Жүсіп баласұғын




Презентация қосу
Тақырыбы:

Жүсіп баласұғын

Жүсіп Баласағұн

Ахмет Иүгінеки
Жүсіп Баласағұн
ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
Жүсіп Баласағұн өмірі жайында
мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы
Қыз-Орду атымен белгілі
Баласағұн қаласында дүниеге
келген. Бұл қаланың орналасқан
жері жөнінде түрлі пікір бар.
Біріншісі Жетісуда, Шу
жағалауында, Тоқмақ қаласынан
алыс емес жерде десе, екіншісі
Жамбыл облысының аумағында,
Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді.
Кейбір деректерде Баласағұн
қаласы Қарахан мемлекетінің
қолөнер сауда орталығы болғанын
айтады. Қағанаттың әлеуметтік-
экономикалық өмірін отырықшы
да көшпенді аралас шаруашылық
құрады. Жүсіп Отырар, Шаш
(Ташкент), Тараз, Шу жазығы,
Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар
шаһарларында өркен жайған
мәдени ортадан шыққан еді.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де
атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу
білік» атты дидактикалық поэмасы.
Құтты білік дастаны
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі
әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті
түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «
Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн
қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар
қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне
(1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне
(1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ
аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма
жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-
ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару
тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам
мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы
олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп
Баласағүниөзінің “Құтты білік” дастанын жазды.
Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң
(Конституция) қызметін атқарған.
. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы
қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен
аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы,
білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу
керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен
бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу,
сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын,
ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған
әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік,
кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын
патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін
тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады.
. Дастанның бізге жеткен үш
көшірме нұсқасы бар. Біріншісі,
Герат қаласында 1439 жылы көне
ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена
қаласындағы Корольдік
кітапханада сақтаулы), екіншісі,
14-ғасырдың бірінші жартысында
Египетте араб әрпімен (Каирдың
Кедивен кітапханасы қорында)
көшірілген. Ал Наманган
қаласынан табылған үшінші
нұсқасы 12-ғасырларда араб
әрпімен қағазға түсірілген. Бұл
қолжазба Ташкенттегі Шығыстану
институтының қорында сақтаулы
тұр. Ғалымдар осы үш көшірме
нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік
ерекшеліктерді жинақтай отырып,
«Құтты білік» дастанының ғылыми
негізделген толық мәтінін жасап
шықты.
ОЙ ӨСИЕТІ

: "Егер ол мейірімділер күшті, ал
қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр
ойлардан тұнжырамас едік. Егер
әлемде әділдік заң болса,
тағдырымыздың қатыгездігіне наразы
болмас едік"
Ахмет Иүгінеки
Өмірбаяны
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед
ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы,
Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы,
сонда) — ортағасырлық ақын, хакім,
ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек)
қаласында туып өскен. Ахмед
Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн
Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан
өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) —
ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл.
Иүгінеки (қазақша Жүйнек)
қаласында туып өскен.
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым
тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей
бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері
мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты
зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие
болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында
Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам
құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре
бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-
хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер
жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда
“Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы
Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13
ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын
туындысына айналды.
Мұралары
Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға
жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 —
15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде
ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің
қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын
көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен
нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-
София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы
Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген,
506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар,
Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті
Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш
жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14
ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең
көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында
сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің
кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін
мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар.
Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин
Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-
жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде
таралғанын дәлелдей түседі. “
Ахмет гуманизмі
Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни
этикалық қағидалармен қабысып
жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса,
қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды
қанмен қанша жусаң да тазармайды.
Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни,
зұлымдық зұлымдықты тудырады
деген қағиданы хадистерінің қазығы ете
отырып, кешірімді болғанды хош
көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші
дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді.
Бірақдүние мен адамдардың
кемелсіздігіне орай айтылған “Мың
досың болсын мейлі, біреуі де адал
емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір
қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ,
сырың өзіңде сақталып тұрмаса,
досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен
үмітсіздік сарындар да аңғарылып
қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл
сөздері түркі жұртында бүгінге дейін
мақал-мәтел түрінде сақталып,
айтылып келеді.
Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және
ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары

Ахмедтің дүниеге көзқарасының
бұқарашылық сипаты мына
тұжырымдардан жақсы байқалады:
«әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен
деп сеніп қалуға болмайды, олардан
әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені
олардың қолында шексіз күшті билік бар:
кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә
қалжыңының өзі оның басын жұтар
болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан
аулақ бол». Жүйнекидің этикалық-
педагогикалық ой-толғамдары кейде
нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс
пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік
ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың
мінез-құлық нормалары мен
қағидалардың гуманистік көріністері
айқын аңғарылады». Ата-
бабаларымыздың өміртанымы мен
өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада
СОҢЫ

Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұн саяси ойлары
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Алтын Орда дәуір әдебиеті
ХХІ ғасыр Көшбасшысы туралы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858-1931
Жүсіп баласағұн
Мәшһүр - Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама
Жүсіп Баласағұни
Сабақтың әдісі
Пәндер