Жануарлар экологиясы
Презентация қосу
Дәріс 1
Кіріспе. Жануарлар мен өсімдіктер экологиясының пәні, мазмұны,
міндеттері
Дәріс жоспары:
1. «Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы» пәнінің мақсат,
міндеттерін анықтау;
2. Жануарлар экологиясы
3. Өсімдіктер экологиясы
4. Экология тарихы
1. Кіріспе. Жануарлар мен өсімдіктер экологиясының пәні,
мазмұны, міндеттері
• Қазіргі идеяларға сәйкес экология дегеніміз - тірі организмдер мен
олар өмір сүретін орта арасындағы қатынасты зерттейтін ғылым.
• Экологияның негізгі міндеті-бір-бірімен өзара әрекеттесетін және
қоршаған ортамен бірлік құратын тірі организмдердің жиынтығын
зерттеу , оның аясында энергия мен органикалық заттардың өзгеру
процестері жүреді.
• Зерттеу объектілеріне байланысты былай бөлінеді:
• - Өсімдіктер экологиясы;
• - Жануарлар экологиясы;
• - Адам экологиясы (Әлеуметтік экология).
2. Жануарлар экологиясы
• Жануарлар экологиясы - жануарларды олардың өмір сүру ортасымен
бірге зерттейтін ғылым.
• Зерттеудің мақсаты - тіршілік ету ортасының өзгеруі арқылы
жануарлардың санын басқару.
• Жануарлардың экологиясын зерттеу объектілері олардың
популяциясы болып табылады.
• Жануарлар экологиясы «өмір салты» деп аталатын этологияның
маусымдық ерекшеліктерін және жеке дарақтардың (особей) бір-
біріне және тіршілік ету жағдайларына қатынасын зерттейді, олар
тарихи түрде түрдің биологиялық циклі ретінде дамыды, жеке
дарақтардың өмір сүруін қамтамасыз етеді және түрлер
популяциясының динамикасының сипатын анықтайды.
• Жануарлар экологиясын зерттеу әдістері - ішінара ерекше,
және зерттеу ғылымдары ортақ. Оларды санды есепке алу
тәсілдеріне, түр санының құрамы мен жай-күйін зерттеуге және
қоршаған орта жағдайларын бағалау тәсілдеріне бөлінеді.
• Экологиялық зерттеулерде салыстырмалы әдіс екі нұсқада
кеңінен қолданылады:
• -Әр түрлі географиялық аудандарда, әр түрлі биотоптарда немесе
тұрғылықты жерлерде тіршілік ету жағдайымен түрдің өзара
қарым-қатынасының өмір салтын немесе жекелеген жақтарын
зерттеуге бағытталған экологиялық-географиялық әдіс;
- Жануарлардың әртүрлі түрлерін немесе топтарын
салыстырмалы зерттеу.
• Жануарлар популяциясы мен биогеоценоздардың жай-күйін
толық және егжей-тегжейлі талдау үшін қоршаған ортаның негізгі
факторларын зерттеу қажет.
3. Өсімдіктер экологиясы
• Өсімдіктер экологиясы - өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы
қатынастар туралы ғылым. «Экология» сөзі грекше «ойкос» — тұрғын
үй, баспана және «логос» - ғылымнан шыққан.
• «Экология» терминінің анықтамасын зоолог Э.Геккель 1866 жылы
берген, ботаникада оны алғаш рет 1885 жылы даниялық ғалым
Е.Варминг қолданған.
• Өсімдіктер экологиясы ботаниканың басқа бөлімдерімен тығыз
байланысты.
• Өсімдіктер морфологиясы өсімдіктердің құрылымы мен формасын
олардың эволюциясы процесінде өсімдіктерге қоршаған ортаның
әсерінен қарастырады;
• Өсімдіктердің таралу заңдылықтарын зерттеудегі геоботаника мен
өсімдіктер географиясы өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы
қатынасты білуге негізделген.
• ХІХ ғасырдың бас кезінде өсімдіктер
географиясы пәні дүниеге келді. Оған
А.Гумбольдтың қосқан үлесі көп болды. Ол
«Идеи географий растений» (1807)
еңбегінде өсімдіктердің таралуында
температураның маңызды екенін көрсетті.
• Өсімдіктер географиясы саласында француз ғалымы
О.П.Декандоль жұмыстары өте маңызды. Ол «Очерк
начальной географий растений» деп аталған кітабында
өсімдіктің тіршілік күйі, мекен ортасы түсініктеріне
анықтама кіргізді.
• Сондай – ақ ол экология, аутэкология деген пәндерін бір
салаға енгізуді ұсынды. Оның баласы А.Декандоль
“География растений” деп аталған кітабында температура,
жарық, топырақ сияқты сыртқы орта факторларына
негізделген классифкацияны баяндайды. Сондай-ақ,
А.Декандоль өсімдіктер экологиясы пәнінің негізін
салушылардан бірі болып есептелінеді.
• Ресейде өсімдіктер экологиясы пәнінің дамуында
«ботаникалық географияның» негізін салушы
А.Н.Бекетовтың жұмыстары маңызды роль атқарады.
Ол «География растений» деген кітабында
өсімдіктердің сыртқы орта факторларының әсеріне
бейімделуі, яғни биологиялық комплекс туралы
түсінік береді. Ол өз ізденістері арқылы өсімдіктердің
экологиялық – физиологиялық классификациясын
енгізді. Ол сыртқы факторларға сүйене отырып,
түрлердің экогиялық таралуы туралы мәселені ортаға
қойды.
• 1868 ж Н.Ф.Леваковский өсімдік тамырларының пішініне
сырты ортаның әсері, К.А.Тимирязев фотосинтез
процесінде сыртқы ортаның әсері туралы мәліметтер
берген. Академик Б.А.Келлер өсімдіктерді біліп тану үшін
«экологялық әдістер» арқылы тани аламыз деп айтты.
• Кейінірек экологиялық физиология саласында Л.А.
Иванов жарықтың әсері, Н.А.Максимов құрғашылық және
шыдамдылық әсері жұмыстарын дамытты.
В.И.Сукачевтың классикалық еңбектерінде
фитоценология, биогеоценологияда экологиялық бағыттар
дамыған
• ХІХ ғасырдың соңына қарай экология саласында екі бағыт
дүниеге келді. 1895 ж Даниялық ғалым Е.Варминг
“Plantesamfund” атты кітабында өсімдіктердің
географиялық бағытын жалғастырып, экология
мәселелеріне анықтама енгізді. Экологиялық географияны
флоралық географиядан ажыратты. 1910 ж. Брюссельде ІІІ
Халықаралық ботаниктер конгресінде «экология
ботаниканың дербес саласы» деп хабарландырылды.
Е.Варминг өсімдіктер экологиясының негізін салушы
болып есептелінеді. Экологиялық классификацияны
өңдеуді Е.Варминг (1901) бастап, Л.Дильс (1910)
жалғастырды.
4. Экологияның дамуы тарихы
1. Экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы
( ХІХ ғ.60-шы жылдарға дейін).
2. Экологияны дербес білім саласына бөлу
(ХІХ ғ. 60 - шы ж.-ХХ ғ. 50-ші ж.ж.).
3. Қазіргі кезең (ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан - қазіргі
уақытқа дейін) - экологияның кешенді ғылымға айналуы.
Экологияның ғылымының дамуына әсер еткен ғалымдар
1. Аристотель (384 – 322 б.э.д заманда) – ежелгі грек ғалымы, жануарлардың мінез-құлқы
туралы еңбек жазды «Жануарлар тарихы» деген еңбектің авторы.
2. К.Линней (1707-1778) – швед табиғат зерттеушісі. Ол ағзалардың өміріне климаттың әсер
ету маңыздылығын атап өтті, организмдердің өзара байланысын зерттеді.
3. Ж.Б.Ламарк (1744-1829) – француздың табиғат зерттеушісі. Алғашқы эволюциялық ілімнің
авторы. Ол сыртқы жағдайлардың әсері эволюцияның маңызды себептерінің бірі деп санайды.
4. К.Рулье (1814-1858 ) – орыс ғалымы, ол организмдердің құрылымы мен дамуы қоршаған
ортаға байланысты деп санайды, эволюцияны зерттеу қажеттілігін атап өтті.
5. Ч.Дарвин (1809-1882) – ағылшын табиғат зерттеушісі, эволюциялық ілімнің негізін
қалаушы.
6. Э.Геккель (1834-1919) – неміс биологы, 1866 жылы «экология» терминін ғылымға енгізді.
7. Ч.Элтон (1900-1991) – ағылшын ғалымы, популяциялар экологиясының негізін қалаушы.
8. А.Тенсли (1871-1955) – ағылшын ғалымы, 1935 жылы «экожүйе» туралы түсінікті ғылымға
енгізді.
9. В.Н.Сукачев (1880-1967) – орыс ғалымы, 1942 жылы «биогеоценоз» түсінігін ғылымға
енгізді.
10. К.А.Тимирязев (1843-1920) – орыс ғалымы, өмірін фотосинтезді зерттеуге арнады.
11. В.В.Докучаев (1846-1903) – орыс ғалымы, топырақтанудың негізін қалаушы.
12. В.И.Вернадский (1863-1945) – орыс ғалымы, Ғаламдық экожүйе ретінде Биосфера ілімінің
негізін қалаушы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz