Әлеуметтік стратификация: ұғымы, типтері және әлеуметтанулық теориялары


Slide 1

Әлеуметтік стратификация

Орындаған:Жақсылықова Б.

Тексерген:Шугаева Б.

ТФП 18-0015-1к

Slide 2

"Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде "strata” немесе "stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал "stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған.

Slide 3

Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі

Slide 4

Стратификациялық жүйе

Slide 5

Дәреже ұғымы стратификацияны талдауда шешуші мәнге ие болады. Ол страталардың өмір сүруінде бағалау факторлары: адамның қандай да бір жағдайдағы мінез-құлқының желісі, оның өзін және айналасындағыларды дәрежелеуге көмектесетін белгілерге негізделген бір нәрсеге, ұстанымдарға көзқарасы үлкен рөл атқаратынын көрсетеді.

Slide 6

Әлеуметтік мобильділік - бұл әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі.

Әлеуметтік мобильдік

Жоғарылау Төмендеу

Slide 7

Санасы, мінез-құлқы мен мәртебесі түйісіп отыратын, аралық жағдайда және көбіне қандай да бір себептермен өзара әрекеттес әлеуметтік топтардың біріне ұзақ уақыт бойы бейімделе алмайтын немесе бейімделгісі келмейтін адамдардың, қандай да бір әлеуметтік топтар өкілдерінің жиынтығы маргиналдар деп аталады (от латынның margіnalіs - шетте тұрған деген сөзінен шыққан) .

Slide 8

Ғалымдар

Пікірлері

Энтони Гидденс

(1938)

«Стратификация әр түрлі топтардың, адамдардың арасындағы құрылымдалған теңсіздік ретінде анықталуы мүмкін” деп есептейді. "Адамдар теңсіздіктің қандай да бір өлшемімен иерархиялық ұйымдастырылған қатарға тізілгенде әлеуметтік жіктелу әлеуметтік стратификацияға айналады” .

Чавдар Кюранов

(1921-2004)

"Әлеуметтік стратификация тұтас қоғамдық құрылымдағы көлденең топтар жүйесін білдіреді”

Нейл Смелзер

(1930-2017)

«Стратификация теңсіздіктің бір ұрпақтан бір ұрпаққа берілуіне көмектесетін тәсілдермен байланысты; бұл ретте қоғамның әр түрлі топтары пайда болады”

Slide 9

Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған. М. Вебер экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және "стратификацияның үш автономды өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады.

1864-1920

Slide 10 Slide 11

К. Маркс таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті. бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда - феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда - буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

1818-1883


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік құрылым және стратификация: теориялар мен қоғам типтері
Әлеуметтік стратификация теориясы және әлеуметтік мобильділік ұғымы
Әлеуметтік теңсіздік пен стратификация: ұғымы, түрлері, әлеуметтік мобильдік және Қазақстан қоғамындағы мәселелер
Әлеуметтік құрылым және стратификация: теориялар, тарихи типтер және әлеуметтік теңсіздік
Әлеуметтік құрылым және стратификация: теориялар мен әлеуметтік мобилділік
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: таптар, страта және әлеуметтік теңсіздік
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: институттар, мәртебе, рөлдер және әлеуметтік мобильділік
Әлеуметтік құрылым және стратификация: ұғымы, негізгі элементтері мен формалары
Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік ұтқырлық: түрлері, өлшемдері және қоғамға әсері
Мемлекет: түсінігі, пайда болу теориялары, типтері және функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz