл орайда алғашқы уақыттарда жүруді игеру бала үшін ересек
адамдар қолдайтын және ынталандыратын айрықша қажеттілік және
мақсат болып табылады.
Нәрестелік кезең дағдарысында баланың сөйлеу қабілеттіліктері өте тез
дамиды. Әсіресе, баланың пассив сөздік қоры тез өседі: бір жастағы он сөзден
екі жастағы түсінілетін бірнеше жүздеген сөздерге дейін. Бала өзінің жақын
төңірегіндегі адамдардың аттарын біледі, тыйымдар мен ескертулерді
қосқанда, көптеген қарапайым нұсқауларды түсінуге қабілетті болады.
Баланың алғашқы белсенді түрде қолданатын сөздерінің ересек адамдар тілінен
өзгешеленетін бірқатар ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктердің
маңыздылығы сонша, бірқатар зерттеушілер баланың бастапқы сөйлеу тілін
Бөбек жасындағы баланың
психикасының дамуы
Бөбек жас кезеңі 1 жастан 3 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бала бөбек жасының
бастапқы кезінде өзін «Мен» дей алмай, көбіне «ол», не өзінің атымен атайды. Л. Н.
Толстой бір сөзінде, ол өзінің есін (өзі жөніндегі және өзгелер жөніндегі оқиғаларды) 2
жасымнан бастап біле бастадым дейді. Бұл қате болар. Өйткені, бөбек жасының аяқ
кезінде (2,5 жастан асқан соң) ғана балалардың көпшілігінде есі кіре бастайды. Баланың
есінің кіруінің өзі – ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін бөбекте «Мен»
деген қасиет пайда болады. Егер бөбек жасының аяқ кезіне дейін бала есін білмей келсе,
кейін «Мен» деген қасиет пайда болмайды. Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы
оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда
болады. Егер адам тіл білмесе (мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес), онда оның есі
мен санасы және «Мен» деген қасиеті де болмас еді.
Бөбекте «Мен» деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда болады. Бұл үшін
бөбек әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады. Оған дейін (2-2,5 жасқа
дейін) зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның бетінде, тек таныс адамдардың
бейнесін ажыратады да, өзінің бейнесін айқын сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар
екенін (тіршілік ететінін т. б.) бөбек жасының аяғына дейін бала ажырата алмайды.
Тіл арқылы өзгелермен байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден
ажыратуға мүмкіндік береді.
Ерте балалық кезеңдегі балалардың
моторикасының дамуы

2 жас 3 жас

Бала аяғын жан-жағына қойып, Жүру және жүгіру кезінде аяқтарын
жан-жағына теңселіп жүреді бір-біріне бұрынғыға қарағанда
жақын қояды
Жоғары еңбектей алады, итереді, Жүру мен жүгіру кезінде тепе-
жүгіреді, екі қолмен ұстап жүреді теңдік сақтайды;жүріс-тұрысында
жеңілдік пайда болады
Заттарды екі қолмен алады Заттарды бір қолмен алады

Шыдамдылығы бәсең Қағаз бетіне әр түрлі шимайлар
салады;кубиктерді бір жерге
жинайды
Бөбек жастағы балалардың қарым-
қатынас жасау ерекшеліктері
Сюжеттiк-рөлдiк ойындар — 2-3 жастағы баланың тұлғалық,
интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын
алатын жетекшi iс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың
тiлге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше
қызығушылығымен, сезiмталдығымен ерекшеленетiндiктен,
баланың тiлiн дамытуға өте қолайлы. Бұл жастағы балалар
үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады.
Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар
ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi
болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi
қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық
жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын
ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.
Ойын — бұл ақпарат алмастыру
құралы және баладан өз ойымен
бөлісуді талап ету; яғни автоматты
түрде қарым–қатынастағы барьерді
жасату. Жоғарғы қатынас денгейге
көтерілу үшін сөзді пайдалануы
қажет. Ойын сезімдердің берілуімен
және кемшіліктердің шешілуі үшін
құрал болады
Үш жастағы дағдарыс
Л.С.Выготский үш жасарлар дағдарысының жеті
белгісін атап көрсетті:

Негативизм
Қыңырлық
Строптивость
Ерікті-әрекеттер
Қарсылық-бүлікшілік
Құнсыздану белгісі
Деспотизм
Үш жастағы
дағдарыс
Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас
бар. Бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеңіне байланысты.Өйткені бала
психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер
пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда
болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру
заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл
алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары
ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы
шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі
жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап
жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып
ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға
болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған
тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қыңырлық қылық,
жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер
талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін
көрсетеді.
Қорытынды:

«...Балалар тек тікелей қабылданатын әсерлер ықпалында ғана емес,
сонымен қатар, естерінде қалатын бейнелер мен көріністердің
ықпалында да әрекет етуге қабілетті бола бастайды».
Л.И.Божович

«Дәл осы балаға алғашқы тыйым салу, шектеу қоюдың пайда болуымен
бірге алғаш рет оның өзіндік талпынысы пайда болады... Алғашқы
тыйым салудың пайда болуымен бірге балаға өзіндік ниет, талпыныс
беріледі. Талаптың орындалмауы талпынысты тудырады, оны бала сол
арқылы танып-біле отырып, эмоционалды тұрде басынан кешіреді».
К.Н.Поливанова
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Бір жастағы дағдарыс
Әр жас кезеңінде жас дағдарыстарының болу себептері. Д.Б Эльконин бойынша жас кезеңінің бөлінуі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ПСИХОДИАГНОСТИКАСЫ
Оқытудың жеке бағдарламасы
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі
Дизартрия тіл кемістігі
КІШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОГНЕТИВТІ АЙМАҒЫНЫҢ ДАМУЫ
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жастардың психологиясы
Пәндер