Жауаптың жіті кезеңі


Slide 1

Презентация

Тақырып №6: Жауаптың жіті кезеңі.

2023-2024 жж.

Slide 2

Жоспары:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

Жедел кезең жауабы анықтамасы

Жедел фаза ақуыздары

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жедел фаза жауабы - аурудың жіті кезеңіндегі зақымдануларда дамитын организмнің жалпы реакциясы. Жедел фаза жауабы жиі қабыну дамуына, иммундық жүйе және фагоциттейтін мононуклеарлардың жүйесі белсенуіне әкелетін зақымдануларда байқалады. Бір топ қабынуды күшейтетін цитокиндердің (1, 6, 8 интерлейкиндері, ісіктерді жоятын факторы альфа) пайда болуы мен босауы кушеюімен сипатталады.

Slide 4

Егер жергілікті қабыну реакциясы жеткіліксіз болса, онда организмнің жалпы реакциялары іске қосылады. Осылайша, жедел фаза реакциялары өзіндік ерекшелікті емес қорғаныс механизмдері тобының белсенуін білдіреді .

Slide 5

Жедел кезеңнің жауабы немесе иммундық жауап - зақымдануға организмнің бейнақты серпілісі, жүйелік қабынулық жауаптың бір құрам бөлшегі.

Жедел кезең жауабы бактериялық, саңырауқұлақтар, вирустық жұқпалар, қабыну, жарақат, күйік, өспелер, тіндердің ишемиясы, иммундық дерттік үрдістерге дамиды. Клиникалық жағынан аурудың бейнақты белгілері: ауыру сезімі, жайсыз сезіну, буындардағы ауыру сезімі, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, жүдеу хабаршы кезеңнің көріністеріне сәйкес келеді. Бұл өзгерістердің патогенезінде «жедел кезең жауабы» дәнекерлері - цитокиндердің жүйелі әсерінің және гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің (стресс) әсерленуінің маңызды орны бар.

Slide 6

Қорғаныстық

Жедел кезеңнің нәруыздары микробтарға қарсы, антиоксидантты әсер көрсетеді. Цитокиндер ағзалар мен жүйелердің қызметін өзгертеді, қызбаны тудырады, фагоцитозды әсерлейді, стресс дамытады. Цитокиндер зақымдануға жедел жауап беретін бөліктерге қордағы метаболиттердің (аминқышқылдары сүйек кемігіне, лимфа тіндеріне, бауырға бағытталады) қайта бөлінуін қамтамасыз ете отырып зат алмасуының түбегейлі қайта құрады. Соның нәтижесінде бұзылған гомеостаз қалпына келіп, өліеттенген тіндер шығарылып, артық тіндік протеазалар байланыстырылып, жойылады, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасалады.

Slide 7

Патогендік

Цитокиндердің артық әсері организмге теріс әсер етеді. Әсіресе ішек қимылы мен мембраналық асқорытуды тежейтін ИЛ-1 мен ӨТЖ біріккен әсерінен құсу, іш өту, гепатоциттердің құрылымдық бұзылысы дамып, гиперкалиемия мен ацидозды күшейте түседі. Бұл цитокиндердің көп мөлшерде бөлінуі және қанағымында ұзақ айналып жүруі ауыр бактериялық жұқпаларда дамитын сепсистік сілейменің дамуын тудырады. ИЛ-1 мен ӨТЖ АҚ төмендеуін, микроциркуляцияның жүйелік бұзылыстары, көпағзалық жеткіліксіздік. ИЛ-1 миокардтың жиырылғыштық қасиетіне теріс әсер етеді, тромбопластин түзілуін арттырып, ТШҚҰ-синдромы дамуына әкеледі.

Slide 8

Жедел фаза ақуыздары - бауырда түзілетін және жедел фазаға жауап дамығанда қанға түсетін ақуыздар (С-реактивті ақуыз, гаптоглобин, комплементтің бөліктері, церулоплазмин, фибриноген және т. б. ) .

Slide 9

Жедел фаза нәруыздарынын синтезін бакылау және реттеу.

Жедел фазанын дамуы біркатар медиаторлармен басталады және реттеледі: цитокиндер, анафилотоксиндер, өсу факторлары, глюкокортикоидтар. Олардын кейбіреуі кабыну ошағында белсендірілген макрофагтармен, нейтрофилдермен, лимфоциттермен, фибробластармен жене басқа да жасушалармен бөліне бастайды да, жергілікті және жалпы әсер көрсетеді.

Slide 10

Зақымдаушы факторлар

-хирургиялык әрекет

-күйік

- жарақат

- бактериялык инфекция ісіктердін өсуі және дамуы

-химиялык агенттер

-баскалары

Жергілікті реакция:

• кантамыр саңылауының өзгеру

• тромбоциттер агрегациясы жане тромб тузілуі

• нейтрофилдер мен макрофагтар белсенуі

• протеаза жене басқа лизосомалды ферменттердін босауы

• кининдер мен простогландиндердін және баска медиаторлардың тузілуі

Жалпы реакция:

• ауырсыну

• ↑ температуранын

• лейкоцитоз

• ↓Fe2+ жане Zn2+ қан сарысуында төмендеуі

• ↑гормондар секрециясынын

•↑ жедел фаза нәруыздары синтезінің

Қабынудың жедел фазасы

Slide 11

Жедел фазалық жауап цитокиндер-жасушааралық және жүйеаралық өзара әрекеттесулерді қысқа қашықтыққа реттейтін жасушалар шығаратын ақуыз-пептидтік факторлар. Цитокиндер-жасушааралық байланысты қамтамасыз ететін хабаршы молекулалар. Лимфоциттер, макрофагтар, эндотелий жасушалары шығарады. Цитокиндердің әсері арнайы рецепторлар арқылы жүзеге асырылады.

Slide 12

Әлсіздік: депрессия, ұйқышылдық, немқұрайлылық, айналасындағыларға деген қызығушылықтың төмендеуі, тәбеттің жоғалуы, бұлшықет, буын, сүйек ауруы, бас ауруы, адинамия, бұлшықет әлсіздігі, салмақ жоғалту, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі.

Slide 13

Денені қорғау: лейкоцитоз, фебрильді реакция, теріс азотты тепе-теңдік (ақуыздың ыдырауы), альбуминдердің төмендеуі, қан коэффициенттерінің А/Г төмендеуі, глобулин синтезінің жоғарылауы, жеделдету, жедел фазалық жауап ақуыздарының пайда болуы, иммундық жүйені белсендіру, қорғаныс стрессін ынталандыру, басқа органдар мен жүйелердің функцияларын ынталандыру.

Slide 14

Үш тапсырманы орындайды:

Микробқа қарсы әсері бар: С-реактивті ақуыз, комплемент факторлары; гаптоглобин, лактоферин, трансферин.

2. Тіндердің зақымдалуын азайтуы: церулоплазмин, гаптоглобин, лактоферин, трансферин.

3. Гомеостазды және антигомеостазды реттеу (коагуляция және антикоагуляция факторлары)

Этиологиясы-бактериялық, вирустық, саңырауқұлақ аурулары, қабыну-инфекциялық және инфекциялық емес сипаттағы өткір және созылмалы аурулар; күйіктер, жарақаттар, органдардың, тіндердің ишемиялық зақымдануы, ісік аурулары және тағы басқалар.

Slide 15

Қорытынды

Жедел фазалық жауап-бұл зақымдану орнының жасушаларынан цитокиндердің бөлінуіне жауап ретінде пайда болатын, олардың әсерін қан мен дене жасушаларының рецепторлары арқылы жүзеге асыратын, осы жасушалардың ішінде көбінесе арахидон қышқылының туындылары болатын бірқатар жүйелік реакциялардың дамуы.

Slide 16

Пайдаланылған әдебиеттер


Ұқсас жұмыстар
Иммундық жауапқа қатысатын иммундық жасушалар
Иммундық жауап
Жіті қабынуды тәжрибеде үлгілеу
«Вирустың енуі. Иммунитет»
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Қызыл балықтың фурункулезі
Жылқының жұқпалы анемиясы орыс
Стресстің белгілері
Шартты рефлекстерді қалыптастыру
Сыртқы сәулелену салдарынан сәулелі зақымдалу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz