Дәрілік заттарды фармакопеялық талдаудың жалпы әдістері


Slide 1

№ 2 Дәріс Дәрілік заттарды фармакопеялық талдаудың жалпы әдістері

Slide 2

Жоспар

Дәрілік заттарды фармакопеялық талдау

Идентификацияда қолданылатын физикалық қасиеттері (агрегаттық түрі, түсі, дәмі, иісі, кристалдарының түрлері, полиморфизм) . Ерігіштігі.

Физическалық тұрақтылар (балқу, қату, қайнау ыдырау температурасы, салыстырмалы тығыздық, тұтқырлық, рефракция индексі, айналу бұрышы…)

Дәрілік заттардың идентификациясында қолданылатын химиялық қасиеттері - Катиондармен аниондарға және функционалды топтарға арналған химиялық реакциялар

Дәрілік заттардың тазалығы (қоспаларды анықтау және жіберілетін қоспалардың шектік мөлшерін табу) .

Мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесі. Түстілігің анықтау. Қоспаларды анықтау әдістері (эталондық және эталонсыз ) .

Slide 3

Фармакопеялық талдау түрлері

Талдауға қойылған мақсатқа байланысты:

1. Фармакопеялық талдау - ҚР МФ талаптарына сынау

2. Өндірісте дәрілік затты алу кезіндегі талдау - Сатылы талдау Постадийный контроль производства ЛВ и ЛС

3. Дәріханаішілік бақылау - Жеке рецепт немесе мекеме талабы бойынша дайындалған дәрілік заттардын сапасын тексеру әдістері

4. Биофармацевтикалық талдау (биологиялық сұйықтықтардағы дәрілік заттың мөлшерін және метаболиттерін тексеру)

Талдау нәтижесіне байланысты:

1. сапалық - ДЗ өзі екендігін, атауына сәйкестігін растау

2. сандық - ДЗ құрамындағы әсер етуші заттың мөлшерін анықтау

3. Жартылай сандық (жіберілетін қоспалардың шектік мөлшерін анықтау)

Slide 4

Дәрілік заттардың идентификациясында қолданылатың физикалық қасиеттері

Агрегаттық куйі

Ұнтақ (қатты)

сұйықтық ( ерітінді)

Газ

Кристалды ұнтақтардың кристаллдарының өлшемі - ірі - орташа-ұсақ, оте ұсақ кристалды, аморфты

Пішіні - ине, ромб, куб, тік бұрыш, призма, рафидтер, стилоидтар тәрізді, кейде қабыршық тәрізді болуы мүмкін.

Спецификалық ерекшеліктері ауыр, борпылдақ, ұшкыш, жеңіл, майлы т. б.

Сұйық дәрілік заттар үшін - қозғалғыштығы, ұшқыштығы, жаңғыштығы, мөлдірлігі, түстілігі, иісі, дәмі, басқа сұйық заттармен араласуы т. б.

Түсі - дәрілік заттардың түсі молекуласының химиялық құрылымымен тікелей байланысты (хромофорларға) . Мысалы; мыс сульфаты- көк түсті, кристаллды йод күлгін - қара, немесе сұр-қара түсті металды жылтыры бар пластинкалар немесе кристалдар құймасы, кобальт тұздары - қызыл малина түсті, фурацилин - сары түсті.

Иісі - дәрілік заттың өзіне ғана тиісті иісі (камфора, ментол) болуы мүмкін; немесе - өткір, жағымсыз (формалин, акролеин) ; немесе жұпар, жағымды, татымды (этилацетат, сірке ангидриді, ванилин) иіс болады.

Бөтен иіс, өзіне тән иістің болмауы, дәрілік заттың тазалығының дірежесін көрсетеді.

Slide 5

Дәрілік заттардың физикалық қасиеттерін анықтау әдістемелер

Дәрілік заттардың түсін анықтау

Түсті анықтауды ақ фонда, шашыранқы күндізгі жарықта көзбен қарап жүргізеді (визуальді) .

Дәрілік субстанцияның белгілі мөлшерін өлшеп алады, 0, 05 г кейде (от 0, 5 - до 2, 0 г) болуы мүмкін, ақ түсті қалын қағаз немесе ақ қағаздың үстіне қойылған заттық шыныға, сағат шынысына салады. Біркелкі етіп үстінен қатты баспай шпательмен жаяды, қабаттың беті тегіс болуы тиіс. Көзбен түстін ФБ талабына сәйкестігіне талдау жүргізеді.

Дәрілік заттардың иісін анықтау

Дәрілік заттың иісін қаптама ашылған бойда анықтайды (ҚР МФ 2. 3. 4 тарау әдістемесі бойынша)

Әдістеме: Сағат шынысына диаметрі 6 см - 8 см болатын, жұқа қабатпен 0, 5 г - 2 г сыналатын дәрілік субстанцияны біркелкі етіп жайады. 15 мин өткеннен кейін иісін органолептикалық тәсілмен анықтайды. Содан кейін иістің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды жасайды.

Slide 6

Полиморфизм (кристаллдар түрлері)

Көміртектің аллотропты күйлері: a) лонсдейлит; б) алмаз;

в) графит; г) аморфный углерод; д) C60 (фуллерен) ;

е) графен; ж) нанотүтікше

Slide 7

Ерігіштік. ҚР МФ - жалпы фармакопеялық бабы

Ерігіштік ДЗ физикалық тұрақтысы емес, ол дәрілік заттың қасиеті болып табылады.

1г дәрілік заттың (газ, сұйық, қатты түрдегі) белгілі көлемдегі еріткіште еру қабылеттілігін көрсетеді. Белгілі температурада ерігіштік ДЗ сапасын көрсететін сипаттамалардың бірі болып саналады.

Сонымен қатар ерігіштік ДЗ идентификациялануының маңызды көрсеткіші де бола алады. Дәрілік заттың еруінің өзгеруі - төмендеуі, бірден тазалығының дәрежесі тұралы айтады, себебі ДЗ ерітіндісінде өтуші жарықта қарағанда заттың бөліктері байқалса, ол аз еритін немесе ерімейтін қоспалардың пайда болуымен түсіндіріледі. Егер ерітіндіде өтуші жарықта дәрілік заттың бөліктері көрінбесе, онда дәрілік заттың толық ерігені болып есептеледі.

ҚР МФ жалпы бабында ерігіштікті сипаттайтын шартты терминдер берілген; (өте оңай ериді, оңай ериді, ериді, орташа ериді, аз ериді, өте аз ериді, іс жүзінде ерімейді ) .

Егерде ерігіштік дәрілік заттың тазалық дәрежесінің көрсеткіші болса, онда жеке фармакопеялық бапта дәрілік заттың нақты мөлшерімен еріткіштін нақты көлемі көрсетіледі. Мысалы; ( Калий бромидіне - 1:1, 7 судағы ерігіштігі; ал Калий хлоридіне - 1:3 судағы ерігіштігі)

7

Slide 8

Ерігіштік

7

Шартты терминдер

Ерітуге қажетті еріткіштің шамамен мөлшері (мл)

1 г заттар

Өте оңай ериді

1 -ден кем

Онай ериді

1 ден 10 - ға дейін

Ериді

10 нан 30 ға дейін

Орташа ериді

30 дан 100 ге дейін

Аз ериді

100 ден 1000 ға дейін

Өте аз ериді

1000 нан 10. 000 ға дейін

Іс жүзінде ерімейді

10 000 нан артық

Slide 9

Ерігіштікті анықтау фармакопеялық әдістемесі

Дәрілік субстанцияның 1г (алдын ала ұнтақталған) өлшеп алып санауыққа салып ЖФБ көрсетілген алғашқы минимальді ерітқіш көлемін қосады, мұқият араластырады, содан кейін бірте - бірте қалған көлемді бөліп қосып отырады, максимальды көлемге дейін.

Ериту процессі 10 мин жүреді, температуралық аралық 15-25 оС болуы тиіс.

Баяу еритін ДЗ ерітінділерін 30 о С, температурада қыздыруға рұқсат етіледі, бұл кезде нәтижесін тек 20 оС температураға дейн суытып, 2-3 мин араластырып барып бақылайды.

Дәрілік субстанцияның массасын аналитикалық таразыда 0, 01 г дәлдікпен өлшеп алады, жәнеде еріткіштердің көлемін қайта есептеу жолымен қысқартып алуға болады. Мысалы; тазартылған судың көлемі 100 мл-ге жуық, ал бағалы органикалық еріткіштер көлемін 10-20 мл ге дейн қысқартуға рұқсат етіледі.

Қорытынды: ДЗ толық еріп кетті деп айту үшін - ерітіндіде өтуші жарықта қарағанда заттың бөліктері көрінбесе, (тек фильтр қағаздарының механикалық бөліктері рұқсат етіледі ) онда дәрілік заттың толық ерігені болып есептелінеді.

7

Slide 10

Дәрілік заттардың идентификациясында қолданылатын физикалық тұрақтылар Физикалық константалар ДЗ өзі екендігін және тазалығын анықтауға қолданылатын негізгі көрсеткіштер болып табылады.

2. 2. 6 Рефракция индексі (сыну көрсеткіші, рефрактометрия)

2. 2. 7 Айналу бұрышы (Поляриметрия)

2. 2. 8 Тұтқырлық, 2. 2. 9. 2. 2. 10 Вискозиметрия (капиллярлы және ротационды)

2. 2. 14 - 2. 2. 18 Термометрия (балқу, қату, қайнау температуралар т. б. )

2. 2. 3 Потенциометрия (рН мәнің анықтау)

2. 2. 5 Салыстырмалы тығыздық

10

Slide 11

2. 2. 5. Салыстырмалы тығыздық (d20)

Дәрілік заттың салыстырмалы тығыздығы (d20) - белгілі бір көлемдегі, температурадағы - 20оС, зат массасының судың соған тең көлемдегі массасына қатынасы.

Заттың тығыздығы оның - 20оС температурадағы зат массасының оның көлеміне қатынасы болып табылады. Тығыздық текше метрдегі килограммен немесе текше сантиметрдегі граммен өлшенеді. (1 кг/м3 = 10 -3 г/см3) .

Салыстырмалы тығыздықты қатты заттар және сұйықтықтар үшін пикнометр және аналитикалық таразы көмегімен анықтайды. Әдістің дәлдігі өте жоғары - 0, 001%

Сонымен қатар сұйықтықтардың тығыздығын ареометрдің көмегіменде анықтауға болады, бірақ бұл тәсілдің дәлдігі төмендеу - 0, 01%.

10

Slide 12

Салыстырмалы тығыздық

10

пикнометрлер

ареометрлер

Slide 13

2. 2. 6. Рефракция индексі

Ортаның ауамен салыстырғандағы рефракция индексі (сыну көрсеткіші) жарық сәулесінің ауадағы түсу бұрышы синусының берілген ортадағы жарық сәулесінің сыну бұрышы синусына қатынасына тең.

Егер ДЗ жеке бабында басқа нұсқаулар болмаса рефракция индексін температура - 20оС және натрий спектірінің D сызығының толқын ұзындығында (589, 3 нм) өлшейді.

Сыну көрсеткіші шамасына әсер ететін факторларға жатады

Ерітіндінің концентрациясы

Сынау температурасы

Толқын ұзындығы

10

Slide 14

Рефрактометрлер

10

Slide 15

2. 2. 7. Оптикалық айналу - поляриметрия әдісі

10

Оптикалық айналу - заттың поляризацияланған жарықтын поляризация жазықтығын айналдыру қасиеті болып табылады.

Оптикалық айналуы онға айналдыратын заттар (поляризацияланған жазықтықты сағат тілі бағыты бойынша айналдыратын заттар) үшін оң ( +) және солға айналдыратын заттар үшін теріс ( - ) деп есептеледі.

Физикалық тұрақты ретінде - Меншікті оптикалық айналу деп радианмен өрнектелген және қалындығы 1 текше метрінде құрамында кг/м3 оптикалық белсенді зат бар сұйықтық немесе ерітінді қабатынан, белгілі температурада және толқын ұзындығында өлшенген, поляризацияланған жарық өткен кездегі айналуды айтады.

Практикада сұйықтықтардың оптикалық айналу бұрышы, градуспен белгіленген, натрий спектірінің D сызығының толқын ұзындығында (589, 3 нм), 20 о С температурада өлшенген сұйық заттын 1 дециметр қабаты қалындығы үшін есептелген және текше см граммен белгіленген, поляризация жазықтығының айналу бұрышы болып табылады.

Меншікті оптикалық айналуы градуспен өрнектелген натрий спектірінің толқын ұзындығында 20оС температурада өлшенген, құрамында 1 г/мл заты бар ерітіндінің 1дм қабаты қалындығы үшін есептелген поляризация жазықтығының айналу бұрышы болып табылады.

Slide 16

16

Slide 17

Меншікті айналу бұрышы

17

Slide 18

Поляриметрлер

17

Slide 19

2. 2. 8. Тұтқырлық

Тұтқырлық деп (ішкі үйкеліс) - аққыш денелердің бір бөлігінің басқасымен салыстырғанда жылжуына кедергі жасау қасиетін айтады. Тұтқырлық жай сұйықтар мен ерітінділердің маңызды сипаттамасы болып табылады. Тұтқырлығы тек қана концентрация мен температураға тәуелді болып келетін сұйықтықтарды ньютондық, ал одан басқаларын - бейньютондық деп атайды.

Ньютондық сұйықтар динамикалық, кинематикалық, салыстырмалы, меншікті, келтірілген және сипаттамалық тұтқырлықтармен өлшенеді. Бейньютондық сұйықтарға құрылымдық тұтқырлық - берілген ығысу кернеуіндегі тұтқырлық тән болады.

Динамикалық тұтқырлықты Пуаз немесе сантиПуаз деп белгілейді. Кинематикалық тұтқырлықты Стокс немесе сантиСтокс деп белгілейді.

Бір сұйықтықтың тұтқырлығын басқа сұйықтықпен салыстыра анықтау арқылы салыстырмалы тұтқырлықты табады.

Slide 20

2. 2. 9. Капиллярлық вискозиметрия әдісі

Әдістемесі. Сыналатын сұйықтықты 20оС температурадағы түтікше арқылы (L) вискозиметрдің (А) кенейтілген жері толғанша құяды, бірақ (В) кенейтілген жеріндегі сұйықтықтың деңгейі желдеткіш (М) түтікшіден төмен болмауы тиіс. Вискозиметр вертикаль жағдайда температура (20+/-0, 1) оС, су моншасына орнатылады, осы жағдайда температуралық тепе-теңдік орналғанша кем дегенде 30 минут арасында ұстау қажет. (М) түтікшесін жауып (N) түтікшесіндегі сұйықтын деңгейін (Е) белгісінен шамамен 8 мм жоғары болғанша көтереді.

(N) түтігін жауып, ал (М) түтігін ашу арқылы сұйықтықты осы деңгейде ұстайды. Содан кейін (N) түтікшесін ашып, сұйықтықтың (Е) белгісінен (F) белгісіне дейін ағу уақытың секундомермен секундтың бестен бір бөлігі дәлдігіне дейін өлшейді.

17

Slide 21

2. 2. 11. Дистилляцияның температуралық шектері

17


Ұқсас жұмыстар
Өсімдік құрамындағы белсенді заттарды анықтау
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САПАЛЫҚ АНЫҚТАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДӘРІС
Қоспалардың жіктелуі
Екінші жағынан, фармакопея талаптарын орындау қажеттілігі дәрілік заттар айналымы саласында
Дәрілер технологиясының міндеттері
Фармакопея
Дәрілікөсімдіктердіңшикізаттарына - қалыптылықтехникалыққұжаттардайындау
Шикізатты кептіру
Химиялық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz