Баланың музыкалық аспапта ойнауы - қызмет түрі


Slide 1

Баланың музыкалық аспапта ойнауы - қызмет түрі.

Slide 2

Жоспары:

жас ерекшелігіне орай музыкаға баулу әдісі.

баланың музыкалық аспапта ойнауы - қызмет түрі.

балаларға музыкалық аспапты үйрету әдісі

Slide 3

Балалар өміріндегі музыклық ойыншықтар мен аспаптар түрі.

Дыбыссыздар.

Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын клавиатуралы пианино, ойналмайтын шекті балалайка, жарғақты баян және т. б. Дыбыссыздығына қарамастан, оларды сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды құбылтуға мүмкіндік береді. Балалар көбінесе өздерін «музы­калык, жетекші» дәрежесінде ұстап, үлкендерге еліктеп отырып, «музыка сабағын» өткізеді, пианист, баянист, балалайкашы бола­ды, таныс әндерін құбылта орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл әрекеттің бәрі, сөз жоқ баланың музыкалық-есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді.

Дыбыс шығаратындар:

Дауысының белгілі биіктігі жоқ музыкалық ойыншық-аспаптар -сылдырауықтар, бубендер, барабандар, кастаньеттер, треугольниктер.

Бір ғана биік дыбыс шығаратын музыкалық ойыншық-аспаптар - сыбызғылар, кернейлер. Бұлардың көмегімен әр алуан ырғақтарды келтіруге болады.

Шектеулі әуені бар ойыншықтар: кішкентай органдар, му­зыкалық шкатулкалар, музыкалық жәшіктер; оларда ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті механикалык сипат алады.

Диатоникалык, және хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық ойыншық-аспаптар: металлофон, пианино, рояльдар, кларнеттер, флейталар, саксафондар, баяндар, гармоникалар, ауыз гармониялары, колокольчиктер, цитралар, домбралар, балалайкалар және т. б.

Slide 4

Үрлемелі, яғни, үрлемелі флейталар, саксафондар, кларисттер, триолдар, «әуендер». Аспаптың трубкасына aуa үрлегенде, ал кейде демді ішке тартқан кезде дыбыс шығады.

Клавишті-тілді, яғни, баяндар, аккордеондар, гармошкалар. Клавиштерді басқакезде дыбыс шығады.

Соқпалы-клавишті, яғни ойыншық рояль, пианино. Металл пластинкаларды балғамен соққанда клавиш басылып дыбыс шы­ғады.

Соғып ойналатын, яғни, бубендер, кастаньеттер, треугольниктер, тарелкалар, барабандар, металлофондар, ксилофондар. Аспаптың дыбыс шығаратын тұсын қолмен немесе таякшамен соққан кезде дыбыс шығарады.

Slide 5

Оркестрді немесе ансамбльді құрастырғап кезде белгілі пропорцияға сүйену қажет:

Ырғақтық сезімді дамыту

Тембрлік есту қабілетін жетілдіру

Динамикалық есту қабілетін жетілдіру

Slide 6

оқу процесінде игерген білімі мен шеберлігінің ауқымын қарастырамыз. .

Балалар мынаны білуге тиіс:

аспаптардың аттарын;

аспаптардың дыбыстау сипатын (мәселен, цитрдің, дыбысы нәзік әрі жұмсақ, металлофонныц дыбысы сыңғырлап, аккордеондікі ашық, тарелканікі қатты, анық, барабанның дыбысы даңғырлап шығады және т. б. ) ;

аспаптарды пайдалану және оларды сақтау ережелерін;

оларда ойнау тәсілдерін;

әр турлі музыкалық аспаптардағы жоғары және төменгі ды­быстардың орналасуын;

нотаның аттарын (до, ре, ми, фа, соль, ля, си) және олардың металлофон пластинкасындағы басқа музыкалық аспаптардың клавиштеріндегі орындарын;

Балалар мыналарды үйренуі керек:

әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым тәсілдерін меңгере білуі; мәселен, балғамен металлофонда, ксилофонда ойнаған кезде саусақтарды жеңіл қимылдата білуді;

домбыра, триолда, кларнетте, сыбызғыдаойнағанда, дұрыс дем алуды, аккордеонда, баянда, пианниода ойнағанда саусақты қолайлы орналастыруды; тарелканың, треугольниктің дыбысын жаңғыртпауды, кастаньетті, маракасты сілки отырып, бубенде, барабанда oйнағанда қолды дұрыс ұстауды;

ансамбльде ортақ динамиканы, темпті сақтап ойнауды; музыканы орындауға дер кезінде кірісіп, дер кезінде аяқтауды;

қарапайым динамикалық реңктерді пайдалануды;

қарапайым ән, өлеңдерді дербес орындауды;

есту арқылы өзіне жақсы таныс әндерді, әзілдерді, санамақтарды талғап алуды;

ырғақтық және әуендік әндерді жанынан шығарып, айтуды


Ұқсас жұмыстар
Музыкалық сабақтардың мазмұны, құрылымын жоспарлау және өткізу жолдары
Балалар музыка студиясы, балалар музыка мектебі, өнер мектебі олардың ерекшеліктері мен айырмашылығы
Музыкалық аспаптарды ата
Домбыра - қазақтың халық аспабы
Музыка мұғалімнің міндеті:
Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы
Музыкалар үйі
Ария
Қазақ халқының ұлттық аспаптары
Қазақ халық ойындарының жіктемесі балалардың жас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz