Ежелгі Үнді өнері


Slide 1

Ежелгі Үндістан

Slide 2

Халқы

Ежелгі үнді әдеби ескерткіштері, сондай-ақ антик заман авторларының жазбалары ежелгі Үндістанның халқының тым тығыз орналасқан жайында хабар берді.

Үндістан тұрғындарының этникалық құрамы ежелгі заманда әр қилы еді. Б. з. д ІІ мың жылдықта Үндістанда халықтардың үнді-европалық топтарының тілдерінде сөйлейтін тайпалар тарай бастады. Осы тілдер негізінде әдеби тіл қалыптасып, ол санскрит деген атқа ие болды. Бұл неғұрлым кейініректегі этникалық топтар бірқатар шетел зерттеушілерінің пікірінше солтүстік-батыстан көшіп келген және өздерін арийлар деп атаған. Бұл этникалық атау кейінірек «асыл текті» деген мағынаға ие болады, өйткені бұл жерлерді басып алушылар бағындырылған жергілікті халыққа биіктен қараған және өздерін артықпыз деп санаған

Үнді жеріндегі діни ағымдар

Брахманизм

Буддизм

Индуизм

Брахма - бар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғары ақикаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтары көбінесе қалған екі құдайға сыйынады, Шива мен Вишнаға. Шива - қатал, қоркынышты Құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива - өнер мен ғылым-ның, салтанатардың күдайы. Шива жын-сайтандарға қарсы, барлық тірі жанды сақтаушы және ойын-сауық, бидің Құдайы. Үшінші Құдай мүшесін Вишну дейді. Вишну - адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зүлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдар арқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, Құдайларға сусын жасауды үйретеді, осының арқасында Құдайлар өлмейтін болады. Вишнаның аваторлық кейпіне айналуы негізінен он дейді. Алғашқы төртеуі жануарлар түрінде болады, бесіншісі аватара қортық дәуге айналады. Алтыншы Парашура әскери ерлік мүсініне айналған. Қалған төртеуі барлық индустарға мәлім Құдайлар «Рама, Кришна, Будда және Калка». Жетінші аватара Рамаяна эпосында Вишна Рамма батырына айналады. Индустар Раманы басқа батырларға қарағанда, үлгі есебінде көрсетеді. Оған адалдық, батырлардың үлгісі, дінге берілгендігі, мейірмандылық қасиеттерді, адамгершілікті қосып көрсетеді. Кришнаның образы мен идеясы соңғы индуизм тарауларына әсер етті.

Slide 3 Slide 4

Үнді мемлекетінің құрылуы

Бз. д VІ ғ. дейін солтүстік Үндістан көптеген патшалықтарға бөлінетін. Бір ғана Ганг бассейінінде 16 ұсақ мемлекеттік құрылымдар болды. Солардың бірі - Магатха. Б. з. д VІ ғасырдан бастап жылдам күшейіп, кеңейе түсті. Оның патшасы Бимбисара - Ганг өзенінің сағасын өзіне қаратады және Бенгал шығанағына дейін жетеді, ал оның мұрагерлері өздерінің иеліктеріне осы «қасиетті» өзеннің бүкіл бассейінін және оған таяу жатқан таулы өлкелерді қосып алады. Батыс Үндістанның бөлшектенуі ұзағырақ сақталдыБұл жерлерді әуелі Ахеменидтер, ал кейінірек Александр Македонскийдің жаулап алды. Магатха бүкіл батыс Үндістанды бағындырып, Үнді өзенінің сағасына дейін келді.

Үнді өзені жағасындағы грек-македон үстемдігі ұзаққа бармады. Халықтың батыстан келген басқыншыларға қарсы кең көлемдегі қозғалысын аса көрнекті Үнді қайраткері Чандрагупта басқарды. Ол патша әулетіне жатпаған, қайта ол қор саналған шудра варнасынан шыққан. Чандрагупта Нанд династиясының соңғы өкілі Магадхи Дхан Нанд патшаның қызметінде жүріп жоғарылайды. Бірақ патшаның қаһарына ұшырап, Пенджапқа қашады, сол жерде Александр Македонскиймен кездеседі.

Магадхаға қайтып келіп, Чандрагупта тақты басып алады. Ол б. з. д 321 жылдан- 298 жылға дейін патшалық құрды және аса қуатты Маурья державасының негізін салды. Оның астанасы Паталипутра қаласы болды. Чандрагуптағы бүкіл солтүстік Үндістанды біріктірудің сәті түсті. Грек-македон гарнизондары Үнді алқабынан қуылды. Александр Македонский мұрагерлер арасында державаны бейбіт жолмен бөлісе алмай, тартыс басталғандығын Чандрагупта пайдаланып, мұрагерлердің бірімен - Селевкпен келісімге келеді. Үнді патшасы оның қызына үйленіп, бұл үшін оған 500 соғыс пілдерін сыйға тартады да, Үнді алқабына жақын жатқан таулы өлкелерді өзіне қаратып, батыс шекараны нығайтып алады.

Басқыншылық саясаты Чандрагуптаның мұрагерлері, әсіресе оның немересі Ашок тұсында жалғаса түсті. Ашок тұсында Үндістанның оңтүстігіндегі Калинга патшалығы бағындырылды. Осы басқыншылық соғыста, егер Ашоктың жазбаларына сенер болсақ, 100 000 адам өлтіріліп, 150 000 адам тұтқынға алынған. Тек оңтүстіктегі ең шеткі аймақтар ғана болмаса, Үндістанның қалған барлық жерлерін дерлік қамтыған аса үлкен Маурья державасында елеулі экономикалық өрлеу болғанын аңғаруға болады. Қолдан суару кең көлемде қолданыла бастады. Кей алқаптарға жылына екі рет тұқым себілді. Қала өмірі дамиды. Буддизмді мемлекеттік дің деп жариялады.

Б. з. д ІІ ғасырдан бастап Үндістанды титықтатқан сырттан басып кірушілік те орталық биліктің әлсіреуіне үлкен ықпал жасады. Алғашқы кезде оның басты жауы Үндістанның батыс жағында қалыптасқан Грек-Бактрий патшалығы еді. Б. з. д І ғасырда солтүстік батыстан кушандар басып кіреді. Б. э. ІІІ ғасырында Үндістан қайтадан бірқатар ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Б. з. IV - V ғасырларында Магадха қайта өрлеп, жаңадан құрылған күшті Гупт патшалығының ұйытқысы болады, бірақ ол да V ғасырдың аяғында қайта құлдырайды да, ел қайтадан біржола бөлшектеніп кетті.

Slide 5

Үнді мәдениеті

Ежелгі үндістан ең үздік әдеби шығармалары:

«Махабхарат және «Рамаяна».


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі үнді мәдениеті
ОРТА ҒАСЫРЛАР ӘЛЕМІ
Үнді мәдениеті
Үнді медицинаның дамуы
Үнді орта ғасыр өнері
Аристотельдің өнер философиясы
Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында
Махабалипурам өнері
Даосизмнің негізін қалаушы
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz